Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігіне
2011 жылдың 1 сәуірге қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтардың саны жөніндегі мәліметтерді жолдаймыз.
Қосымша : 3 бет.
Бастық орынбасарының м.а. З. Мұқанова
Орынд. Жаскіленова
Тел. 43-20-64
Қарағанды облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының
2011 ж. _____сәуірдегі
№____ хатына қосымша
2011 жылғы 1 сәуірге Қарағанды облысында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәліметтерге түсіндірме хат
2011 жылғы 1 сәуірге қоғамдық жұмыстарға 2858 жұмыссыз азамат қатысты. Ауылдық жерлерде 899 адам немесе қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жалпы санынан 31,5%.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға 363711,9 теңге сомасына келісім-шарт жасасты. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбекақы төлеуге 84041,7 мың теңге қаражат есептелген, нақты қаржыландыру – 70885,3 мың теңге. 2011 жылдың қаңтар айында төленбеген сома 199,5 мың теңге.
Облыс жұмыссыздарының атқарған қоғамдық жұмыс түрлері:
-
тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына аумақ жинауға көмек көрсету – 418 адам (немесе қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан (14,6%);
-
құрылыс және жол жөндеу, су құбыры, газ, канализациялық коммуникация салу – 8 (0,3);
-
мелиорация жұмыстарын жүргізу – 5 адам (0,2%);
-
құрылысқа, тұрғын үйлерді қайта салу және күрделі жөндеуге, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени сала нысандарын жөндеуге қатысу – 46 адам (1,6%);
-
аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту) – 580 адам (20,3%);
-
кең ауқымды мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек (спорттық жарыстар, фестивальдар) – 33 адам (1,2%);
-
түрлі кампаниялар мен қоғамдық пікіртерімдер өткізуге көмек, санаққа қатысу – 136 адам (4,8%);
-
малды жемдеу, жас малды өсіру – 0 адам ;
-
қоғамдық жұмыстың басқа түрлері – 1632 адам (57%). Бұл түрлерге: тұрғылықты жердегі балалар және жасөспірімдермен жұмыс, жалғызбасты қарт адамдарды күту, атаулы әлеуметтік көмек құжаттарын ресімдеуге көмектесу, халыққа салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |