құзыретi
1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:
1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
2. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Жер, Су және Орман кодекстерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, қауiптi өндiрiстiк oбъектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгiленедi.
19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған
ортаны қорғау саласындағы құзыретi
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары (бұдан әрi - жергiлiктi өкiлдi органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:
1) тиiстi аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi;
2) өз құзыретi шегiнде қалдықтарды басқару жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
3) қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;
3-1) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды бекітеді;
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
5) өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалану ережелерiн қабылдайды, оны бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделедi;
6) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
6-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті өкілді органдарының коммуналдық
шаруашылық саласындағы құзыретi
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында:
1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады;
2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi;
3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;
7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;
8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
8-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;
9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi;
10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi;
11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;
12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды;
14) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
18) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық
шаруашылық саласындағы құзыретi
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында:
1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI
БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ
21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi
лицензиялау
1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметi осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды берудi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ
22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты
1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.
2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.
23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтерi және оларды
белгiлеу тәртiбi
1. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi;
2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi;
3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi:
топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары;
аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi;
ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi;
табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi;
4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
3. Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.
4. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбiр түрi бойынша белгiленедi.
24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi
1. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.
3. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:
1) қоныстану аумағы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) рекреациялық аймақтар;
4) шөл және шөлейт аудандар;
5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары әзiрлейтiн және жергiлiктi деңгейде - жергiлiктi өкiлдi органдар, республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi тиiстi бағдарламаларда белгiленедi.
5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн белгiлеу:
1) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтерiне кезең-кезеңмен қол жеткiзiлуiн;
2) экологиялық қауiпсiздiктi және халық денсаулығы үшiн қатердi азайтуды;
3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасының және оның өңiрлерiнiң экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ экожүйенi, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк қорын сақтау қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс.
6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
25-бап. Эмиссиялар нормативтерi
1. Эмиссиялар нормативтерiне:
1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi;
2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi;
3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi;
4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң) нормативтерi;
5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.
2. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi.
3. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi
1. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi өнеркәсiптiң нақты процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар енгiзу негiзiнде белгiленедi.
2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi техникалық регламенттерде белгiленедi және кешендi экологиялық рұқсаттардың негiзi болып табылады.
3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң
жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және
тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері
1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей шартпен эмиссиялардың әрбiр стационарлық көзi және тұтастай кәсiпорын үшін есептеулер негiзiнде белгiленетiн эмиссиялардың шамалары болып табылады.
2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезiнде стационарлық және жылжымалы көздер, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шекте белгіленген қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативтік орналастыру мерзімі жобаларда қамтылған нормативтерге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-бап. Эмиссиялар нормативтерiн айқындау тәртiбi
1. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде негізделеді.
2. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не қоршаған орта сапасының нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы айқындалады.
4. Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның іс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректердi Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметi жобаның тапсырыс берушiсi немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша табыс етедi.
6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған газдардағы атмосфералық ауаны ластайтын негiзгi заттардың шектi концентрациясы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен айқындалады.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң өзге де
нормативтерi
1. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi.
2. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi және оларды белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында айқындалады.
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi
растау объектiлерi мен рәсiмi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi растау объектiлерi мен рәсiмi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалады.
31-бап. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
мақсатында сәйкестiктi растауға арналған
стандарттар
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды орындау үйлестiрiлген стандарттармен қамтамасыз етiледi.
Ұйымдардың стандарттары қолдану үшiн ерiктi сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс.
2. Сәйкестiгiн растаудан өтпеген, сәйкестiгiн растаудан мiндеттi түрде өтуге тиiс өнiмдердi, қызметтер көрсетудi, процестердi өткiзуге тыйым салынады.
32-бап. Экологиялық таңбалау
1. Экологиялық таңбалаудың мiндеттерi:
1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауiптi өнiмдердi сатып алудан (пайдаланудан) қорғау;
2) өнiмдердiң барлық түрлерiн өндiру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезiнде қоршаған ортаның ластануын болдырмау;
3) жабдықтардың, технологиялық процестердiң, өндiрiстердiң және өнiмдердiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) экологиялық қауiпсiз технологиялық процестердi, жабдықтарды және өндiрiстердi енгiзу;
5) елге экологиялық қауiптi өнiмдер мен технологиялардың әкелiнуiн болдырмау;
6) отандық өнiмнiң экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.
2. Өндiрiлу кезiнде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсерi неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететiн өнiм экологиялық таңбалау объектiсi болып табылады. Экологиялық таңбалау объектiсi өнiм өндiру процесi мен қолданылатын технологияларды қамтиды.
3. Өндiрушiлер өз өнiмiн сәйкестiгi расталғаннан кейiн экологиялық таза өнiм белгiсiмен ерiктi негiзде таңбалайды. Өнiмдi экологиялық таңбалауды тиiстi саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
4. Экологиялық таза өнiм стандарттарын, экологиялық таза өнiм белгiсiнiң нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгiлейдi.
33-бап. Техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзiрлейдi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және қолдану жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.
34-бап. Халықаралық стандарттарды енгiзу
1. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзуi:
1) халықаралық стандарттар туралы ақпарат тарату;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзген және мұндай енгiзудi растайтын құжаты бар табиғат пайдаланушыларға инспекторлық тексеру жүргiзу жиiлiгiн қысқартуы;
3) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетiктерiн пайдалану арқылы ынталандырылады.
2. Халықаралық стандарттарды енгiзудi ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері
саласындағы стандарттар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.
2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарды басшылыққа алады.
Ескерту. Кодекс 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |