«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы» мм-мен 2015 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есебі мен 2016 жылға арналған міндеттер



Дата23.02.2016
өлшемі133.47 Kb.
#2396
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы» ММ-мен 2015 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есебі мен 2016 жылға арналған міндеттер
Өңіріміздегі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, жақсарту – біздің басты міндетіміз. Осы салада Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау бойынша бірқатар шаралар атқарылып келеді.

Аталған шаралардың уақытылы әрі сапалы орындалуы үшін әр басқан қадамымызға есеп беріп, жіберген кемшіліктерімізді ескеріп, келер жылға келелі жоспар құруымыз қажет.

Осы орайда, Басқармамен өткен жылы орындалған жұмыстар туралы есеп беруге рұқсат етіңіз.
Кең таралған пайдалы қазбалар

1) Ақтөбе облысы аумағында көмірсутегі шикізаты (КСШ) бойынша 40 келісімшарты бойынша 29 компания, пайдалы қатты қазбалар (ПҚҚ) бойынша 36 келісімшарт бойынша 21 компания , кең таралған пайдалы қазбалар (КТПҚ) бойынша 92 келісімшарт бойынша 62 компания жұмыс жасайды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутегі шикізаты және пайдалы қатты қазбалардың жер қойнауын пайдаланушыларымен өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға облыстық бюджетке 1903,5 млн.теңге аударылды, соның ішінде КСШ – 837,6 млн.тенге, ПҚҚ – 1065,9 млн.тенге аударылды, бұл 2252,4 млн.тенге болжамады жоспардың 85% пайызын құрады. Әлеуметтік төлемдер бойынша бережақ 8 компания, олардың ішінде ірі компаниялар: «Аман Мунай» ЖШС - 571,2 млн.тенге (кризике байланысты қаржыландыру тапшылығы).

«КазКупер» ЖШС - 37,4 млн.тенге (сот шешімі бойынша реабилитация сатысында, міндеттемелерді 2017-2018 жылдары орындауды жоспарлаған, кризиске байланысты зауыт жұмыс жасамайды).

КСШ және ПҚҚ жер қойнауын пайдаланушыларына ескертпе хаттар және КТПҚ жер қойнауын пайдаланушылардың мекен жайына келісімшарттық міндеттерді орындамау себептерін жою бойынша 53 хабарлама жіберілді.

КТПҚ жер қойнауын пайдаланушыларға 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында міндеттерді орындамаған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтататындығын хабарлайды.

2015 жылы тұрғын пункттері үшін жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге республикалық бюджеттен 462 535,0 мың.тенге бөлінді. Оның ішінде 39 316,0 мың.тенгеге 6 жобалық-сметалық құжаттар бекітілді, 213 506,0 мың.тенгеге Ақтөбе облысының 41 село үшін іздеу-барлау жұмыстары аяқталды.

Қалған жұмыстар 2016 жылда аяқталады, себебі жалпы сомасы 654 089,0 мың.тенге екі жылдық кезеңнен тұрады.


Жануарлар әлемі

Облыс аумағында жануарлар әлемін, соның ішінде сайғақтар поппуляциясын сақтау, тұрғындар денсаулығын сақтау және құтырма ауруының алдын-алу мақсатында жыл сайын қасқырлар санын қысқарту шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда 591 қасқыр жойылып 6,0 млн.теңге игерілді.Ақтөбе-Хромтау трассасы және Ақтөбе-Алға трассасы бойында тұрғындарды сайғақтарға құнтты қатынас орнату және браконьерліктің алдын-алу қажеттілігі туралы ақпараттандыру мақсатында «Біз әлі сайғақтарды құтқара аламыз» тақырыбында, сенім телефонын көрсете отырып, ақпараттық баннерлері орнатылған, баннерлер жыл сайын жаңартылады.



2015 жылдан бастап ТРжТПР басқармасымен жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру бойынша жаңа міндеттер іске асырылуда. Бекітілген балық шаруашылық су айдындарында балықтарды аулау үшін 39 рұқсат берілді, 1 438 661,32 теңге бюджетке түсті. Жануарлар әлемін пайдалану үшін(үйрек, қаз, доңыз және т.б. ) 2227 рұқсат берілген жергілікті бюджетке түскен қаражат 6 526 497,97 теңгені қарайды.
Табиғат аймақтарын сақтау

2007 жылы облыс әкімдігімен «Облыстың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту және орналастыру сызбасы» әзірленді, оның негізгі мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының нақты түрлерін құру бойынша бағалы аумақтарды резервтеу қажеттілігін негіздеу болып табылады.

Әзірленген сызбаға сәйкес Ақтөбе облысының аумағында жергілікті мәндегі 11 ЕҚТА құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда 3 ЕҚТА құрылды:

1. Қарғалы ауданындағы «Эбита» жалпы аумағы 83 770га;

2. Мұғалжар ауданындағы «Көкжиде-Құмжарған» жалпы аумағы 43 977га;

3. Мұғалжар ауданындағы «Оркаш» жалпы аумағы 33 395га.

«Қобда» және «Мәртөк» қорығының ТЭН әзірленді. Ағымдағы жылы әзірленген ТЭН-га сәйкес Мәртөк және «Қобда» ЕҚТА құру туралы облыс әкмідігі қаулысының жобасы әзірлену сатысында.



Су ресурстары

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өз кұзірет шегінде су-экологиялық жағдайын жақсарту үшін облыстағы су қоймаларындағы және өзендердегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі танда жоба құжаттамасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату туралы облыс әкімдігінің

Қаулысы әзірленді:

-ірі елді мекендер шекарасындағы Илек өзені және оның салаларымен (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк);

Жыл сайын беткі көздерден су ресурстарын пайдалану үшін төлем мөлшерлемесі әзірленеді.

-Су қоймаларын (Ақтөбе, Сазды, Қарғалы және кіші су қоймаларын, Қарғалы өзенін қоса) және негізгі көлдерді (Ақтөбе облысының Жайық-Каспий бассейні);

-Орь, Ойыл, Қобда және оның салалары және кіші су қоймаларын (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталлы).

-Ембі, Сағыз, Темір өзендерін және оның салалары.

Жеке және заңды тұлғаларды өзендердің, көлдердің және су қоймалардың және сол аймақтардағы бірнеше шектеулері туралы су қорғау аймақтары мен белдеулерін шекараларын бар болуын визуалды ақпараттандыру үшін.

Басқармамен жобаларға сәйкес 11417 су қорғау белгілері орнатылды, оның ішінде:

-«Елек өзені Ақтөбе облысының ірі елді мекендер шекарасында» жобасы бойынша 3591 дана.

-«Ембі, Сағыз, Темір өзендерінің және оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері» жобасы бойынша 7826 дана.


Гидротехникалық құрылғылар

Ақтөбе облысыныда 159 гидротехникалық құрылғы бар (бөгеттер, дамбалар, су қоймалары т.б.), оның ішінде:

130 коммуналдық меншікте;

8 республикалық меншікте;

21 жеке меншікте;

2016 жылдан бастап ТРжТПР басқармасы ГТҚ меншік иесі болады.

Коммуналдық меншіктегі 73 объектіге 2011 жылы басқармамен техникалық төлқұжаттар жасалынды. 2016 жылы ГТҚ 56 төлқұжат және 53 жер актісі әзірленеді, аталған шараға 70,0 млн. тг. астам қаражат бөлінді.
Жер асты сулары

Көкжиде құм алқабы жерасты тұщы су кен орнын сақтау мақсатында бұрын құрылған гидрогеологиялық ұңғыма торабы жерасты суларының сапасын бақылау жүргізілуде.

Шара қолдану нәтижесінде құмдарда «тарихи» ластанулар анықталды және жойылып, бұрын жойылған 17 ұңғымадағы құйылыстарды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың іс-әрекеттерін бақылауын күшейту үшін, жерасты суларының ластануын алдын алу және жою үшін шаралар қолданды.

Жерасты суларының ластануы тұрақты төмендегенін қабылданған іс-шараның қорытындысы деп айтуға болады.
Тарихи ластану

Елек өзенінің бормен, алты валенттілік хроммен ластану және де Шалқар көлінің лайлану мәселелерін шешу үшін белгілі шаралар қолдануда. Өткен жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен аталған ластануларды жою бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленген.

2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің желісімен «№ 3 тәжірибелік-өнеркәсіптік аумақты Елек өзеніне қосылу аймағында алты валенттілік хроммен ластануынан жерасты суларын тазалу» жобасын жүзеге асырылды.

«Геотерм өндірістік компаниясы» ЖШС жобасының мердігері қысқа мерзімде № 3 эксперименттік аумақтың ластануын жойды.

Шарт талабына сәйкес жасалған жұмысқа мониторинг жүргізіліп жатқан 24 ай кепілдік мерзім белгіленген. Мониторинг қорытындысы бойынша жобаның алдағы жүзеге асыру бойынша шешім қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2014 жылы 29 қаңтардағы Ақтөбе облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыстық әкімшіліктің бастауымен хаттамалық тапсырысқа Елек өзенінің бормен ластануынан жерасты суларын тазалау және Шалқар ауданындағы Шалқар көлін тазалау жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Өткен мерзімде Басқармамен жұмыс тәртібінде алдында жіберілген ТЭН құжаттамаларына толықтырулар енгізілді.

ҚР ҚОСРМ өз жағынан Шалқар көлін тазалау бойынша және Елек өзенінің бормен ластануынан тазалау жөніндегі жоба бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне алдағы уақытта республикалық бюджеттік комиссиясында қарастыру үшін құжаттамалар енгізді.

Қазіргі уақытта министрліктердің қайта құрылуына байланысты аталған жобаларды қарастыру тоқтатылды.

«Елек өзенінің бормен ластануынан жерасты суларын тазалау» жобасы бойынша, заңнамаға сәйкес, 3 жыл бойы жүзеге асырылмаған жоба пайдалануға жарамсыз.

Сондықтан облыс әкімшілігімен жобалық шешімдерінің экспертиза мақұлдауымен өзгеріссіз техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жүргізу қажет деп шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта, «Елек өзенінің бормен ластануынан жерасты суларын тазалау» ТЭН түзету аяқталды, жоба ведомстволық емес сараптамаларға жолданған, осы күнге дейін сараптама қорытындысы алынған жоқ.


Ауа

Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары облыс әкімімен бекітіліп, Сіздерге орындау үшін 2015 жылдың 4 қарашасында №4-1/4275 шығыс хатымен жолданды.

Аталған іс-шаралар Жоспары келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды;


  • Ақтөбе қаласының канализациялық жүйесі;

  • Қалдық;

  • Стационарлық көздер;

  • Жылжымалы көздер (автокөлік);

  • Көгалдандыру.



Екі айлық

2015 жылдың 19 наурызындағы № 02-3/1372 хатымен Облыс Әкімінің тапсырмасы бойынша облыстың елді мекендерін және қалаларының аумақтарын көгалдандыру және аббаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту және Ақтөбе қаласында, аудандарда сенбілік өткізу мақсатында, облыстың елді мекендерінің аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және аббаттандыру бойынша 1 сәуірден 1 маусымға дейінгі аралықта екі айлық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Сенбілік қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша 9 рет сенбілік және «таза бейсенбілік» өткізілді, оған 132322 адам қатысты, тартылған техниканың саны 1214. Екі айлық кезінде қоқыстан 7121 көшелер мен 243 саябақ және шағын бақтар жөндеуден өткізілді, 1129 ретсіз төгілген үйінділер шығарылды, 39069 тонна қоқыс шығарылып, саны 31011 ағаш көшеттері отырғызылды, 94390,2 шаршы.метр аумағында гүлзарлар мен көгалдар егілді.

Су объектілеріне жақын орналасқан белдеулерінде 371 км аумақта қоқыстан, кеуіп қалған тал қалдықтарынан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар жалпы 439 кіші архитектуралық объектілердің пішіні тиісті түрге келтірілді.

Екі айлық өткізу мерзімі аралығында аймақтарды аббатандыруға және көгалдандыруға 39736,1 мың теңге қаражат жұмсалды.

Екі айлық өткізілу барысы облыстық және аудан деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында толықтай жарияланды. Газеттер мен теледидарға 109 сюжеттер мен мақалалар шығарылды.

Сенбілік өткізу барысында, «Ақтөбе облысының қалаларын және тұрғын пункттерін көгалдандыру ережесі» талаптарына бұзуға жол берген бұзушыларға санитарлық қызметпен және ішкі істер органдарымен барлығы 4045,3 мың теңге көлемінде 345 айыппұл салынып, 937 адамға ескерту берілді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы аумақтық округтерде құрамына қала әкімдігінің қызметкерлері, ішкі істер департаментінің учаскелік инспекторлары және аумақтық округ жетекшілері кіретін мобильді топ құрылған болатын. Мобильді топ екі айлық жүргізу барысында күн сайын жеке нысандар объектілерінде контейнерлерді қондыру, іргелес аумақтарды абаттандыру, қасбеттерді жөндеу, қоқыс шығаруға келісім шарттарды жасау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша рейдтер жүргізілді. Рейдтік тексеру қорытындысы бойынша түскен шағымдарға сәйкес абаттандыру Ережесі талаптарын бұзуға жол берген адамдарға қажетті шаралар қабылданды.
Экологиялық сараптама бөлімі бойынша

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Экологиялық сараптама бөлімімен 2014 жылы 2086 жобалық материалдар түсті. 2094 жобалық материалдар қарастырылды. Соның ішінде келісім берілгендері - 1021, келісім берілмегендері – 268, алдын-ала сараптама өткізу кезіндегі қайтарылған жобалық материалдар– 805.

2015 жыл бойынша 1140 жобалық материалдар түсті. 1121 жобалық материалдар қарастырылды. Соның ішінде келісім берілгендері - 463, келісім берілмегендері –208, алдын-ала сараптама өткізу кезіндегі қайтарылған жобалық материалдар– 450.

2015 жылдың 1 мамыр айынан бастап кешенді ведомстводан тыс сараптаманың «бір терезе» принципі бойынша экологиялық сараптама бөлімімен экологиялық сараптама жүргізілуде.

Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың «бір терезе» принципіне сәйкес 2015 жылдың 8 айы бойынша 596 жобалық материалдар түсті. 550 жобалық материалдар қарастырылды. Соның ішінде келісім берілгендері - 100, келісім берілмегендері –34, алдын-ала сараптама өткізу кезіндегі қайтарылған жобалық материалдар–416.

Қарастырылған материалдар ішінде: кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндір; арнайы су және орман пайдаланудың барлық түрлері; шаруашылық қызметтің жобалары; қоршаған ортаға әсер етуді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен; шектеулі рұқсат етілген шығарындылар нормативтері жобасы, шектеулі рұқсат етілген шығарындылар; қалдықтарды орналастыру нормативтері, қала құрылысы сипатындағы жобалар бар.

Іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ете алатын жобаларға әзірленген қоршаған ортаға әсерді бағалау жобалары және қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары бойынша 164 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 20 бабының 4 тармағына және Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесіне сәйкес қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлама әкімдіктің веб-сайтында жарияланады (tabigat.aktobe.gov.kz)


Экологиялық реттеу бөлімі

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 1297 өтінім түсті, оның ішінде әзірленген рұқсаттардың саны-807, Рұқсат алу үшін қабылданбаған өтінім құжаттардың саны – 481, Қарауда қалған өтінімдердің саны – 9.

Бұрын берілген 51 рұқсат ластаушы заттардың ұлғаюына және табиғатты пайдаланушылардың жаңа рұқсат алуы себепті күштерін жойды.

2015 жылы ішінде практикалық және методикалық көмек көрсету бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді.

Рұқсат құжатын беру сұрақтары бойынша, барлық кезеңде осы бағыттағы методикалық материалдар облыс ауданының әкімдіктеріне Басқармамен бірнеше қайтара жіберілді. Осы жұмыс облыс орталығына ақпарат алу үшін шығуға мәжбүр болған табиғат пайдаланушылардың ыңғайлығы үшін ұсынылды. Осы методикалық ұсынысты қоршаған ортаға эмиссияларға төлем төлеушілерді ақпараттандыратын бұқаралық ақпараттар құралдарымен, стендтер және басқа хабарлау көздерінде жариялауда қолдану үшін Аудан әкімдеріне ұсынылды.

Орман шаруашылығы бойынша

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен есепті мәліметтер мен жедел ақпараттар алу арқылы орман шаруашылығы және өртке қарсы іс-шараларын, бюджеттік қаражаттарды уақытында және мақсатты пайдалану барысына қадағалау және тұрақты мониторинг жүргізіліп отырды.

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қарамағына 7 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі қарайды. Орман қорының жалпы аумағы 206436 га, соның ішінде орман көмкерілгені 45100 га құрады. Орман қорының орманмен көмкерілген ауданы 2014 жылғымен салыстырғанда 423 гектарға артты.

2015 жылы орман шаруашылықтарымен төмендегідей іс-шаралар орындалды:

- мемлекеттік орман қоры жерінен ағаш егу мақсатында 459,1 га жер дайындалды,

- 2296,2 мың дана екпе материалдары қазып алынды;

- 4721,0 га алқаптағы орман ағаштарына күтім жұмыстары жүргізілді;

- 158,6 га алқаптағы орман екпелеріне толықтыру жұмыстары жүргізілді;

- 2131,0 кг орман ағаштарының тұқымдары жиналды;

- 27,9 га болатын тәлімбаққа тұқым егілді;

- 3641,9 мың дана стандартты екпе материалдары өсірілді;

Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры жерінің 813 га аумағына орман ағаштары отырғызылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, отырғызылған орман екпелерінің бірде-бір гектары есептен шығарылған жоқ.

Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының санитарлық қорғаныштық жасыл аймағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асыру бойынша 210,1 га алқаптағы орман алқаптарына толықтырулар және күтім жасау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін Ақтөбе қаласы айналасындағы санитарлық-қорғаныштық жасы аймағында ильмалық жапырақжегіш зиянкестеріне қарсы 950 га алқапқа екі мәрте улау жұмыстары жүргізілді.

Жаз айларында (мамыр - тамыз) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде өндірістік, көгалдандыру және ормандардың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстарына «Жасыл ел» жасақтары қатарынан 540 адам тартылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 23015,1 мың теңге қаржы жұмсалды.

Орман, дала өрттерінің алдын алу мақсатында 30 панно орнатылды, 321 км өрттен қорғайтын минералдық жолақтар салынды, 20674 км болатын минералдық жолақтарға күтім жұмыстары жүргізілді, өртке қарсы маңызды 270 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық өртке қарсы шаралар жоспарға сәйкес толық орындалды. Осы шараларға қарамастан, 2015 жылы 855,2 га алқапты қамтыған 7 өрт оқиғасы тіркелді.

Мемлекеттік орман күзетімен орманды күзету мақсатында 82 рейд жүргізіліп, 18 заң бұзушылық анықталды, олардың 10 жағдайы бойынша хаттама толтырылып 3 ескерту берілді, жалпы соммасы 45,6 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Осыған қоса, жалпы соммасы 182,7 мың теңге құрайтын 15 жағдай бойынша шығын өндірілді, көрсетілген барлық сомалар өндіріп алынды. Орманды заңсыз кесу бойынша 8 жағдай анықталып қылмыстық іс қозғалды және сот шешімдері алынды.

Есепті мерзімде аралық және басты мақсатта кесу жұмыстары жүргізілген жоқ.


2016 жылға арналған міндеттер:


  • Көкжиде құмды алқабының жерасты және жерүсті суларының сапасына мониторинг жүргізуді жалғастыру;

  • Орманмен көмкерілген аумақты 400 га ұлғайту;

  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  • Санитарлық-қорғаныштық жасыл аймақты қайта құру жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру

  • Мемлекеттік орман қоры аумағының 850 га алқабына орман екпелерін отырғызу;

  • Төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз етуге ықпалдау мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға арналған төлемдеріне мониторинг жүргізу.

  • Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс жүргізу

  • Ақтөбе облысының елді мекендеріне жерасты сулары бойынша іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу.

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар

және табиғатты пайдалануды реттеу

басқармасы» ММ басшысы Н. Аққұл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет