3-тапсырма. Екі жай сөйлемді қандай-сондай, қалай-солай, секілді-сияқты есімдіктері мен үстеу сөздер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Smart-қоғам идеясы жаңа салаларда АКТ қолдану арқылы адам өмірінің барлық аспектілерін жақсартуды білдіреді. Бұл саясат Америка Құрама Штаттары үшін және әлемдік интернет көшбасшысы – Корея, Еуропа, Жапония және басқа да көптеген елдер үшін эталонға айналды. Ақылды қоғамның пайда болуы жаһандық трендке айналуда.
Ақылды қоғам – оқыған адамдардың техникалық құралдарды, қызметтерді және Интернетті пайдалану үйлесімі субъектілердің өзара әрекеттесуінде сапалы өзгерістерге әкеледі. Жаңа әсерлерді – әлеуметтік, экономикалық және басқа да игіліктерді алуға мүмкіндік беретін қоғамның жаңа сапасы.
Интернет экономикалардың, қоғамдардың және салалардың шекараларын жояды. Яғни, ойын ережелерін өзгертіп тәуекелге жаңа мүмкіндіктер ашады. Smart - бұл Интернет желісін пайдалану арқылы жүзеге асырылатын, бұрын қосылмаған екі немесе одан да көп элементтердің осы объектіде бірігуін сипаттайтын қасиеті бар. Мысалы, Smart-TV, Smart-Home, Smart-Phone тәрізді ақылды технологиялар жұмыс күшінің ұтқырлығын кеңейтуге, яғни білім беруде, мемлекеттік қызметте және жұмыспен қамтудың көптеген басқа салаларында мүмкіндік береді.
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді қандай-сондай, қалай-солай, секілді-сияқты есімдіктері мен үстеу сөздер арқылы жасалатын жай сөйлемдерге айналдырыңыз.
Үлгі: Смарт-университеттер қазіргі қатардағы университеттер сияқты емес.
Смарт-университеттер қазіргі университеттерден айтарлықтай ерекшеленеді. Біріншіден, смарт-университет студенттері жан-жақты дамыған, мобильді, заманауи өмірге және оның тенденцияларына жылдам бейімделген, біліктілігін арттыруды жүзеге асыра алатын болуы керек. Екіншіден, олар білім беру процесінің жаңа векторларын белгілейді, білім беру стартаптарының санын көбейтуге, технологияларды құру мен коммерцияландыруда педагогикалық ұжым мен студенттердің әлеуетін іске асыру мүмкіндігін береді.
Әрбір смарт-университетте оқытушылар мен студенттердің ең заманауи жабдықтар мен технологияларға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін өзінің зертханасы, ғылыми орталығы және технопаркі болуы керек. Бұл студенттердің қабілеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар белгілі бір салада ерекше дарынды және оны іс жүзінде дәлелдегісі келетіндерге қолайлы жағдай жасайды, жалпыға бірдей қолайлы жаңа өнертабыстар мен жаңалықтардың ашылуына ықпал етеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Сөйлемдегі ойды қуаттау, растау, сендіру үшін қолданылатын тілдік бірліктер:
• әрине
• әлбетте
• рас
• сөз жоқ, сөзсіз
• дауа жоқ
• жасыратыны жоқ
• шынын айту керек
• өзіңізге белгілі, өзіңе мәлім
• шынында, расында
• әділі сол
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |