ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КӘРІБАЕВА САЯГҮЛ ЕЛТАЙҚЫЗЫ
ЖҰМАДІЛОВА МЕЙРАМГҮЛ НҰРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ
ЖҮНІСОВА КАМШАТ ҚУАТҚЫЗЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(В2-1 ортадан жоғары деңгейіне арналған )
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
АСТАНА
2023
ӘОЖ ...................................
КБЖ .......................................
Ж
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кеңесі ұсынған.
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Тымболова А.О. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы
Сапина С.М. Аstana IT University Жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
Әділбек А.М. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Қазақ тілі В2-1деңгейі: оқу құралы/ С.Е.Кәрібаева, М.Н.Жұмаділова, К.Қ.Жүнісова – Астана, 2023. - 131 бет.
Қазақ тілі В2-1 деңгейі: оқу құралы
ISBN ...........................
Бұл еңбек жоғары оқу орындарының орыс тобында оқитын білім алушыларға, өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін жүргізетін оқытушыларға, сондай-ақ қазақ тілін үйренушілерге арналған. Оқу құралындағы жаттығулар мен мәтіндер тілдің сөйлесім, тыңдалым, оқылым және жазылым, пікір айту дағдыларын қалыптастыру міндеттерін ескере жазылған. Оқу құралының мазмұны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақ тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
ISBN ...........................
Алғы сөз
«Қазақ тілі» ( В2-1отадан жоғары деңгейіне арналған) оқу құралы қазақ тілінің орта деңгейін (В1) игерген және білімін әрі қарай дамытқысы келетін ЖОО-ның орыс тобында оқитын білім алушыларына арналады.
«Қазақ тілі» ( В2-1отадан жоғары деңгейіне арналған) оқу құралының мазмұны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақ тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылып, 6 модульден тұратын 15 лексикалық тақырыпты қамтыды.
Оқу-әдістемелік құралдың құрылымы функционалды-коммуникативтік негізге құрылған. Оқыту материалдары «түсінуге жеңіл, қолайлылық», «қарапайымнан күрделіге қарай» ұстанымы бойынша құрастырылған.
«Қазақ тілі» ( В2-1отадан жоғары деңгейіне арналған) оқу құралы өмірдегі әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерден туындайтын, коммуникативті міндеттерді шешуге қажетті функционалдық грамматикалық құрылымдарды меңгертуді көздейді. Әр модуль функционалды грамматика құралының көмегімен коммуникативті міндетті шешуге бағытталған сабақтарды қамтиды. Әр модульден соң білім алушы өз бетінше «Сөздік картасын», рефлексияға берілген кестені толтырып, алған тілдік біліміне талдау жасайды. Сабақтарда берілген функционалдық грамматикалық құрылымдардың қызметін жандандыруға логикалық жағынан бірін-бірі толықтыратын, оларды оқытуға лайықты әдістемелік тұрғыдағы көптеген тапсырмалар құрастырылған. Тапсырмалар тіл ұстарту, сөйлеуге дағдыландыру, сөйлемдерді күрделендіре білу мақсаттарын көздейді. Бұл тапсырмалар сөйлемнің әртүрлі бөліктерін пайдалана отырып, грамматикалық жағынан дұрыс, мағынасы бар, өз алдына қолдануға болатын сөйлеу мәтінін құра білуге жетелейді.
«Қазақ тілі» ( В2-1отадан жоғары деңгейіне арналған) оқу құралы кезең-кезеңмен ілгері жылжу, білім алушыға өз қабілетін жетілдіруге мүмкіндік туғызу, дұрыс, сауатты, мәдениетті сөйлесе білу мүмкіндігін қалыптастыру және оны іске асыра білуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |