«Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Салыстырмалы кесте


-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың)



бет3/4
Дата07.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#183656
1   2   3   4

7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың)
 және жергiлiктi атқарушы органдардың(әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және  ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
саласындағы құзыретi

4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:

2-1) жоқ


7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың)
 және жергiлiктi атқарушы органдардың(әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және  ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
саласындағы құзыретi

4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:



2-1) қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін шаралар қабылдайтын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қызметкерлерді кәсіптік оқытуға шаралар қабылдаған агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін қолдау жөніндегі ұсынысты әзірлеу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар деңгейінде керекті дәрежеде бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруда жұмыспен қамту саласында белсенді шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

11-баптың 1-тармағының

3) тармақшасы



11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
  1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:

3) жоқ


11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
 1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:

3) қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарын сақтауға және дамытуға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, мүмкіндік жасап отырған агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көтермелеу.

Республикамызда аграрлық сектордағы өндіріс көлемінің төмендеуі бұл саладағы жұмысқа қабілетті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға ерекше әсері тигізді. Ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың арасында экономикалық құрылымы дамыған аймақтарға көші-қон процестері күшейіп кетті.

Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және дамытуға көтермелеу, жұмыспен

қамту жағдайының бірі ретінде жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесетін болады.


11-баптың 4-тармағының

3) тармақшасы



11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
  1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:

3) жоқ

11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:
3) агроөнеркәсіптік субъектісімен жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарын сақтауға және дамытуға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, жұмыс орындарын құру.

Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және дамыту бойынша көтермелеу жұмыспен қамту жағдайының бірі ретінде жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесетін болады.

18-баптың 1-тармағы

18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту

1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік peттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.




18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту

1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік peттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға, ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын тұлғаларға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыруға бағытталған.

Республикамызда аграрлық сектордағы өндіріс көлемінің төмендеуі бұл саладағы жұмысқа қабілетті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға ерекше әсері тигізді. Ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың арасында экономикалық құрылымы дамыған аймақтарға көші-қон процестері күшейіп кетті.

Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және дамыту бойынша көтермелеу жұмыспен қамту жағдайының бірі ретінде жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесетін болады.



18-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы

18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту

2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:



8) жоқ

18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту

2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:



8) жаңа технологияларды құруға және кәсіпкерлікті, жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясаты шараларын іске асыруға көмек көрсету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға және дамытуға мүмкіндік жасап отырған агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін қолдау.

Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және дамыту бойынша көтермелеу жұмыспен

қамту жағдайының бірі ретінде жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесетін болады.



Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi N167 Заңы

21-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы

21-бап. Концессия шартының мазмұны    

1. Концессия шарты:

18) жергілікті қамту жөнiндегi мiндеттемелердi;


21-бап. Концессия шартының мазмұны    

1. Концессия шарты:



18) кадрларды жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелері бойынша барлық тартылған қызметкерлердің құрамынан 80 пайыздан кем болмауы тиіс, шарт бойынша жұмыстың бастапқы кезеңінде ғана немесе Қазақстан Републикасында азаматтарынан тиісті біліктілігіне сәйкес жұмыскерлер мен мамандар жоқ болған кезінде шетелдік жұмысшылары мен мамандарды тарту.

Еңбекке тартылған отандық мамандар санының көбеюі бойынша Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметтерді іске асырушы концессионерлерді ынталандыру шараларын қамтамасыз ету мақсатында түзетулер енгізілді

21-баптың 1-тармағының 18-1) тармақшасы

21-бап. Концессия шартының мазмұны  

1. Концессия шарты:



18-1) жоқ

21-бап. Концессия шартының мазмұны  

1. Концессия шарты:



18-1) қазақстандық кадрларды оқыту бойынша міндеттемелер;

Отандық мамандарды оқыту бойынша Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметтерді іске асырушы концессионерлерді ынталандыру шараларын қамтамасыз ету мақсатында түзетулер енгізілді

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III Заңы

3-баптың 5-1) тармақшасы

3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері
   Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

5-1) жоқ

3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері
   Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

5-1) қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, шаралар қабылдап отырған отандық кәсіпкерлерді қолдау.

Қызметкерлерді кәсіптік оқытуға шаралар қолданатын, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтайтын және жаңа жұмыс орындарын құратын отандық кәсіпкерлерді қолдау принципін ендіру, сондай-ақ осындай кәсіпкерлерге преференциялар және белгілі жеңілдіктер беру біздің ойымызша жұмыспен қамтуда белсенді шараларды іске асыруда жәрдемдесетін болады.



13-баптың 9-1) тармақшасы

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті  Қазақстан Республикасының Үкіметі:

9-1) жоқ

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті  Қазақстан Республикасының Үкіметі:

9-1) қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, шара қабылдап отырған отандық әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік қолдаудың шараларын анықтау.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң аясында жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған отандық потенциалды өнім берушілерді мемлекеттік қолдау шаралары, қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар орынды сақтау және жаңа жұмыс орнын құру бойынша тиісті шаралар қабылдаған жұмысберушілер үшін үлкен ынталандыру ретінде қызмет етеді.

26-баптың 5-тармағының 3-ші азат жолында

26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен
 салыстыру (конкурс)

5. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.



26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен
 салыстыру (конкурс)

5. . Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстың баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын қолданыстағы шарттық міндеттемелері кезеңінде қызметкерлер Қазақстан Республикасы азаматтарын көп мөлшерде еңбекке тарту бойынша, оларды кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, міндеттемелер қабылдаған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.



Көп жылдық еңбек тәжірибесіне негізделген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге басымдылық беру, енді конкурстық ұсыныстарды бағалау барысында анықтаушы фактор болып табылмайды.

Ұсынылып отырған нормаға сәйкес отандық тауар өндірушілердің, жұмыс және қызмет берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болғанда шарттық міндеттемелер әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан көп мөлшерде қызметкерлерді тарту бойынша міндеттеме (заңмен бекітілген басқа да шарттардан тыс) алған жеке кәсіпкерліктің отандық субъектісі жеңімпаз болып танылады.




26-1-баптың 5-тармағының 3-ші азат жолы

26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып  алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

5. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық беруші жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жеңiмпаз деп танылады.



26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып  алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

5. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық беруші жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын



шарттық міндеттемелердің қолданыстағы кезеңінде қызметкерлерді Қазақстан Республикасы азаматтарын көп мөлшерде тарту жөніндегі, оларды кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін міндеттемелер қабылдаған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жеңiмпаз деп танылады.

Көп жылдық еңбек тәжірибесіне негізделген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге басымдылық беру, енді конкурстық ұсыныстарды бағалау барысында анықтаушы фактор болып табылмайды.

Ұсынылып отырған нормаға сәйкес отандық тауар өндірушілердің, жұмыс және қызмет берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болғанда шарттық міндеттемелер әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан көп мөлшерде қызметкерлерді тарту бойынша міндеттеме (заңмен бекітілген басқа да шарттардан тыс) алған жеке кәсіпкерліктің отандық субъектісі жеңімпаз болып танылады.




37-баптың 4-1-тармағы

37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

4-1. жоқ


37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

4-1) Мемлекеттік сатып алулар туралы шартта кадрларды жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелері бойынша барлық тартылған қызметкерлердің құрамынан 80 пайыздан кем болмауы тиіс, шарт бойынша жұмыстың бастапқы кезеңінде ғана немесе Қазақстан Републикасы азаматтарынан тиісті біліктілігіне сәйкес жұмыскерлер мен мамандар жоқ болған кезде шетелдік жұмысшылары мен мамандарды тарту жөніндегі міндеттемелер қаралуы тиіс.

Ұсынылып отырған нормаға сәйкес, шарттық міндеттемелердің әрекеттегі кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарынан көп мөлшерде қызметкерлерді тарту бойынша міндеттемесі (заңмен бекітілген басқа да шарттардан тыс) тұрғындарды жұмыспен қамтуды дамытудың тетігі болып қызмет етуі тиіс

Қазақстан Республикасының  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы N291-IYЗаңы

61-баптың 2-тармағының 2-ші азат жолы

61-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған
 келісімшарттардың түрлері

2. Келісімшарт: қол қойылған бонусты төлеудің мөлшері мен талаптары бойынша; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшері мен талаптары бойынша; кадрлардағы жергілікті қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшері бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдік персоналға қатысты, мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгіленген шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелерді қамтуға тиіс.



61-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған
 келісімшарттардың түрлері

2. Келісімшарт: бонусты жазылымды төлеудің мөлшері мен шарттары бойынша; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшері мен талаптары бойынша; тиісті біліктілігіне сәйкес Қазақстан Републикасында азаматтардың кадрларды жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелері бойынша барлық тартылған қызметкерлердің құрамынан 80 пайыздан кем болмауы, шарт бойынша жұмыстың басында ғана немесе жұмыскерлер мен мамандар жоқ болған кезде немесе шетелдік жұмысшылары мен мамандарды тартуы бойынша; келісімшартты орындау немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту кезінде тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталатын шығыстардың мөлшері бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдік қызметерлерге қатысты, мердігерлік жұмыстармен айналысатын қызметкерлерді қоса алғанда, қазақстандық құрам үшін еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгіленген шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелерді қамтуға тиіс



Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандыруды, қызметке тартылған отандық мамандардың санының артуы бойынша, сондай-ақ шетелдік мамандарды жұмысқа тартуды шектеу бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінен білікті мамандар жоқ болған кезде немесе жұмыстың бастапқы кезеңінде ғана тарту мақсатындағы шараларды қамтамасыз етуде түзетулер енгізілді.


Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедіг N 477-IV Заңы

39-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы

39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары

   1. Келуге виза алу үшін бизнес-көшіп келуші:




39-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын

Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шетелдік бизнесмендерді ынталандыру мақсатында, 39-баптың 1-тармағының 3) тармақшасын алып тастауды ұсынамыз, себебі бұл ереже Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметті іске асыруға ниеті бар шетелдік бизнесмендер үшін қосымша әкімшілік кедергілер туындатады, әрі кәсіпкерлік қызметті іске асыруға тікелей қатысы жоқ.



39-баптың 2-тармағы

39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары

2. Бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге визаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері екі жылға дейінгі мерзімге береді.



39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары

2-тармағындағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;



Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік бизнесмендерді кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыру мақсатында

40-баптың

2-1 - тармағы



40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың  кәсіпкерлік

қызметті жүзеге асыру шарттары

2-1. жоқ

40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың  кәсіпкерлік

қызметті жүзеге асыру шарттары

2-1. Кәсіпкерлік қызметтер бизнес-иммигрантпен жүзеге асырылғанда жұмысқа тартылған қызметкерлер - Қазақстан Републикасында азаматтарының саны барлық тартылған қызметкерлердің құрамынан 80 пайыздан кем болмауы тиіс. Шетелдік жұмысшылар мен мамандарды тарту тек алғашқы кезеңде немесе Қазақстан Републикасында азаматтарынан біліктілігіне сәйкес жұмыскерлер мен мамандар жоқ болған кезде жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік бизнесмендерді кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыру мақсатында

40-баптың

5-тармағы



40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан  Республикасының аумағында болу және олардың  кәсіпкерлік

қызметті жүзеге асыру шарттары

5. жоқ

40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан  Республикасының аумағында болу және олардың  кәсіпкерлік

қызметті жүзеге асыру шарттары

5. Осы бапта анықталған міндеттер бизнес- иммигранттармен орындалған жағдайда, тұрғындардың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті органы бизнес- иммигранттарының болу мерзімін үш жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік бизнесмендерді кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыру мақсатында

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы N534-IV Заңы

1-баптың 1) тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет