МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І ТАРАУ. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ерекшеліктері 5
1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні 5
1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері 9
ІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы 12
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары 12
2.2 Қазақстанда жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қалай шешілуде 13
2.3 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту 2020 жол картасы 18
Қорытынды 25
Пайданылған әдебиеттер тізімі 27
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жылдан астам уақыт болды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ еді. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады.
Жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі. Дегенмен, экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады. Жылдан-жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді. Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, келесі жылы төмен болады. Бұған себеп не? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық деңгейі, халқымыздың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, инфляция, жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы, қатаңдығы, тіптен еңбек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек.
Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың нарықтық инфрақұрылымның жетілдіруі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап, өз мамандығы бойынша қызметтерге орнала алмай жүрген азаматтар қаншама. Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар. Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса, бұрын соңды жұмыс істеген уақыты қажет етіледі. Осыдан барып адамдардың ағайын-туыс, жора-жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болды.
Нарық жағдайындағы күрделі мәселелердің бірі жастардың еңбек нарығына тез қалыптаса алмауы. Жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таба алмай отыр.
Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір көлемде болып тұрады. Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай мемлекеттің араласуын талап етеді.
Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барынсында әртүрлі маңызыды қадамдарды басқарады. Негізінен жұмыссыздықты нарықтық экономика шарттары арқылы шешу үшін саяси экономиканы дұрыс жүргізу және де салааралық қалыптасқан бағалық тепе-теңсіздіктерді, бюджеттің кірісін бағалардың күрт өсуі төлеу қабілітінің төмендеуімен қатар жүруін қадағалау қажет. Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы екенін бәрімізде білеміз. Қазіргі заманауи өмірдің талабына сәйкес әр адамзат еңбек арқылы өзінің кіші экономикасын қалыптастыруда. Сондықтан бұл жұмыс арқылы жұмыссыздықтан арылудың, жұмыссыздық деңгейін төмендетудің нарықтық экономикадағы алу шарттарына тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |