Реферат тақырыбы: Артық жаттығу, болдыру, оның себептері Орындаған: Р.Құрметбек Тексерген: Е. Тугельбаев



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі24.24 Kb.
#464630
түріРеферат
  1   2   3
Артық жаттығу




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Артық жаттығу, болдыру, оның себептері

Орындаған: Р.Құрметбек
Тексерген: Е.Тугельбаев

Алматы 2022

Спорттық жаттықтыру - көп жылдық үрдіс. Жоғары спорттык көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы керек. Осы көп жылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.


Алғашқы дайындық кезеңі. Балалар спорт мектептерінің жас ерекшеліктеріне, спорт түріне байланысты бекітілген ережелері бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6 жастан, суда жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан т.с.с. Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен айналысады да, əр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оку-жаттығу топтарына ауыстырылады.
Бастапқы мамандану кезеңі балалардың жасөспірім жас шағына сəйкес келеді. Бүл кезеңнің негізгі міндеті организмді жан-жақты дамыту жəне қимыл-қозгалыс ептілігі мен дағдысын жетілдіру болып табылады. Тереңдете жетілдіру кезеңі. Бүл кезең спортшының есейген кезіне сай келеді.
Спортта ұзақ жасау кезеңі. Бұл кезең дайындалғандық деңгейін төмен түсірмей ұстап түра алған кезге дейін созылады.. Спорттық жаттықтыру кезеңдері Көп жылдық жаттықтыру үрдісі үлкен макроциклдерден түрады. Олар жылдык, жэне жарты жылдық деп аталады. Əрбір жылдық немесе жарты жылдық цикл дайындық, жарыс жэне өтпелі деген үш кезеңнен түрады. Дайындық кезеңі. Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің міндеті организмнің мүмкіншілігін жоғары деңгейге жеткізу. Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді. 1. Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мэселелері шешіледі. 2. Арнайы дайындық бөлімінің міндеті - спортшының өзі айналысқан спорттүріне керекдене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамыту. Жарыс кезеңі. Бұл кезеңде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бүл кезеңнің басты міндеті – алдыңғы кезенде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі күйін үзақ уақытқа сақтау. Өтпелі кезең. Бұл кезеңнің міндеті-жаттықтыру мен жарыстардан алған əсерін жоғалтпау, ағзаны қинамай уақытында босаңсытып, қалпына келтіру. 3. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау Жаттықтыру үрдісінің үзақтығына байланыстжоспарлаудың үлкен кезеңдік (болашақтық) жəне кіші кезеңдік (жедел) деген екі түрі болады. Үлкен кезеңдік жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау айлық (мезоцикл), апталық (микроцикл) жəне жеке жаттыктыру сабақтарына арналып жасалады. Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Микроцикл дегеніміз - бірнеше жаттықтыру сабақтары мен қалпына келу күндерінен қүралған, жаттықтыру процесі түрініңтолық біткен, бірақ қайталанатын апталық циклі. Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрі болып келеді. Ол дайындық, негізгі жəне қорытынды бөлімдерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет