«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық» пәнін оқытудың мақсаты



Дата13.06.2016
өлшемі265.85 Kb.
#131473
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық» пәнін оқытудың мақсаты:

  • студенттерде терең теориялық білімдердің қалыптасуы және құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді орындау тиімділігі үшін қажет әдеттер мен дағдылардың қалыптасуы.

  • қылмыстарды санаттау, қылмыстық құқық нормаларын қолдану және айту әдістерін дамыту.

  • өз ойын жеткізуді үйрену, практикалық сұрақтарды шешуде қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • студенттер қылмыстық құқықтық нормаларына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне және қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық істерден сақтау құралы ретінде құрмет қатынасын тәрбиелеу.


Курстың басты міндеттері болып табылады:

  • студенттердің қылмыстық құқық ғылымының жағдайлары мен санаттарын, қағидалары туралы теориялық білімдерін жүелеу;

  • студенттерді қазіргі қылмыстық заңнамада дұрыс бағыт алуын үйрету;

  • қылмыстық құқықты оқушы тұлғаларға өте жақсы негіз болып табылатын сот – іздеу тәжірибесін үйрету;

  • студенттерді қылмыстық заңнамада дұрыс бағыт алуын үйрету.


Білу:

  • қазіргі заңнаманы және ҚР Жоғарғы сотының нормативті түсіндірулерін;

  • қылмыстық құқық жүйесін және оның ерекшеліктерін;

  • қандайда бір қылмысқа жауаптылық берілетін бап қайда орналасқанын;

  • қылмыс құрамынан тұратын заңи белгілер мен элементтер (объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы), сонымен қатар ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды.


Істей алу:

  • қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану және қылмысты санаттау;

  • қылмыстың аралас құрамын шектеу;

  • іздеу жағдайының ұсыныстарынан сараптау;

  • қылмыстық заңнаманы шешімдерді шығарғанда қолдана білу және өз ойын жеткізу білу.


Қосымша пререквизиттер: Философия, Жалпы тарих, Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, ҚР Әкімшілік құқығы, ҚР Конституциялық құқығы, ҚР Еңбек құқығы, ҚР Құқық қорғау органдары, Қылмыснама, Сот және сот төрелігі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-тақырып. Қылмыстык құкық Ерекше бөлімінің ұғымы, жүйесі және маңызы.

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Құқықтық мемлекет құру және нарықтық экономика жағдайындағы қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің міндеттері. Қылмыстық саясатты жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Елбасының Қазақстан халқына жолдаулары - «Қазақстан-2030», «Қазақстан жылдамдатылған экономикалық, әлеуметтік жэне саяси жаңарту жолдары» 18 ақпан 2005 ж. Қазақстан Республикасының құқық саясат концепциясы, 20 қыркүйек 2002 ж. ҚР Президентінің қаулымен мақұлданған.

"ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңы және "Жемқорлықпен күрес туралы" ҚР Заңы.

Қылмыстық кұкық Ерекше бөлімінін мәні. Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің нормаларын қолданудағы ҚР ІІО-мен адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықгары мен заңды мүдделерін қорғау.

Қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің пәні, міндеті және жүйесі. Оны құрудың және бағытын жетілдірудің қағидалары. ТМД елдерінің қылмыстық заңнамаларының Ерекше бөлімі жүйесіні» спецификасы.

Қылмыстың кейбір түрлеріне қылмыстық заңнайа. ҚР Жоғары Сотының нормативті түсініктемелерінің ҚР ІІО құқық қолдану қызметіндегі қылмыстың күресудегі мәні.
Бақылау сұрақтар?


  1. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі. Оның негізгі кезеңдері.

  2. Нарықтық экономика және құқықтық мемлекет құру жолындағы Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің міндеттері.

  3. Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің мағынасы.

  4. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің пәні, әдісі, жүйесі.

  5. Жекеленген қылмыс түрлеріне қылмыстық заң.

  6. Есептер шығару.

Әдебиет [2,3,4,12,52]

2-тақырып. Адамның жеке басына қарсы кылмыстыр.

ҚР Конституциясы адамның жеке басына қол сұғылмаушылығын, азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін қамтамасыз ету туралы.

Адамның жеке басына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыс үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнаманың құрылуы және дамуы.

Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтірудің ұғымы және түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қаза келтіру. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Денсаулыққа зиян келтірудің ұғымы және түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл қылмыстық ұғымы және түрлері.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің әліміне әкеп соққан әрекеттің адам өлтіруден айырмашылығы. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықгағы зиян келтіру. Бұл қылмыстың түрлері.

Денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіру. Азаптау. Денсаулыққа жеңілдететін мән-жайларда зиян келтіру. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру.

Азаматгардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар. Бұл қылмыстардың ұғымы мен түрлері, олардың адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Қоркыту. Медицина қызметкерінің, кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. Соз ауруларын немесе адамнын иммун тапшылығы вирусын / ВИЧ/ЖҚТБ / жұктыруы, бұл қылмыстардың түрлері. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тілін алуға мәжбүр ету. Заңсыз аборт жасау. Бұл қылмыстық ұғымы мен түрлері. Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру. Жауапкершіліктің келу шарттары.

Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстардың ұғымы мен түрлері, олардың қылмыстық-құқылық мінездемесі. Зорлау. Бұл қылмыстың түрлері. Нәпсіқұмарлык сипатындағы күш колдану. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер. Жас балаларды азғындату. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету.

Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар. Адамды ұрлау. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Бұл қылмыстың түрлері. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру.

Адамның жеке басының ар-ожданы мен кадір-қасиетіне қарсы қылмыстар. Жала жабу және оның түрлері. Қорлау және оның түрлері. Жала жабудың қорлаудан айырмашылығы.
Бақылау сұрақтар?


  1. Жеке адамға қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы

  2. Тұлғаға қарсы қылмыстың, қылмыс құрымының жүйесі

  3. Өмірге қарсы қылмыс. Адам өлтіру түсінігі

  4. Адам өлтірудің жай түрі

  5. Адам өлтірудің түрлері

  6. Адам өлтіру құрамының түрлері

  7. Абайсыздықта адам өлтіру

  8. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу


Бақылау сұрақтар?

  1. Денсаулыққа қарсы қылмыс түсінігі

  2. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру оның мәні

  3. Орташа ауырлықтағы зиян келтіру

  4. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру

  5. Денсаулыққа зиян келтіргенде жеңілдететін жағдайлар

  6. Азаптау. Қорлау

  7. Есеп шешу


Бақылау сұрақтар?

  1. Денсалыққа қарсы қылмыс (ЖҚБТ жұқтыру)

  2. Қауіпті жағдайда қалдыру. Науқасқа көмек көрсетпеу. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау.

  3. Жеке бас бостандығына қарсы қылмыс

  4. Ар-ождан немесе намысына қарсы қылмыс: жала жабу, қорлау

  5. Есеп шешу

Әдебиет [2,3,4,12,47]
3-тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ұғымы. Бұл қылмыстырдың түрлері.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстырдың түрлері. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту. Кәмлетке толмағандарды саудаға салу. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау.

Отбасына қарсы қылмыстар. Баланы ауыстыру. Бала асырап алу кұпиясын жария ету. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған каражатты төлеуден әдейі жалтару.


Бақылау сұрақтар?

  1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға иқарсы қылмыстардың түсінігі мен жүйесі

  2. Отбасы мүддесіне қол-сұғатын қылмыс

  3. Кәмелетке толмағандардың мүддесіне қол-сұғатын қылмыстар

  4. Кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау

  5. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару.

  6. Есеп шешу

Әдебиет [2,3,4,12,32]


4-тақырып. Адамнын және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

Адамның және азаматтың конституциялық және басқа да кұқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу және жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу. Бұл қылмыстардың түрлері. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу. Дәрігерлік құпияны жария ету. Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау.

Азаматтардың саяси құқыктары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу. Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау.

Азаматтардың еңбектік құқыктары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Еңбек туралы заңдарды бұзу. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.

Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау.


Бақылау сұрақтар?

  1. Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың сипаттамасы

  2. Азаматтардың тең құқықтығын бұзу

  3. Жеке өмірге өол сұғылмаушылықты бұзу

  4. Дәрігерлік құпияны жария ету

  5. Еңбек туралы заңдарды бұзу

  6. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу

Әдебиет [2,3,4,12,33]


5-тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Бұл қылмыстардың түрлері.

Бейбітшілікке қарсы қылмыстар. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу тұтандыру немесе жүргізу. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шағыру. Әлеуметтік, ұлттык, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру.

Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Геноцид. Экоцид. Жалдамалылық. Соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін колдану. Бұл қылмыстардың түрлері. Мемлекеттердің халықаралык қызметтесуіне қарсы қылмыстар. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау.


Бақылау сұрақтар?

  1. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың сипаттамасы

  2. Мемлекеттік опасыздық

  3. Қарулы бүлік

  4. Диверсия

  5. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету

  6. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту

Әдебиет [2,3,4,12,45]

6-тақырып. Мемлекеттің конституциялық қүрылыс негіздеріне және кауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Мемлекеттің құрылыс негіздерінің және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.

Конституциялық құрылыс негіздеріне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік опасыздық. Шпимонаж. Мемлекеттік немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау. өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру. Қарулы бүлік. Қазақстан Республикасының конституциялық қурылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтык тұтастығын күшпен бұзуға шақыру.

Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Диверсия. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту. Жұмылдыруға шақырудан жалтару.


Бақылау сұрақтар?

  1. Меншікке қарсы қылмыстың түсінігі, ұрлықтың жалпы сипаттамасы. Ұрлық нысандары

  2. Тонаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

  3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап алу

  4. Қорқытып алушылықтың түсінігі мен мәні

  5. Алдау арқылы мүліктік зақым келтіру

  6. Қасақана немесе абайсыздықта бөтен адамның меншігін құрту және бұзу

  7. Алаяқтықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

  8. Міндеттерді шешу


Бақылау сұрақтар?

  1. Ұрлаудың зорлық түрлері:

- тонау;

- қарақшылық



  1. Ерекше құнды заттарды ұрлау

  2. Ұрлық деп есептелмейтін, меншікке қарсы қылмыс

  3. Қорқытып алушылықтың қылмыстық жауаптылығы

  4. Алдау арқылы бөтен мүлікті бұзу

  5. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті саты алу

Әдебиет [2,3,4,12,35]

7- тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар.

Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Талан-таражға салудың ұғымы және оның түрлері. Талан-таражға салу затының белгілері.

Талан-таражға салудың нысандары. Қылмысты саралаудағы және жазаны тағайындаудағы талан-таражға салу нысаны мен түрлерінің мәні. Ұрлыктың, тонаудың, қаракшылықтың ұғымы мен белгілері. Тонау мен қарақшылықтағы қорқыгу мен жәбір кәрсетудің мінездемесі. Алаяктықтың ұғымы мен белгілері. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету. Ерекше құнды заттарды ұрлау. Материалды зардап, талан-таражға салуды бағалау барысындағы оның өлшемі. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.

Талан-таражға салумен байланыссыз меншікке қарсы қылмыстар. Қорқытып алушылықгың ұғымы мен белгілері. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру. Кәрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену. Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру. Бұл қол сұғушылықтардың саралану белгілері.
Бақылау сұрақтар?


  1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Олардың құрылу жүйесі.

  2. Кәсіпкерлікке қарсы қылмыс

  3. Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету.

  4. Ақша-несие саласындағы қылмыстар

  5. Банктік қызмет түсінігі. Заңсыз банктік қызметті ауырлататын жауаптылық.

  6. Несиені заңсыз алу немесе мақсатынсыз пайдалану

  7. Банктік ақша қаражатын заңсыз пайдалану

  8. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату

  9. Экономикалық контробанда

  10. Есеп шешу

Әдебиет [2,3,4,12,55]

8-тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы қылмыстар. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Заңсыз кәсіпкерлік: ұғымы, жасалу нысаны. Жалған кәсіпкерлік. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру: оның үғымы мен түрлері.

Банктік қызмет саласындағы қылмыстар. Банктік қызметтің ұғымы мен белгілері, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану.

Экономика саласындағы қылмыстар. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату, экономикалық контрабанда, тұтынушыларды алдау, заңсыз сыйақы алудың ұғымы мен белгілері. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.

Салық және кеден заңдылықтары саласындағы кылмыстар. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы. Ұйымдарға төленетін салықты төлеуден жалтару. Бұл қолсұғушылықтардың түрлері. ҚР ІІМ бұл қылмыстармен күресудегі қызметі.


Бақылау сұрақтар?

  1. Жалпы қауіпсіздікке қарсы қылмыс. Қылмыстық-құқықтың сипаттамасы.

  2. Терроризм. Оның түрлері

  3. Адамды кепілге алу. Осы қылмыстың адамды ұрлаудан айырмашылығы. Адамды кепілге алған жағдайдағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы сұрақтары

  4. Бандитизм үшін қылмыстық жауаптылық

  5. Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсу.

  6. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру.

  7. Бұзақылық. Қылмыстық жазаланатын бұзақылық түрлері. Бұзақылықтың жеке адамға қарсы қылмыстан айырмашылығы

  8. Тағылық

  9. Есеп шығару

Әдебиет [2,3,4,12,30]

9-тақырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың ұғымы.

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы кызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түрлері. Өкілеттіктерді теріс пайдалану. Жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы. Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы. Коммерциялық сатып алу. Міндеттеріне адал қарамау.
Бақылау сұрақтар?


  1. Нашақорлық түсінігі. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз тасымалдау үшін қылмыстық жауаптылық:

1) Есірткі заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасымалдау, сақтау;

2) Есірткі заттарды ұрлау немесе қорқытып алу;

3) Есірткі заттарды пайдалану;

4) Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіпу үшін жауаптылық

5) Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін проитондар ұйымдастыру немесе ұстау


  1. Адамгершілікке қарсы қылмыс түсінігі.

1) Жезөкшілікпен айналысуға тарту

2) Жөзекшілікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық

3) Қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату үшін қылмыстық жауапкершілік


  1. Есеп шығару

Әдебиет [2,3,4,12,18]

10-тақырып. Қоғамның кауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Қоғамның қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Терроризм. Терроризм насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру. Террористік топ кұрұ, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу. Адамды кепілге алу. ¥йымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу. Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру. Бандитизм. Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу. Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру. Жаппай тәртіпсіздіктер. Бұл қылмыстардың саралану белгілері. Бұл қылмыстармен күресудегі ҚР ІІО қызметі.

Қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты коғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзумен байланысты қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу. Аталған кылмыстардың саралану белгілері. Бұл әрекеттермен күресудегі ҚРІІО құқық қолдану қызметі.

Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Бұзақылықтың ұғымы мен белгілері. Тағылық. Тағылыктың бұзақылықтан айырмашылығы.


Бақылау сұрақтар?

  1. Арнайы экологиялық қылмыстар. Жалпы көрінісі.

  2. Су қорларын қорғау

  3. Атмосфераны ластау

  4. Су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік

  5. Заңсыз аңшылық

  6. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу

  7. Ормандарды рационалды қолдануға қол cоғушылық қылмыстары

  8. Есеп шешу

Әдебиет [2,3,4,12,39]


11-тақырып. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Есірткі нәрселердің заңсыз айналысымен байланысты қылмыстар. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау. Бұл қылмыстармен күресудегі ҚР ІІО қызметі.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар. Жезөкшелікпен айналысуға тарту. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау: ұғымы, жасау нысандары.


Әдебиет [2,3,4,12,28]

12-тақырып. Экологиялық қылмыстар.

Экологиялық қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Экологиялық талаптарды бұзумен байланысқан қол сұғушылықтар. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Тірі емес табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Суларды ластау, бітеу және сарқудың ұғымы мен белгілері. Атмомсфераны ластау. Теңіз аясын ластау. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы зандардың бұзылуы. Жерді бүлдіру. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.

Тірі табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. Заңсыз аңшылық. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер. Ағаштар мен бұталар заңсыз кесу. Ормандарды жою немесе зақымдай. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.

Бақылау сұрақтар?


  1. Мемлекеттік қызметке қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы және олардың құрамы. Лауазымды адам түсінігі.

  2. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану оның түрлері

  3. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану. Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану қызметтік өкілеттілігін пайдаланудан айырмашылығы.



Бақылау сұрақтар?

  1. Пара алған үшін жауапкершідлік:

1) пара алу. Осы қылмыстың түрлері

2) пара беру. Пара алған үшін қылмыстық жауапкершілік

3) пара алғанға дедал болған үшін жауапкершілік


  1. Қылмыстық әрекетсіздігі үшін жауапкершілік. Осы қылмысты ауырлататын жағдайлар.

  2. Қылмысты-құқықтық әрекетсіздіктің сипаттамасы

  3. Есеп шешу

Әдебиет [2,3,4,12,21]

13-тақырып. Көліктегі қылмыстар.
Көліктегі юллмыстардың ұгымы мен түрлері.

Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың саралану белгілері. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу. Көлік кұралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік кұралын жүргізуге жіберу: ұғымы мен түрлері. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу.

Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу. ¥шудың халықаралық ережелерін бұзу.
Бақылау сұрақтар?


  1. Мемлекеттік билік беделіне және ҚР мемлекеттік территориясына қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстар.

  2. Мемлекеттік билік органдарының қызметіне қатысты қылмыстар:

    1. иммунитеті бар тұлғалардың ар-ожданы мен абыройына қол сұғу;

    2. билік өкілін келемеждеу;

    3. билік өкіліне қатысты зорлық қолдану;

    4. өз бетінше билік етуіне жауапкершілік. Өз бетінше билік етудің аралас қылмыстардан айырмашылығы.

  1. Ресми құжат жүргізуге белгіленген тәртіпке қол сұғу қылмысы.

  2. Әскери қызметтен жалтарғаны үшін жауапкершілік. Бұл қылмыстың санаттық түрі. Берілген құрам үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылудың арнайы сұрақтары.

  3. Есептер шешімі.

Әдебиет 2,3,4,12,44


14-тақырып. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану. Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Пара алудың, пара берудің, парақорлыққа делдал болудың ұғымы мен белгілері. Қызметтік жалғандық жасау. Қызметтегі әрекетсіздік: бұл қылмыстың түрлері. Салақтық. Мемлекеттік кызмет мүдделеріне қарсы қылмыстармен күресудегі ҚРІІО құқыққолдану қызметі.
Бақылау сұрақтар?


  1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар ұғымы және түрлері.

  2. Сот төрелігі органдарындағы лауазымды адамдармен жасалатын, сот төрелігіне қарсы қылмыстар.

  3. Көрінеу кінәсіз адамды қылмытық жауаптылыққа тарту ұғымы мен белгілері.

  4. Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға лау немесе қамауда ұстау. Жауап беруге мәжбүр ету. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару.

  5. Басқа да адамдармен жасалатын сот төрелігіне қарсы қылмыстар.

  6. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын-ала тергеу жүргізуге

  7. Жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.

Әдебиет 2,3,4,12,46

Бақылау сұрақтар?

  1. Әскери қылмыстардың түсінігі мен түрлері.

  2. Арнайы қызмет атқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

  3. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді сақтауға қарсы қылмыстар.

  4. Әскери мүлікті пайдалану тәтібіне қарсы қылмыстар.

  5. Әскери жүргізу құралдарын жүргізу және пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар.

Әдебиет 2,3,4,12,23
15- тақырып. Баскару тәртібіне қарсы қылмыстар.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау. ҚР Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаудың ұғымы мен белгілері. Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлкеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәлеметтерді жария ету. Бұл қолсұғушылықтардың саралану белгілері.

Қужаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру. Өзінше билік ету. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену. ҚР-ның күзетілетін Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.


Бақылау сұрақтар?

1.Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау.

3.ҚР Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаудың ұғымы мен белгілері.

4.Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану.

5.Жауапты мемлкеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәлеметтерді жария ету.

6. Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.
Әдебиет 2,3,4,12,23
16-тақырып. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.

Сот төрелігі органдарындағы лауазымды адамдармен жасалатын, сот төрелігіне қарсы қылмыстар. Кәрінеу күнәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ұғымы мен белгілері. Кәрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау. Жауап беруге мәжбүр ету. Кәрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару.

Басқа да адамдармен жасалатын сот төрелігіне қарсы қылмыстар. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын-ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері және оның түрлері. Сот төрелігін немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу. Кәрінеу жалған сөз жеткізу: жасау нысандары. Қылмысты жасыру және қылмыс туралы хабарламау.

Жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу: ұғымы және түрлері.

Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау.


Бақылау сұрақтар?

1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.

2.Сот төрелігі органдарындағы лауазымды адамдармен жасалатын, сот төрелігіне қарсы қылмыстар.

3.Кәрінеу күнәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ұғымы мен белгілері.

4.Кәрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау.

5.Жауап беруге мәжбүр ету.

6. Кәрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару

7.Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.


Әдебиет 5,3,5,12,23
17-тақырып. Әскери қылмыстар.

Әскери қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Жарғылық ережелері және бағыныштылық қатынастар тәртібіне қарсы қылмыстар. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамадың ұғымы және түрлері. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу. Әскери қызметшіге тіл тигізу.

Арнайы қызмет атқару тәртібіне қарсы қылмыстар. Шекаралық қызмет
атқарудың ережелерін бұзу. Қарауыл /вахта/ қызметін атқарудың жарғылық
ережелерін бұзу. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың
жарғылық ережелерін бұзу. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Бұл
қылмыстардың саралану белгілері.

Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді сактауға қарсы қылмыстар. Әскери сипаттағы кұпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту. Оның саралану белгілері. Бұл қылмыстың мемлекеттік опасыздықтан, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды заңсыз алу немесе жария етуден айырмашылығы.

Әскери мүлікті пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Олардың ұғымы, түрлері және меншікке қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті жоғалту. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.

Әскери жүргізу құралдарын жүргізу және пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу. Кеме жүргізу ережелерін бұзу. Олардың көліктегі қылмыстардан айырмашылығы.


Бақылау сұрақтар?

1.Әскери қылмыстардың ұғымы және түрлері.

2.Олардың әлеуметтік мінездемесі.

3.Жарғылық ережелері және бағыныштылық қатынастар тәртібіне қарсы қылмыстар.

4.Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамадың ұғымы және түрлері. 5.Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету.

6.Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері.



7.Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу. Әскери қызметшіге тіл тигізу.

Әдебиет 6,3,7,11,25

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). Учебник. Издание 2-ое, доп. — Алматы: Компьютерно-издательский центр “VIТА”. 1998. — 220 с.

  2. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Ч. 1-2. Под ред. И.Ш,Борчашвили., С.М.Рахметова. Алматы. 1999 — 2000 г.г.

  3. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для ВУЗов. // под редакцией д.ю.н., профессора И.И. Рогова и к.ю.н., профессора С.М. Рахметова. — Алматы., ТОО «Баспа», 2001.

  4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебное пособие: В 2-х т. / Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М. Оразалиева. - Караганда: Кар.ЮИ МВД РК им. Б.Бейсенова., 2002 г.

  5. Конституция Республики Казахстан 1995г.

  6. Закон РК «О государственной границе Республики Казахстан» от 13 января 1993 г.

  7. Указ Президента РК «О порядке предоставления политического убежища инстранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан» от 15.07.1996 г.

  8. Послание Президента народу Казахстана - “Казахстан - 2030” от 16 октября 1997 г.

  9. Послание Президента страны народу Казахстана «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации» от 18 февраля 2005г.

  10. Уголовный кодекс Республики Казахстан 1997 г. (с изменениями и дополнениями от 9.07.1998г., 10.07.1998г., 16.07.1999г., 23.07.1999г., 5.05.2000г., 16.03.2001 г., 19.02.2002г., 22.02.2002г., 31.05.2002, 9.08.2002г., 21.12.2002г.).

  11. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. - Алматы, Баспа., 1999.—808с.

  12. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан /Отв. редакторы: Чл.-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш., к.ю.н., доцент Рахимжанова Г.К. - Караганда, РГК ПО “Полиграфия”, 1999.

  13. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс РК/ Отв. редактор: чл.-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш.- Караганда., 2000.

  14. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс
    Республики Казахстан и Уголовно-исполнительный кодекс Республики
    Казахстан. / Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М. Оразалиева — Караганда: Кар.
    ЮИ МВД РК им. Б. Бейсенова, 2003.

  15. Сборник Постановлений Верховного суда Республики Казахстан (1992 - 2004). - Алматы, 2005.

  16. Концепция правовой политики республики Казахстан, одобрена Указом Президента РК 20 сентября 2002 г.

  17. Правила судебно-медицинской опенки тяжести вреда здоровью. Приказ № 240 от 4 мая 1998 г. //Бюллетень следственного департамента МВД РК. Астана. 1998 г.

  18. Абдиров Н.М., Ахметов Б.И., Смагулов А.А. Преступления против здоровья населения и нравственности// Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

  19. Агыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. Окулык. — Алматы: Жетi-жаргы, 1998. — 288 6.

  20. Агыбаев А.Н., Баймурзин Г.Ы. Программа по уголовному праву. Алматы, 1998.

  21. Агыбаев А.Н. Уголовная ответственность за должностные злоупотребления в РК.- Алматы., 1995; Ответственность должностных лиц за служебные преступления.- Алматы., 1999.

  22. Ахметов Б.И. Преступления против службы в коммерческих и иных организациях. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

  23. Ашитов З.О. Воинские преступления. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

  24. Борчашвили И.Ш.., Рахимжанова Г.К. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть” (учебно-методическое пособие). – Караганда., 1998 г.

  25. Борчашвили И.Ш. Преступления против собственности. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

  26. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики
    Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж.Флетчера и А.В.
    Наумова «Основные концепции современного уголовного права). —
    Алматы: «Жетi-жаргы»., 2001. — 256 с.

  27. Джекебаев У.С., Судаков Р.Н. и др. Криминологические и уголовно-правовые проблемы наказания.- Алматы., 2003.

  28. Карбеков К.С., Рахметов С.М. Транспортные преступления. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

  29. Котова Н.К. Психолого-криминологические аспекты насильственной преступности.// Гос. И право.- № 9., 1998.

  30. Макуха А.Д. Преступления против общественной безопасности и общественного порядка. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

  31. Мами К.А., Жукенов А.Г. Вопросы применения Уголовного и Уголовно-процессуального кодексов Республики Казахстан и судебная практика.- Алматы., 1998.

  32. Молдабаев С.С. Преступления против семьи и несовершеннолетних. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.

Мухамеджанов Э.Б., Рахметов С.М. Преступления против конституционных и иных прав и свобод гражданина и человека. // Уголовное право Республики Казахстан./ Особенная часть.- Алматы., 2003.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет