«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының» пәнін оқытудың мақсаты



Дата03.07.2016
өлшемі76 Kb.
#173713
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының» пәнін оқытудың мақсаты:

  • студенттерде терең теориялық білімдердің қалыптасуы және құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді орындау тиімділігі үшін қажет әдеттер мен дағдылардың қалыптасуы.

  • қылмыстарды санаттау, қылмыстық құқық нормаларын қолдану және айту әдістерін дамыту.

  • өз ойын жеткізуді үйрену, практикалық сұрақтарды шешуде қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • студенттер қылмыстық құқықтық нормаларына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне және қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық істерден сақтау құралы ретінде құрмет қатынасын тәрбиелеу.


Курстың басты міндеттері болып табылады:

  • студенттердің қылмыстық құқық ғылымының жағдайлары мен санаттарын, қағидалары туралы теориялық білімдерін жүелеу;

  • студенттерді қазіргі қылмыстық заңнамада дұрыс бағыт алуын үйрету;

  • қылмыстық құқықты оқушы тұлғаларға өте жақсы негіз болып табылатын сот – іздеу тәжірибесін үйрету;

  • студенттерді қылмыстық заңнамада дұрыс бағыт алуын үйрету.


Білу:

  • қазіргі заңнаманы және ҚР Жоғарғы сотының нормативті түсіндірулерін;

  • қылмыстық құқық жүйесін және оның ерекшеліктерін;

  • қандайда бір қылмысқа жауаптылық берілетін бап қайда орналасқанын;

  • қылмыс құрамынан тұратын заңи белгілер мен элементтер (объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы), сонымен қатар ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды.


Істей алу:

  • қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану және қылмысты санаттау;

  • қылмыстың аралас құрамын шектеу;

  • іздеу жағдайының ұсыныстарынан сараптау;

  • қылмыстық заңнаманы шешімдерді шығарғанда қолдана білу және өз ойын жеткізу білу.


Қосымша пререквизиттер: Философия, Жалпы тарих, Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, ҚР Әкімшілік құқығы, ҚР Конституциялық құқығы, ҚР Еңбек құқығы, ҚР Құқық қорғау органдары, Қылмыснама, Сот және сот төрелігі.
Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар
1-тақырып Қылмыстық құқықтың ұғымы, міндеттері мен жүйесі
Қылмыстық құқық қылмыстық істі және жазаны орнататын заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқық мәдениет пен өркениеттің жемісі және жеке құқық саласы. Қылмыстық құқықтың тарихи талабы әлемдік өркениеттің дамуы мен қылмыстық құқықтың өркендеуі. Қылмыстық құқықтың пәні мен әдісі. Қылмсытық – құқықтық реттеу пәні мен әдісінің ерекшелігі және олардың басқа құқық салаларының пәні мен әдістерінен айырмашылығы.

Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы. Қылмыстық құқық институттарының және нормаларының қорғау, алдын – алу және тәрбиелік ролі. Қылмыстық заң нормаларының тиімділік мәселесі. Қылмыстық заңның міндеттері мен конституциялық заңдары. Жалпы адамзаттық құндылықтар және олардың қылмыстық құқықтың міндеттерін анықтаудағы ролі. Адам құқықтарын, бостандықтары мен мүддерлерін қорғау қылмыстық заңның басты міндеті. Қылмыстық құқық міндеттерінің құрылуынағы ізгілік және басқа да саяси бастаулардың маңызы.

Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық құқықтары құқық жүйесінің өздігінен құрылған комплексі. Қылмыстық құқық пен басқа аралас (конституциялық, әкімшілік, азаматтық және басқалар) құқық салаларының байланысы. Қылмыстық саясат мемлекеттік саясаттың бір бағыты. Тарихи талап және қылмыстық саясаттың өзгерушілігі. Қылмыстық саясат пен қалмыстық заң. Қылмыстық саясатты адам құқықтары мен бостандықтары туралы декларация және Конституциялық заңнамаларға сәйкес жүзеге асыру.
Әдебиет [1,2,3,4,10,12,19,20,36]
2-тақырып Қылмыстық құқықтың қағидалары
Қылмыстық құқық принциптерінің ұғымы. Қылмыстық – құқықтық қағидалардың жүйесі және олардың жалпы құқық қағидаларымен байланысы. Өркениет пен мәдениет дамуы қылмыстық құқық қағидаларының даму формасы. Қылмыстық құқық қағидалары түрлі заңның даму сатыларында.

Қазіргі заңнамадағы қылмыстық іс жүргізу құқығы, олардың түрлері мен жалпы сипаттамасы. Қылмыстық заңнама нормаларындағы қылмыстық – құқықтық қағидаларды жүзеге асыру, сонымен қатар құқық қорғау органдары мен соттардың іс - әрекеті. Қылмыстық заң алдындағы азаматтардың теңдігі қағидасы. Жасалған қылмыс үшін жеке жауапкершілік қағидасы. Жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке кінә қағидасы және жазаны тек соттың заңға сәйкес шешімімен ғана тағайындау. Бір жазаға екі рет жауап бермеу қылмыстық құқық қағидасы ретінде. Қылмыстық құқық міндеттерін жүзеге асыру және құқықтық қағидалардың ролі.


Әдебиет [1,2,26,19,20]
3-тақырып Қылмыстық заң
Қылмыстық заң түсінігі мен маңызы және оның мазмұны. Мемлекет пен қоғам, жеке адамның мүдделерін қорғау қылмыстық заңды өзгерту немесе құру негізі ретінде. Қылмыстық заңның қызметі. Қылмыстық заңның басқа нормативті құқықтық актілерден ерекшелігі.

Қылмыстық заңның халықаралық – құқықтық құжаттармен сәйкес клу міндеттігі. Республиканың қазіргі таңдағы қылмыстық заңы. Қылмыстық заңның құрылымы. Қылмыстық –қ ұқықтық нормаларының ерекшеліктері мен ұғымы. Қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдері. Диспозийия мен санкция түсінігі. Кеңістіктегі қызмыстық заңның күші. Қылмыстық заңның территориялық қағидасы. Кеңістіктегі қылмыстық заңда қылмыс жасалған орынды анықтау. Қылмыстық заңның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтармен жасалған қылмыс үшін қызметі. Экстрадиция интитуты және оның маңызы.

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңның күшіне енуі, жариялау тәртібі және күшінің жойылуы. Қылмыстық заңның кері күші.
Әдебиет [1,2,10,11,12,14,31,48,54]
4-тақырып Қылмыс пен құқық бұзушылық ұғымы. Қылмыс құрамы
Қылмыс ұғымы және белгілері. Қазіргі кездегі қылмыстық заңның қылмыс ұғымын анықтау. Адамның құқықтар мен бостандықтарына, қоғамдық және мемлекеттік мүдделеріне аса қауіпті зиян. Қылмыс деп танылатын істердің тарихи өзгергіштігі.

Қоғамдық қауіпті істердің криминализация және декриминализация мәселелері. Қылмыс құрамы: қоғамдық қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік және қылмыстық жауаптылық. Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы. Қылмыс санаттары. Қылмыстық заңда белгіленген әрбір қылмыс санаттарының маңызы.

Қылмыс ұғымы әлеуметтік құбылыс ретінде. Қылмыс және құқық бұзушылық. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі.

Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылыққа негіз ретінде. Қылмыс және қылмыс құрамы. Қылмыс құрамының құрылымы және элементтері. Қылмыс құрамының түрлері. Қылмыс құрамын анықтау маңыздылығы. Қылмыс құрамы және дәлеудеуді қажет ететін жағдайлар.


Әдебиет [1,20,26,37,38,40,49]
5-тақырып Қылмыстың объектісі. Қылмыстың объективтік жағы
Қылмыстық объектісінің түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы. Қылмыстық – құқықтық қорғау объектілері туралы қылмыстық заң. Қылмыс объектілерінің түрлері. Қылмыстың жалпы объектісі. Қылмыстың арнайы объектісі. Қылмыс обектісі және қылмыс жәбірленушісі.

Көп объектілі қылмыстар. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер. Қылмыс пәні және оның маңызы. Қылмыс пәні мен қылмыс объектісінің арақатынасы.

Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы. Қылмыстың объективтік жағының белгілері. Объективті жағының мазмұны.Объективті жағын сипаттайтын қылмыс құрамының белгілері.

Қоғамқа қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздік түсінігі. Қылмыстық құқылық әрекетсіздік ұғымы және белгілері. Қылмыстық әрекетсіздікке жауапкершілік. Қылмыстық зардаптың түсінігі және олардың түрлері. Материалды және формалды қылмыс құрамы.

Себепті байланыс және оның қылмыстық құқылық маңызы. Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зарбап арасындағы себепті байланыс. Қылмыстық жауапкершіліктегі себепті байланыс ұғымы.

Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері.


Әдебиет [1,10,42,53,58]
6-тақырып Қылмыс субъектісі. Қылмыстың субъективтік жағы
Қылмыс субъектісінің түсінігі және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер. Қылмыстық құқықтағы кінә мәселесі. Кінә ұғымы мен формасы. Қылмыс пен жаза белгілеудегі оның маңызы.

Қасақаналық ұғымы. Қасақаналықтың еріктік және интеллектуалдық сәттері. Тікелей және жанама қасақаналық. Қылмыстық құқық теориясында ерекшеленетін қасақаналықтың басқа түрлері. Менмендік және оның еріктік және интеллектуалдық сәттері. Менмендікті тікелей қасақаналықтан айыру. Абайсыздық,оның менмендіктен ажырату және абайсыздық категориялары. Кінәсіз зиян келтіру және оның абайсыздықтан айырмашылығы. Қылмыс мақсаты мен ниеті және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағындағы эмоционалды сәттердің маңызы.

Қате ұғымы. Қылмыс субъектісі: ұғымы, міндетті және факультативті белгілері. Қылмыс субъектісі және қылмыскер. Қылмыскердің қылмыстық құқықтық маңызы. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік. Есі дұрыс еместіктің заңи анықтауы: оның биологиялық, медициналық, психологиялық және заңи критерилері. Шектеулі есі дұрыс еместік мәселесі: психологиялық ауытқулар бар тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік.

Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгілері. Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік. Қылмыстың арнаулы субъектісі. Қылмыстың арнаулы субъектісінің ұғымы мен түрлері. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері.


Әдебиет [1,10,42,53,58]
7-тақырып Қылмыс істеу сатылары
Қылмыс істеу сатылары туралы ұғым. Қылмыс істеу сатыларының түрлері: дайындалу,оқталу, аяқталған қылмыс. Қылмыс істеу сатыларының жауаптылыққа тартудағы маңызы. Аяқталған қылмыс. Бөлек қылмыс түрлерінің аяқталу сәттері. Ақталмаған қылмыс.

Қылмыс істеуге дайындалу ұғымы мен белгілері. Дайындалуды қасақаналықтан айыру. Қылмыс істеуге дайындалу формалары. Қылмыс істеуге дайындалудың қоғамдық қауіптілігі және оны анықтау. Қылмыс істеуге оқталу ұғымы. Оқталудың объективті және субъективті белгілері. Оқталудың дайындалудан айырмашылығы. Дайындалу мен оқталуға қылмыстық жауапкершілік.

Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту. Өз еркімен бас тарту ұғымы. Өз еркімен бас тартудағы қылмыстық жапкершілік.
Әдебиет [1,10,42,49,50,53,58]
8-тақырып Қылмысқа қатысу
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі. Қазақстан Республиасының қылмыстық заңында қылмысқа қатысу интитутының дамуы.

Қылмысқа қатысудың объективтік және субъективтік жағы. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі және шегі. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары. Қатысушылардың түрлері.

Қылмыстық құқық бойнша бірге қатысушылар нысаны: бір топ тұлғалармен жасалған қылмыс, алдын ала сөз байласу нәтижесінде жасалған қылмыс, қылмыстық ұйыммен. Қылмысқа қатысудағы қылмыстық жаупкершілік. Жаупкершіліктің ауырлататын және жеңілдететін жәйттары. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері.

Қылмысқа бірге қатысушының эксцессі. Қылмысқа қатысудан өз еркімен бас тарту. Орындалмай қалған ұйымдық әрекет.


Әдебиет [1,10,11,12,42,49,53,58]
9 Тақырып Қылмыстардың көптігі
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі. Қылмыстардың көптігінің әлеуметтік және заңи сипаттамасы. Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырату. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы.

Қылмыстардың көптігінің түрлері. Қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстардың жиынтығын бәсекелестіктен айыру. Қылмыстың рецидиві. Рецидив ұғымы және түрлері.

Қылмыстың қайталануының құқықтық нәтижесі, тәртібі және талабы.

Әдебиет [1,10,11,12,42,49,53,58]
10-тақырып Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлар
Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлардың түсінігі және түрлері. Осы мән жайлардың қылмыстық жауаптылықтан жоятын жайлардан айырмашылығы.

Қажетті қорғану. Қажетті қорғану азаматтың конституциялық құқығы ретінде. Қажетті қорғану қылмыспен қарсы күресудегі мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жалған қорғану. Қажетті қорғануды шақыру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік. Аса мәжбүрлі қажеттілік. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы.

Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру. Орынды тәуекел. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкімді орындау.
Әдебиет [1,10,11,12,42,49,53,58]
11-тақырып Жазаның түсінігі және мақсаттары
Жазаның түсінігі. Жазаның басқа қылмыстық құқықтық шаралардан және мемлекеттік мәжбүрлеуден айырмашылығы. Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттікті орындау. Сотталғандарды түзету. Жаңа қылмыстарды жасадың алдын алу. Жалпы және арнаулы ескерту.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қылмыстық кодексіндегі жаза жүйесі. ҚР ҚК жаза түрлері. Негізгі және қосымша жаза. Жаза негізгі және қосымша жаза түрі ретінде. Қылмыспен күресудегі арнайы жаза түрлерінің маңызы мен ролі.

Айыппұл қылмыстық жаза шарасы ретінде. Оны алу тәртібі. Айыппұл мөлшері. Айыппұлды басқа жаза түрлерімен алмастыру. Айыппұл төлеуден бас тартудың нәтижелері.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы жазалардың негізгі тәртібі. Жазадан жалтару жауапкершілігі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту. Оның түсінігі мен мерзімі. Қоғамдық жұмыстарға тартылынбайтын тұлғалар. Түзеу жұмыстары. Осы жаза түрінің ұғымы, мерзімі мен маңызы. Түзеу жұмыстарынан жалтару.

Қамау. Қамда ұсталыну мерзімі. Қамауға алынбайтын тұлғалар. Бас бостандығын шектеу. Бас бостандығынан айыру мерзімі. Бас бостандығынан айыру. Әскери қызмет бойынша шектеу. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау.

Өлім жазасы. Өлім жазасын қолданудағы шектеулер. Өлім жазасын өзгертетін өмір бойы бас бостандығынан айыру мәселесі. Мүлікті тәркілеу және оның түрлері. Мүлікті тәркілеуде қолданылатын тәртіптер. Тәркілеуге жатпайтын мүлік. Мүлікті тәркілеудің қылмыстық жаза арнайы тәркілеуден айырмашылығы.
Әдебиет [1,10,11,40,42,43,48]
12-тақырып Жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы бастамалары. Жаза тағайындаудағы қылмыстық заңнаманың Жалпы бөлімінің жағдайының маңызы. Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің баптарының жазада тағайындау санкциясын есепке алу; жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын; тұлғаның кінәлілігін; оның ішінде қылмыс жасалғанға дейін және кейін оның тәртібі; жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар; тағайындалған жазаның сотталғанға және оның отбасысының өмір сүру жағдайына әсері.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар және олардың түрлері. Берілген жазаға қаралған жазадан кемірек тағайындау. Қылмыстың жиынтығы кезінде жаза тағайындау.

Аяқталынбаған және қылмысқа қатысқаны үшін жаза тағайындау. Мерзім тағайындау.

Шартты түрде соттау. Шартты түрде соттау үшін тәртіп пен негіз. Сынақ мерзімі және оның ұзақтығы мен маңызы. Шартты түрде соттаудан босату және сынақ мерзімін ұзарту.


Әдебиет [11,20,21,40,41,42,46]
13-тақырып Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық институтында бұл институттың мағынасы. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың пайдасы.

Қылмыстық жауаптылықтан босату және қылмыстық заң міндеттерін орындау. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудан кейінгі қылмыстық-құқықтық салдары.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімі. Ескіру мерзімін тоқтату және үзіліс. Ескіру мерзімін қолданбау.
Әдебиет [11,9,15,14,13,14,18]
14-тақырып Жазалаудан босату. Сотталғандықтан арылу және жою
Жазадан босату түсінігі мен мәні. Олардың түрлері, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде блсатудың қолдану реті.

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Осы институттың жаза өтеп отырғандардың түзелуіне, жаңа қылмыстардың пайда болмауын ескере отыратын мағынасы. Өтелмеген жазаны жазаның жеңіл түріне ауыстыру мен жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан айырмашылығы. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өзтеуін кейінгіге қалдыру. Кейінге қалдыру мерзімі. Аталған тұлғалардың жазасын өтеуін кейінгіге қалдыру реті.

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Төтенше мән-жайлардың салдарынан босату және жазаны өтеуді кейінгіге қалдыру. Айыптау үкімін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату. Айыптау үкімінің ескіруі. Ескіру мерзімі және шарттары. Ескіру мерзімінің үзілісі. Заң бойынша ескіру мерзімін қолданбау. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық-құқықтық рақымшылық немесе кешірім жасау регламенті. Олардың басқа қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудан айырмашылығы.

Соттылықтан айырылу және оны жою. Осы институттың қылмыстық құқықтағы мәні. Соттылықты өтеу мерзімі. Соттылықты жою тәртібі. Сотталған адам соттылықты жою мерзіміне дейін тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімінің реті.



Әдебиет [11,9,10,14,12,13,8]
Тақырып 15 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері. Кәмелетке толмағапндардың қылмыс жасауының әлеуметтік сипаттамасы. Жауаптылықтың негізі мен жағдайлары.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалаудың ерекшелігі. Он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуы. Оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану. Көрсетілген шаралардың қолдану реті, негізі, табиғи құқығы.



Әдебиет [1,10,11,40,42,43,48]

Әдебиеттер тізімі

  1. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Жалпы бөлім). Учебник. Издание 2-ое, доп. — Алматы: Компьютерно-издательский центр “VIТА”. 1998. — 220 с.

  2. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Ч. 1-2. Под ред. И.Ш,Борчашвили., С.М.Рахметова. Алматы. 1999 — 2000 г.г.

  3. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для ВУЗов. // под редакцией д.ю.н., профессора И.И. Рогова и к.ю.н., профессора С.М. Рахметова. — Алматы., ТОО «Баспа», 2001.

  4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебное пособие: В 2-х т. / Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М. Оразалиева. - Караганда: Кар.ЮИ МВД РК им. Б.Бейсенова., 2002 г.

  5. Конституция Республики Казахстан 1995г.

  6. Закон РК «О государственной границе Республики Казахстан» от 13 января 1993 г.

  7. Указ Президента РК «О порядке предоставления политического убежища инстранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан» от 15.07.1996 г.

  8. Послание Президента народу Казахстана - “Казахстан - 2030” от 16 октября 1997 г.

  9. Послание Президента страны народу Казахстана «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации» от 18 февраля 2005г.

  10. Уголовный кодекс Республики Казахстан 1997 г. (с изменениями и дополнениями от 9.07.1998г., 10.07.1998г., 16.07.1999г., 23.07.1999г., 5.05.2000г., 16.03.2001 г., 19.02.2002г., 22.02.2002г., 31.05.2002, 9.08.2002г., 21.12.2002г.).

  11. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. - Алматы, Баспа., 1999.—808с.

  12. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан /Отв. редакторы: Чл.-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш., к.ю.н., доцент Рахимжанова Г.К. - Караганда, РГК ПО “Полиграфия”, 1999.

  13. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс РК/ Отв. редактор: чл.-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш.- Караганда., 2000.

  14. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс
    Республики Казахстан и Уголовно-исполнительный кодекс Республики
    Казахстан. / Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М. Оразалиева — Караганда: Кар.
    ЮИ МВД РК им. Б. Бейсенова, 2003.

  15. Сборник Постановлений Верховного суда Республики Казахстан (1992 - 2004). - Алматы, 2005.

  16. Концепция правовой политики республики Казахстан, одобрена Указом Президента РК 20 сентября 2002 г.

  17. Правила судебно-медицинской опенки тяжести вреда здоровью. Приказ № 240 от 4 мая 1998 г. //Бюллетень следственного департамента МВД РК. Астана. 1998 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет