111-бап. Прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға берген санкциясына
сотқа шағымдану
1. Прокурор санкцияландырған сезiктiнi, айыпталушыны сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға шағымдану осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген қосымшалармен бiрге осы Кодекстiң 109-бабында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
2. Сот отырысы барысында судья тараптардың дәлелдерiн тыңдап, қылмыстық iзге түсу органдарынан талап етiлген қылмыстық iстiң материалдарын, ал қажет болған жағдайда - дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын қарай келiп мынадай:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) сезiктiнi, айыпталушыны медициналық ұйымға орналастыру немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өзгерту және сезiктiнi, айыпталушыны медициналық ұйымнан босату туралы шешiмнiң күшiн жою туралы дәлелдi шешiмдердiң бiреуiн шығарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 112-бап өзгертілді
112-бап. Соттың үкiмiне, қаулысына шағым жасау,
наразылық бiлдiру
Бiрiншi сатыдағы соттардың үкiмiне, қаулысына шағым жасау, наразылық бiлдiру осы Кодекстiң 46-тарауының ережелерiне сәйкес берiледi. Заңды күшiне енген соттың шешiмiн қайта қарау туралы шағым жасау, наразылық бiлдiру, өтiнiштер осы Кодекстiң 50-тарауының ережелерiне сәйкес берiледi.
14-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдар
туралы қорытынды ережелер
113-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы
1. Қылмыстық процестiң қатысушысы болып табылмайтын адамдардың оған осы Кодексте көзделген негiздер болған кезде, олардың жәбiрленушi, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi деп тануды талап етуге құқығы бар. Аталған адамдардың арыздарын (өтiнiштерiн) олар алынған кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей қылмыстық процестi жүргiзушi орган қарауы тиiс. Қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушi дереу хабарландырылады, оған тиiстi қаулының көшiрмесi жiберiледi.
2. Өтiнiш берушi тиiстi қаулының көшiрмесiн алғаннан кейiнгi бес тәулiктiң iшiнде өзiнiң өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартылғанына немесе оны шешудi кейiнге қалдырылғанына прокурорға, сотқа шағымдануға құқылы. Егер қаулының көшiрмесi шағым берiлген кезден бастап он тәулiктiң iшiнде алынбаса, өтiнiш берушi оны процеске қатысушы деп тану туралы өтiнiш жазып прокурорға, сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Қайтыс болған немесе қылмыс нәтижесiнде өзiнiң еркiн саналы түрде бiлдiру қабiлетiн жоғалтқан адамның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) егер оның құқықтық мұрагерi болғысы келсе, өзiн жәбiрленушi деп тану туралы талап ете алады. Аталған өтiнiштi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық процестi жүргiзушi орган қарайды.
114-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысты адамдарға
олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру және
оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мiндетi
1. Қылмыстық сот iсiне қатысушы әрбiр адамның өз құқықтары мен мiндеттерiн, ол таңдаған айқындаманың құқықтық салдарын бiлуге, сондай-ақ оның қатысуымен өтiп жатқан iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң маңызы мен оған танысу үшiн ұсынылған iс материалдарының мазмұнын ұғынуға құқығы бар.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы әрбiр адамға оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттердi түсiндiруi, осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды жүзеге асырудың мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Адамның өтiнiшi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган оның құқықтары мен мiндеттерiн қайталап түсiндiруге мiндеттi.
3. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган процеске қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделуi мүмкiн болатын адамдардың тегiн және олар туралы басқа да қажеттi деректердi хабарлауға мiндеттi.
4. Қылмыстық процеске қатысушы жағдайына ие болған адамға оның қатысуымен iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзу басталғанға дейiн және ол процеске қатысушы ретiнде қандай да болмасын позицияны бiлдiргенге дейiн оның құқықтары мен мiндеттерi мiндеттi түрде түсiндiрiледi. Сот олар қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында түсiндiрiлген, түсiндiрiлмегенiне қарамастан соттың отырысына келген процеске қатысушыға оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттердi түсiндiруге мiндеттi.
5. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган олардың қатысуымен болатын iс жүргiзу iс-әрекетi басталар алдында куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiруге мiндеттi. Куәнiң құқықтары мен мiндеттерiн алдын ала тергеу органы одан бiрiншi рет жауап алар алдында және соттың отырысында қайталап түсiндiруге мiндеттi.
3-бөлім. Дәлелдемелер және дәлелдеу
15-тарау. Дәлелдемелер
115-бап. Дәлелдемелер ұғымы
1. Оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 116-бап өзгертілді
116-бап. Дәлелдемелер ретiнде рұқсат етiлмейтiн iс жүзiндегi деректер
1. Iс жүзiндегi деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзумен, оның iшiнде:
1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бiрге өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы;
2) оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
3) iс жүргiзу iс-әрекетiн осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргiзуiне байланысты;
4) iс жүргiзу iс-әрекетiне қарсылық бiлдiруге жататын адамның қатысуына байланысты;
5) iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзудiң тәртiбiн айтарлықтай бұза отырып;
6) белгiсiз көзден, не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынып, олар iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде алынған iс жүзiндегi деректердiң дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкiн болса, дәлел ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуы тиiс.
2. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде iс жүзiндегi деректердi дәлелдеме ретiнде пайдалануға жол бермеушiлiктi, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы бойынша немесе тараптардың өтiнiшi бойынша процестi жүргiзушi орган белгiлейдi.
3. Егер бұлар қылмыстық iс материалдарының түгендеу тiзiмiне кiргiзiлмесе, сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң және куәнiң көрсетуiн, сарапшының қорытындысын, заттай айғақтарды, тергеу және сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларын және өзге де құжаттарды айыптаудың негiзiне жатқызуға болмайды. Куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында сезiктi, айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретiнде танылмайды және айыптау негiзiне алынбайды.
4. Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер заңдық күшi жоқ деп танылады және айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 117-бабында аталған кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған бұзушылықтармен алынған iс жүзiндегi деректер тиiстi құқық бұзушылықтар мен оларға жол берген адамдардың кiнәлiлiгiн дәлелдеу фактiсi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
117-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
1. Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге:
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және iс жүзiндегi қателiктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi;
8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.
2. Кәмелетке толмаған адам жасаған қылмыстар туралы iс бойынша дәлелдеуге жататын қосымша мән-жайлар осы Кодекстiң 481-бабында көрсетiлген.
3. Қылмыс жасауға ықпал етушi мән-жайлар да қылмыстық iс бойынша анықтауға жатады.
118-бап. Дәлелсiз анықталатын мән-жайлар
Егер тиiстi құқықтық рәсiмдердiң шеңберiнде керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1) жалпыға белгiлi фактiлер;
2) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпы қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
3) заңды күшiне енген соттың шешiмiмен белгiленген мән-жайлар;
4) адамның заңды бiлуi;
5) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;
6) олардың бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы даярлық немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы дәлелсiз анықталған болып саналады.
119-бап. Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң,
куәнiң айғақтары
1. Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары ол осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген тәртiппен анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде жауап алуда олар жазбаша немесе ауызша нысанда хабарланған мәлiметтер.
2. Сезiктi өзiне қарсы туып отырған сезiк жөнiнде, сондай-ақ iс бойынша маңызы бар өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы.
3. Айыпталушы өзiне тағылған айыптау бойынша, сонымен бiрге iс бойынша маңызы бар, өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнiнде айғақтар беруге құқылы.
4. Айыпталушының қылмыс жасаудағы өзiнiң кiнәсiн мойындауы оның кiнәлiлiгi бар дәлелдемелердiң жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негiзiне жатқызылуы мүмкiн.
5. Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ сезiктiмен, айыпталушымен, басқа да жәбiрленушiлермен, куәлермен өзiнiң өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, жәбiрленушi хабарлаған мәлiмет дәлелдеме бола алмайды.
6. Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар туралы, оның iшiнде айыпталушының, жәбiрленушiнiң жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет дәлел бола алмайды. Куә ретiнде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайды.
7. Айыпталушының жеке басына сипаттама беретiн деректер туралы айғақтар айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды және дәлел ретiнде жаза тағайындаумен немесе жазадан босатумен байланысты мәселелердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.
8. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен жауап алу кезiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе ұғынуға қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болмайды.
2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 120-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
120-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін құжат.
2. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады.
3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 121-бап өзгертілді
121-бап. Заттай дәлелдемелер
1. Егер оларға қылмыс қаруы болды деп ойлауға негiз болса, немесе өзiнде қылмыстың iзi сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттiң объектiсi болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, iстiң iс жүзiндегi мән-жайын белгiлеуге, кiнәлiлердi табуға не айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңiлдетуге құрал болуы мүмкiн басқа да заттар мен құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады.
2. Осы Кодекстің 223-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қараудың және сақтаудың тәртiбi осы Кодекстiң 223-бабымен белгiленедi.
3. Үкiм шығару немесе iстi қысқарту кезiнде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуi тиiс. Бұл ретте:
1) қылмыс қаруы тәркiленуге жатады немесе оны белгiлi бiр адам тиiстi мекемеге бередi немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған заттар тиiстi мекемеге беруге жатады немесе жойылады;
3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар немесе мекемелер өтiнген жағдайда оларға берiлуi мүмкiн;
4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне қаратылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне көшедi. Бұл заттардың тиесiлiлiгi туралы дау туған жағдайда бұл дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешуге жатады;
5) заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар iстiң бүкiл сақталу мерзiмiнiң iшiнде онымен бiрге қалады не осы Кодекстiң 123-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мүдделi ұйымдарға немесе азаматтарға берiледi.
4. Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
122-бап. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамалары
1. Осы Кодекстiң тиiстi ережелерiне сәйкес жасалған, тексеру, көзiн жеткiзу, алу, тiнту, ұстау, мүлiкке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа да сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, үлгiлердi алу, мәйiттi эксгумация жасау, айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, қылмыс болған жерде тергеу экспериментiнде, тергеу әрекеттерiнiң барысында маман жүргiзген заттай айғақтарды зерттеу кезiнде анықталған, қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей түсiнген мән-жайларды куәландыратын тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында бар iс жүзiндегi деректер, сондай-ақ сот iс-әрекеттерiнiң барысы мен олардың нәтижелерiн көрсететiн сот отырысының хаттамасында бар қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Дәлелдеме ретiнде қылмыс туралы, табыс етiлген заттар мен құжаттар туралы, айыбын мойындап келуi туралы ауызша мәлiмдеу кезiнде жасалған хаттамаларда, адамдарға олардың құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттердi түсiндiрулерде қамтылған iс жүзiндегi деректер пайдаланылуы мүмкiн.
2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен 123-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
123-бап. Құжаттар
1. Құжаттар, егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады.
2. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да көрсетiлген мәлiметтердi қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге осы Кодекстiң 125-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс етiлген тергеуге дейiнгi тексерулердiң материалдары (түсiнiктеме және басқа да көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актiлерi, анықтамалар, салықтық тексерулер актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары), сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
3. Құжаттар iске тiркеледi және онда оның сақталуының бүкiл мерзiмi бойында сақталады. Алынған және iске қосылған құжаттар ағымдағы есеп, есеп беру үшiн және өзге де заңды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар заңды иесiне қайтарылуы немесе егер ол iс үшiн залалсыз болса уақытша пайдалануға ұсынылуы не олардың көшiрмесi берiлуi мүмкiн.
4. Құжаттардың осы Кодекстiң 121-бабында көрсетiлген белгiлерi болған жағдайларда олар заттай дәлелдеме болып танылады.
16-тарау. Дәлелдеу
124-бап. Дәлелдеу
1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзделген және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелердi пайдалануға қабылдаудан тұрады.
2. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кiнәсiнiң бар екендiгiнiң негiзiн дәлелдеу мiндетi айыптаушыда болады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 125-бап өзгертілді; 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 125-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
125-бап. Дәлелдемелер жинау
1. Дәлелдемелер жинау осы Кодексте көзделген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы процесінде жүргізіледі. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекітуді және алуды қамтиды.
2. Процеске қатысушылардың өтініштері немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен жауап алу немесе сарапшы ретінде қорытынды беру үшін кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге; коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етуді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерістер жүргізуді талап етуге құқылы.
3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іске қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді:
1) ұйымдардан анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап ету.
Анықтамаларды, мінездемелерді және өзге де құжаттарды мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өзге де ұйымдардан қорғаушы, жәбірленушінің өкілі талап ете алады. Аталған заңды тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті;
2) осы Кодекстің 242-бабының төртінші – алтыншы бөліктеріне сәйкес шарт негізінде сот сараптамасы ісін жүргізуге бастамашылық жасау;
3) шарт негізінде маман тарту;
4) олардың келісімі бойынша болжамды түрде қылмыстық іске қатысты ақпаратты білетін адамдардан жауап алу жолымен алуға құқылы.
Жауап алу барысында алынған мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізілген қылмыстық процесті жүргізуші орган адамнан жауап алғаннан кейін дәлел ретінде пайдалануы мүмкін.
Бұрын жауап алынған адамнан жауап алу мүмкін болмаған кезде аталған мәліметтер тікелей мәлімет ретінде пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте бұрын жауап алынған адамның қолының түпнұсқасы заңда белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
4. Күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қосу үшін ауызша да, жазбаша да нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.
Заттар мен құжаттар осы Кодекстің 128-бабының ережелері бойынша оларды бағалағаннан кейін қылмыстық іске тігіледі, ол туралы осы Кодекстің 122-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес хаттама жасалады.
Қылмыстық процеске қатысушылар болып табылатын адамдардан заттар мен құжаттарды қабылдау өтініш негізінде осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Осы баптың үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарын орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
126-бап. Дәлелдемелердi бекiту
1. Iс жүзiндегi деректер олар, iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады.
2. Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.
3. Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.
4. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiмдер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады.
5. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады.
6. Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады.
7. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.
8. Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады.
9. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.
10. Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.
11. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады.
12. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
127-бап. Дәлелдемелердi зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.
128-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әрбiр дәлелдеме қатыстылығы, жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.
2. Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайды.
3. Егер ол iс үшiн маңызы бар мән-жайдың бар екендiгi туралы қорытынды растайтын, жоққа шығаратын немесе күмәндандыратын iс жүзiндегi деректердi бiлдiретiн болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
4. Егер дәлелдеме осы Кодексте белгiленген тәртiппен алынса, ол рұқсат етiлген деп танылады.
5. Дәлелдеме, егер тексерудiң нәтижесiнде оның шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, дұрыс деп танылады.
6. Егер дәлелдеуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз белгiлейтiн iске қатысты рұқсат етiлген және дұрыс дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктi деп танылады.
2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 129-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |