ШЖН-ОБ-001/13-2005
КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79
КІРІСПЕ
Қылмыстық процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар. Қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай мынадай түрлерге ажыратсақ болады:
-
қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы;
-
тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
-
айыптау функциясы – айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
-
прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор;
-
қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
-
қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту);
-
азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
-
азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер;
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)
Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а)функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;
ә)функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б)қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в)құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);
г)құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады.
Сонымен қатар, заң бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін мемлекет өз қамқорлығына алады.
Алдағы тарауларда қылмыстық процеске қатысушылардың әрқайсысына жеке – жеке тоқталамыз. Сондай-ақ, сотқа дейінгі сатыда, сот сатысында, алдын ала тергеу сатысында қылмыстық процеске қатысушылардың іс жүргізуші органның іс-әрекеті мен шешімдеріне қарсылықтар келтіру, наразылықтар мен шағымдар беру жолдары мен тәртібі туралы да айтылады.
I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-тармағына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар деп, қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарда, қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек. Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды.(2.77)
Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П.Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді. Барынша көп қолдау тапқан екінші көзқарас процеске қатысушылар деп, тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген. Үшініші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде “процеске қатысушылар” категориясының заңдылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты жақтаушы С.А.Альперт процеске қатысушылардың бәріне түрлі құқықтар мен міндеттер берілген, сондықтан да оларды “процеске қатысушылар” деген бір ұғыммен біріктіруге болмайды деп санады.
Сонымен, “процеске қатысушылар” терминін түсіну, ал екінші жағынан – процеске қатысушылар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін анықтау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын альп отырған алшақтықтарға обьективті негіз бар, оның мәні мынада:
1.“процеске қатысушылар” категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен;
2.іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты.
Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап өтер болсақ, М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатынасатын адамдар процесс субьектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субьектілер- сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі – процеске қатысушылар. Л.Д.Кокоревтің пікірінше, “субьектілер” және “қатысушылар” терминдері –мән-маңызы бірдей ұғымдар,1 бірақ қылмыстық процесс үшін “қатысушылар” термині лайықтылау, өйткені “субьектілер” термині жалпылама сипатта болып кетеді.
Процесс субьектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар, себебі құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық – сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.
Қылмыстық іс жүргізу заңында “процеске қатысушылар” категориясының түрліше түсінілуі мынадан көрінеді:
1.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:
а) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-тармағында “процеске қатысушылар”-қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор /мемлекеттік айыптаушы/ тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілдері, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері” деп түсіндірілген; осылармен қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25 тармағында тағы да бір түсініктеме берілген: “қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар” – сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
ә) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-бөлімі (“Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар”) сот немесе судья, іс бойынша төрағалық етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы бастығы қызметін регламенттеген.
б)10-тарауда (“қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар”) проуеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы,куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25 тармағына сәйкес келеді.
Сонымен, қолданылып отырған қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдарджың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді. Сонымен бірге “процеске қатысушылар” категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:
-заңды бір ізге салу;
-заңды әмбебаптандыру;
-заң бұзылуының алдын алу;
-құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.
Соңғы кезде, әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқалып отыр.(3.77)
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
-
сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
-
түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;
ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру жолымен орындалады;
б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді. (тергеуші мен прокурор қатынастары, тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.б.);
г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды т.т.).
Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:
-
қылмыстық ізге түсу функциясы – прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
-
тергеу функциясы – тергеуші, анықтаушы;
-
айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
-
прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор;
-
қорғау функциясы – сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
-
қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекеленген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі аладын ала тергеу сатысында қысқарту);
-
азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
-
азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер.
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, себебі функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.
Функциялардың және оларды жүзеге асырушы адамдардың ара-қатынасына қылмыстық процеске қатысушылардың былайша жүктелуін ұсынуға мүмкіндік береді:
1.қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
Бұл топ екі шағын топқа бөлінеді:
1) сот; 2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының немесе сезіктінің заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар.
Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар;
Екінші шағын топ – іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатын процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларының кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.;
Үшінші шағын топ – сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орындау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатынасатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б.
Құрамына үш шағын топ кіретін үшінші жүктеу тобы ең көлемді топ. Оған осы топтан өзге топтардан ерекшелейтін жекеленген белгілер, атап айтқанда мыналар тән:
-олардың қатысуы сот төрелігін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар қалыптастыру қажеттігінен туындаған; олардың қызметі қосалқы сипатта болады;
-бұл қатысушыларда дербес тұтас іс жүргізу функциялары болмайды;
-олар процеске оқта-текте, мезгіл-мезгіл қатысады;
-олар сот пен тергеудің іс жүргізушілік функцияларын толық орындауы үшін соларға жәрдем көрсетеді;
-бұл қатысушылар істе әлдебір мүдде көздемейді;
-олардың құқықтық жағдайы, әдетте, олардың қатысуымен жүргізілетін іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін реттейтін нормаларда регламенттеледі.
Қылмыстық процеске қатысушылар және оның түрлері.
-
Кылмыстық іс жүргізудің қатысушылары мен субьектілері.
|
Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамд.
Қылмыстық іске азаматтық-құқықтық,қылмыстық құқықтық мүддесін қорғап қатысушылар
сот
Сезікті,айыпталушы,жәбірленуші,жеке айыптаушы
Қылмыстық ізге түсу органдары /прокурор, анықт., анықтау.орг.баст.,тергеуші
Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер
Басқа адамның мүддесін қорғап іске қатысушылар
Басқа да адамдар
Айыптаушы мен сезіктінің заңды өкілдері мен қорғауш.
Дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын проц.қат.
өкілдер мен заңды өкілдер
Эксперт, куә
Жәбірленуші мен жеке айыптаушының
Жәрдем берушілік функциясын атқ. іске қатысушылар
Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің
Сот отырысының хатшысы,аудармашы,қалыс,маман, сот приставы
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.
Мемлекет қылмыстық процеске қатысушыларды, атап айтқанда, судьяны, тергеушіні,прокурорды, анықтаушыны , сарапшыны, маманды, қорғаушыны, сот приставын өз қорғауына алады. Сондай-ақ, осы аталғандармен қоса олардың отбасы мүшелері. және жақын туыстарын да өз қорғауына алуы тиіс.
Осы аталған адамдар үшін мемлекет заңда көзделген тәртіппен сотта қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты олардың өміріне қауіп төнуден немесе күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. (4.77)
Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган, егер қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сол істі жүргізуге байланысты оларға күш қолдануды немесе қылмыстық заң бойынша тыйым салынған әрекеттерді жасаудың нақты қаупі болса, жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері мен жақын-туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл жөнінде қылмыстық істі жүргізуші орган ауызша немесе жазбаша мәлімдемесі негізінде аталған адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз ету жөнінде тиісті қаулы шығарады. Қатысушылардың жазбаша немесе ауызша мәлімдемесі болып табылады. Мысалы, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын-туыстарының өздерінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы мәлімдемелерін қылмыстық процесті жүргізуші орган алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарайды. Қабылдағаны туралы қаулыны мәлімдеушіге дереу хабарланады. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәлімдеме қабылданбауы да мүмкін. Бұндай реттерде қылмыстық процеске қатысушы немесе олардың жақын-туыстары, отбасы мүшелері прокурорға немесе сотқа шағымдану құқығы беріледі. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берілген өтініштен көрініс таппаған, яғни өздеріне белгісіз мән-жайлар туындайтын болса, бұл туралы қайтадан мәлімдеме жасауға құқылы.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге басқа да қатысушылардың және куәлердің, сезіктілердің, айыптаушылардың, сондай-ақ олардың отбасыларының, жақын туыстарының іс жүргізу қауіпсіздігінің шараларына мыналар жатады:
1)қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою, яғни құпияда ұстау;
2)қорғалатын адамның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3)қылмыстық процесті жүргізуші органның күш немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да әрекеттің қаупі шыққан адамға онда мүмкін болатын қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту жасайды;
4)сезіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану немесе күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де қылмысты әрекеттер жасау немесе жасауды ұйымдастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын бұлтартпау шараларын таңдау қолданылады.
Аталған төрт бөлімді түсіндірер болсақ:
1)қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту іске қатысушыға қол қойғызу арқылы хабарланады. Ескертуді қылмыстық процесті жүргізуші орган енгізеді.
2)қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою деп, қылмыстық істің материалдарынан адамның анкеталық деректері туралы мәліметтерді алып, оның негізгі іс жүргізуден бөлек сақтаудан, бұл адамдардың бүркеншік ат пайдалануынан тұрады. Негізгі іс жүргізуден оқшауландырылған материалдармен танысу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органға ғана рұқсат етіледі. Қылмыстық процеске қатысатын басқа да қатысушылар онымен осы мәліметтерді жарияламау туралы қолхат бере отырып, қылмыстық процесті жүргізуші органының рұқсатымен ғана таныса алады. Қауіпсіздік шараларын қолданатын адамның қатысуымен іс жүргізу әрекеттері қажет болған жағдайларда оны тануды болдырмайтын жағдайларда жүргізіледі. Бұл жағдай қатысушының (сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің) қауіпсізідігінің кепілі болып табылады.
Ал куәгерлердің, сезіктінің, айыпталушының, қылмыстық сот жүргізуші басқа да адамдардың және олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртіптері заңмен айқындалады.
Сондай-ақ, қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді қаулысымен қауіпсіздік шаралары тоқтатылады. Бұл туралы қорғалатын адамға, оның қауіпсіздік шараларының тоқтатылуы туралы деректердің іс бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға ашылғандығы туралы дереу хабарланады.
Сот куәнің,айыптау тарабының өтініші бойынша, сондай-ақ куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бастамашылығы бойынша куәден:
1)бүркеншік атты пайдалана отырып, оның жеке басы туралы деректерді жарияламастан;
2)оны тануды болдырмайтын жағдайларда;
3)оны сот талқылауынан басқа қатысушылардың көзіне көрсетпей жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы;
Төрағалық етуші бейне, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды сақтаудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға, сот отырысы залынан айыпталушыны қорғау тарабының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы. Сот процеске қатысушылардың біреуі болмағанда
көрсетуін сот төрағалық етуші, ол куә туралы мәліметті көрсетпестен оған бар қатысушылар қатысып отырғанда хабарлайды. Қажет болған жағдайларда сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде басқа да шаралар қолданады. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы соттың қаулысын қылмыстық ізге түсуші органдарына сондай-ақ сот приставына жүктеледі.
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру
Судья, прокурор,тергеуші, анықтаушы, қорғаушы жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге өздерінің қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге міндетті немесе оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық білдіретіні туралы мәлімдеуі тиіс.Заң бойынша қылмыстық процесті жүргізуге өкілетті орган қылмыстық істің кез келген сатысында іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтініштерді шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиісті қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуге құқығы бар. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық білдірулерді шешуге уәкілетті адамға қарсылық білдірумен бір уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық білдіру мәлімделсе, онда бірінші кезекте осы адамға қарсылық білдіру туралы мәселе шешіледі. Сондай-ақ, қылмыстық істі жүргізуге бір мезгілде бірнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе байланысты жоққа шығарылатын қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейінірек ие болған адам шеттетілуі тиіс.Іс бойынша туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың құрамында болса, қылмыстық іс бойынша жүргізуден шеттетілуге төрағалық етуші таңдаған адам жатады.Ал,сот отырысының хатшысы, сот приставы,аудармашы не маман не сарапшының сұраулары бойынша олардың іс жүргізу функцияларын орындауына кедергі келтіретін дәлелді себептерінің болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процесті жүргізуші орган босатады.(5.77)
Заң бойынша судьяға мына жағдайларда қарсылық білдіріледі:
қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың өкілдерінің туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің туысы болса; егер, судья жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды; аталған іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы мүмкін болса. т.б. заңда көзделген жағдайларда қарсылық білдіріледі.
Қарсылық білдіру сот тергеуі басталғанға дейін мәлімделуі керек. Сот тергеуі басталып кеткеннен кейінгі мәлімдемеге тек ол үшін негіз қарсылық білдіруді мәлімдеген тарапқа сот тергеуі басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі. Ал, бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына қарсылық мәлімделсе, онда көпшілік дауыспен сот шешеді. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып саналады.Қарсылық білдіру туралы мәлімдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс, шағым не өтінішті белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға немесе наразылық білдірілуге жатпайды. Қаулыға келіспеушілік туралы дәлелдемелер апелляциялық немесе қадағалау шағымына енгізіледі.
Прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені жоғары тұрған прокурор шешеді. Ал, қарсылық білдіру қылмыстық істі сотта қарау кезінде білдірілсе, онда бұл мәселені сот шешеді.
Ал, тергеушіге байланысты білдірілген қарсылықты прокурор шешеді.
Куәгерге білдірілген қарсылықты іс тергеп жатқан тергеушінің өзі шешеді.
Сот отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық істі қараушы соттың өзі шешеді.
Аудармашы мен маманға, сарапшыға байланысты білдірілген қарсылықты қылмыстық процесті жүргізуші органның өзі шешеді.
Қорғаушыны, жәбірленушінің , азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілін қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәселені қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган шешеді.
Қорғаушы, сондай-ақ, жәбірленушінің не жеке айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі мына мән-жайлардың кез келгені болған ретте:
-егер ол бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, куә, сарапшы ретінде іске қатысса;
-егер ол осы істі тергеуге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;
-егер ол қорғалушымен немесе сенім білдірушімен қарама-қарсы мүдделері бар адамға заңгерлік көмек көрсеткен болса, сонымен қатар бұл адаммен туыстық қатынаста болса;
-егер, заңның күшімен немесе соттың шешімімен қорғаушы немесе өкіл болуға оның құқығы жоқ болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы болмайды.
Қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын органдарға қылмыстық іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін өтініш жасай алады. Өтініш процестің кез келген сатысында беріле алады. Өтініш білдірген адам қандай мән-жайды анықтау үшін іс - әрекет жасауды немесе шешім қабылдауды сұрайтындығын көрсетуі керек. Өтініш жазбаша немесе ауызша беріледі. Өтініш жазбаша берілсе, онда өтініш қаралып отырған қылмыстық іске тігіледі, ал, ауызша білдірілген өтінішті сот отырысының хаттамасына немесе тергеушінің хаттамасына бұл туралы жазылуы тиіс. Тергеуші немесе сот өтінішті қанағаттандырмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда процеске қатысушы өтінішті басқа органға немесе қылмыстық іс жүргізудің басқа сатыларында білдіре алады. Өтініш қабылданған ретте ол тікелей шешуге жатады және өтініш бойынша шешім үш тәуліктен кешіктірілмей қаралады. Сот немесе тергеуші өтінішті қабылдау туралы дәлелді қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі өтініш берушіге беріледі. Өтінішке шағым жасауға болады.
Өтініш мына жағдайларда қанағаттандырылады:
-егер, ол істің мән-жайын толық және обьективті зерттеуге жәрдемдессе;
-егер, өтініш басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге көмектессе.
Егер жүргізілген іс жүргізу әрекеті өздерінің мүдделерін қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың немесе судьяның іс-әрекеттеріне шағымдана алады. Шағым қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін жауапты органға немесе лауазымды адамға және заңмен уәкілдік берген адамға беріледі. Шағымға қосымша материалдар қоса тіркелуі мүмкін. Шағымданушы қылмыстық іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін болса, өзі білетін тілде не ана тілінде бере алады. Берілген шағымды оны берген адам қайтарып ала алады.
Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың шағымын алдын ала қамауға алу орындарының әкімшілігі арқылы беріледі. Әкімшілік қылмыстық процесті жүргізуші органға қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған немесе бұлтартпау шарасы ретінде тұтқында отырған адамдардың шағымын дереу беруге міндетті. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдар, егер тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс әреттеріне шағым беретін болса, онда ол шағымды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі арқылы прокурорға беріледі. Ал, прокурордың іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымды жоғары тұрған прокурорға береді. Шағымдарды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі тиісті адамға немесе органға бір тәулікте кешіктірмей жеткізуі тиіс.
Шағымдарды беру мерзімі барлық анықтау ісі, алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргізу барысында беріледі.
Қылмыстық іс бойынша шағым берілсе, шағымдалған шешімнің орындалуы тоқтатыла тұрады.(6.77)
Шағымдарды қарау кезінде прокурор немесе судья онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған жағдайда қосымша материалдарды талап етуге, тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан шағымдалған іс әрекеттер мен шешімдерге қатысты түсініктеме алуға міндетті. Шағымды қараушы прокурор немесе судья өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, немесе өзге де азаматтардың немесе ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге дереу шаралар қолдануы тиіс. Іс жүргізу органдарының заңсыз іс әрекеттері мен шешімдерінен адамға моральдық, мүліктік зиян келтірілсе, онда осы зиян өтелуге немесе жойылуға тиіс.
Жоғарыда атап өткеніміздей, яғни анықтаушының, тергеушінің анықтау органының іс әрекеттері мен шешімдеріне келіп түскен шағым бойынша, прокурор шағымды алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде қарауға міндетті. Ал , егер шағымды қарау үшін қосымша материалдар қажет болса, онда бұл туралы прокурор шағым берушіге хабардар етеді. Мұндай жағдайда шағымды қарау мерзімі жеті тәулікке дейін созылады. Шағымды қараудың нәтижесінде шағым жасалған шешімді тоқтату немесе өзгерту арқылы шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
Прокурордың шешіміне қарсы болған шағымданушы ол туралы хабарды алған күннен бастап бір айдың ішінде немесе оған жауап алынбаса шағым берілгеннен кейін бір ай мерзім өткен күннен бастап прокуратураның орналасқан жері бойынша сотқа қайтадан шағымдана алалы. Судья келіп түскен шағымды он тәуліктің ішінде соттың жабық отырысында қарайды. Соттың отырысына шағымданушы мен прокурордың келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Алайда сот олардың сот отырысына міндетті түрде келуін талап ете алады. Шағым бойынша прокурор сотқа материалдарды табыс етеді және шағым беруші мен қоса сотқа түсініктеме береді.
Шағымды қараудың нәтижесінде судья мына іс әрекеттердің бірін таңдайды және бұл туралы дәлелді қаулы шығарады:
-заңсыз деп танылған іс жүргізушінің шешімін тоқтатады;
-прокурорға, азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді міндеттейді;
-шағымды қанағаттандыруға негіз жоқ деп, оны қанағаттандырмау туралы қаулы шығарады.
Судьяның шығарған бұндай қаулылары шағымдануға және қарсылық білдіруге жатпайды.
Сондай-ақ, сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, заңды өкілдері прокурордың қамауға және қамау мерзімін ұзарту туралы берген санкциясына да сотқа шағымдана алады. Шағым сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы прокурордың қаулысын өзгертпейді. Судья бұл жағдайда қылмыстық істі қараушы органнан осы іске қатысты барлық материалдарды сұратып алып, жеке өзі прокурордың сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға берген санкциясының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Судьяның жіберген сұрауын қылмыстық ізге түсу органы алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде орындауы тиіс. Судья материалдармен танысып болғаннан кейін, сот отырысының күнін қатысушыларға хабарландырады. Отырысқа қорғаушы, сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері, сондай-ақ сот егер негізді деп тапса, отырысқа сезіктінің де, айыпталушының да қатысуы мүмкін. Іске қатысушылардың дәлелсіз себептермен отырысқа келе алмаса, онда бұл жағдай соттың қарауына кедергі бола алмайды.
Судья тараптардың дәлелдерін тыңдап, қылмыстық ізге түсу органдарынан талап етілген қылмыстық іс материалдарын қарай келіп мынадай тоқтамға келеді: -шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;-бұлтартпау шараларын тоқтату немесе қатаң еместеуіне өзгерту және сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босату туралы дәлелді шешім қабылдайды. Судьяның шығарған қаулысына үш тәуліктің ішінде аталған адамдар шағымдана алады. Шағым облыстық не оған теңестірілген сотқа жолданады. Шағым бойынша облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысы одан әрі қарай сот инстанцияларына шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды. Бұл сот судьясының шешімі түпкілікті болып табылады.
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
Достарыңызбен бөлісу: |