Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің 29.05.2001 жылғы № 411 бұйрығы
«Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз
іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың
шағымдарын қабылдаудың тәртібі туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы»
Жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысына қадағалауды жүзеге асырудағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
1. жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдаудың тәртібі туралы Нұсқаулық (1-қосымша) бекітілсін.
2. Астана және Алматы қалалық, облыстық ІІББ, ІІБ, ЖПБ бастықтарына жол полициясының барлық бөлімшелерінің жеке құрамымен Нұсқаулықтың оқылуы және оның талаптарын міндетті түрде орындауы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-Министрі және Қазақстан Республикасының жол полициясы департаментіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
генерал-майоры Б. Ысқақов
Қазақсатан Республикасы ішкі
Істер Министрлігінің
2001 жылғы 29 мамыр айындағы
№ 411 бұйрығына
№ 1 Қосымша
Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдаудың тәртібі туралы Нұсқаулық
1. Жол полициясы бөлімшелерінде азаматтардың шағымдарын қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің «Азамттардың өтінімдерін қараудың тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 Жарлығына сәйкес, жүзеге асырылады. Осы Нұсқаулық жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды ұйымдастыру мақсатында әзірленген.
2. Осы Нұсқаулықтың күші, шешудің тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу туралы заңдарымен және өзге де заңнамамен белгіленген азаматтардың өтінімдеріне қолданылмайды.
3. Азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы туралы ұсынылған талаптарымен немесе салынған әкімшілік жаза мен өзінің келіспеушілігін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада егжей-тегжейлі жаза алады. Мұндай шағымдарды берудің және қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексімен реттеледі.
4. Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдауды тәулік бойы жол полициясы бөлімшелері, оның ішінде жол қозғалыс қадағалауды жүзеге асыратын жол полициясы қызметкерлері жүзеге асырады.
5. Азаматтардың жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне жазбаша және ауызша, оның ішінде телефон бойынша түскен шағымдары арнайы журналдарда тіркеледі. Аты жөнін, тұратын орны, жұмысы немесе оқу туралы мәліметтерін көрсетумен (1-Қосымша ) тіркеледі.
6. Жол полициясының басқармаларында (әрі қарай текст бойынша ЖПБ), стационарлық бекеттерде “азаматтардың шағымдары үшін”- деген жазуы бар арнаулы пошта жәшіктері орнатады. Пошта жәшіктері мөрленуі тиіс. Жол полициясы бекеттерінде пошта жәшіктерінен хат-хабарды алуды жол полициясы жасақтарының қызмет етуін тексеруге уәкілетті қызметкер, ЖПБ ғимаратында – аға кезекші инспектор жүзеге асырады.
7. ЖПБ реттік номері мен сериясы бар белгіленген үлгідегі шағымдар бланкілерімен (2-Қосымша) орталықтандырылған түрде қамтамасыз етіледі.
8. ЖПБ бастығының өкімімен жол полициясы басқармасы ұйымдастырулық – талдаулық қамтамасыз ету бөлімінің (бөлімшесінің) шағымдар бланкілерінің есебін жүргізу, оларды тиісті бөлімшелерге беру функциялары жүктелетін жауапты қызметкері, ал тіркеу емтихан алу бөлімшелерінде (арі қарай ТЕБ), автожол инспекциясы, әкімшілік тәжірибе бөлімшелерінде, саптық бөлімшелерде шағымдар бланкілерінің есебін жүргізу және оларды төмен тұрған құрылымдық бөлімшелер мен жол полициясы инспекторлары қол қойғызып беру жөніндегі жұмыс жүктелетін жауапты қызметкер тағайындалады.
9. ТЕБ, автожол инспекциялары (диагностика станцияларында), әкімшілік тәжірибе бөлімшелерінде, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінің жол полициясының бөлімдерінде (бөлімшелерінде, топтарында) шағымдардың бланкілері бөлімшелердің басшыларында сақталады және азаматтардың талап ету бойынша оларға беріледі.
10. Жол полициясы инспекторларына шағымдардың бланкілерінің тікелей командирлері ( взводтардың, бөлімшелердің ) береді. Қызметке шығар кезде әр-бір жол полициясы инспекторларында азаматтардың шағым бланкілері болуы тиіс.
11. Азамат жол полициясының инспекторы оның құқықтарын бұзды деп есептеген жағдайларда, сондай-ақ жол полициясының тарапынан заңсыз іс-әрекеттер болған басқа да жағдайларда оның инспекторға өтінім жасауға және белгіленген бланкіде шағым жазуға құқығы бар. Жол полициясының инспекторы азаматқа шағым бланкісін бөгетсіз беруге және ол толтырылғаннан кейін мәлімдеушіге оны қабылдап алғандығы туралы таллон беріп оны қабылдауға міндетті.
Шағымдардың белгіленген бланкілері болмаған жағдайда, азамат еркін үлгіде шағым жазуға құқығы бар, оның көшірмесіне жол полициясының инспекторы шағымды алғандығы жөнінде қол қояды.
Кезек аяқталғаннан кейін жол полициясының инспекторы әкімшілік бұзушылық туралы хаттамаларды тапсыру мен қатар, түскен шағымдарды да тапсырады.
12. ТЕБ, әкімшілік тәжірибе, автожол инспекциялары бөлімшелерінде азамат жол полициясы қызметкерлерінің барлық заңсыз іс-әркеттері туралы тікелей бөлімшенің бастығына жолығады және белгіленген бланкіде шағым жазады. Көрсетілген бөлімшенің бастықтары түскен шағымдар туралы жол полициясы басқармасының кезекші бөліміне хабарлайды.
13. Азаматтардың Жол полициясының басқармасының кезекші бөліміне келіп түскен барлық ауызша және жазбаша шағымдары туралы аға кезекші инспектор басқарма бойынша жауапты адамға немесе ЖПБ-ның басшылығына дереу хабарлайды.
14. Азаматтардың жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне келіп түскен ауызша және жазбаша шағымдарын Жол полициясы басқармасы бойынша жауапты адам кешіктірмей қарайды және оларды қараудың нәтижелері жұмыс аяқталғаннан кейін ЖПБ-ның басшылығына баяндалады. Қажет болған жағдайларда, ЖПБ-ның басшылығымен келісім бойынша, тексеруге ішкі істер органдарының ішкі қауіпсіздік және жедел қызметінің қызметкерлері тартылуы мүмкін.
15. ТЕБ-нен шылғайда орналасқан, ішкі істер органдарының аумақтық жол полициясы бөлімдерінде, азаматтардан түскен шағымдардың негізділігін тексеруді көрсетілген бөлімшелердің бастықтары жүзеге асырады. Тексерулердің құжаттары арнаулы іске тігіледі және тәулік ішінде ЖПБ-на жолданады.
16. Жол полициясы тарапынан заңсыз іс-әрекеттер деректері расталған жағдайларда тексеру жүргізуші адам, азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды, ресми түрде кешірім сұралады. Азаматтың құқықтарының бұзылуына жол берген қызметкерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.
17. Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері деректері бойынша шағымды қабылдамаған, оларды қараудан жасырған не азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде уақытылы шаралар қабылдамаған, азаматтардың құқығының бұзылғандығына жол берген қызметкерлерге, заңнамаға сәйкес тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.
18. Келіп түскен шағымдарға талдау жасау олрдың уақыты қаралуын бақылау ішкі істер бас басқармаларының ішкі істер басқармаларының жол полициясы басқармасының бастықтарына жүктеледі.
Нұсқаулыққа
№ 1 Қосымша
Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы азаматтардың жазбаша және ауызша шағымдарының қабылдау және есебін жүргізу
Ж У Р Н А Л Ы
р/с
|
Күні және уақыты
|
Аты-жөні, өтініш және қысқаша мазмұны (ауызша, жазбаша)
|
Өтінішті қабылдап алушының аты-жөні және қабылданған шаралар
|
Өтініш, мәлімдеу, кімге берілді.
Аты-жөні, лауазымы, күні, қолы.
|
Ескерпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
Нұсқаулыққа
№2 Қосымша
СЕРИЯСЫ------ №------ШАҒЫМҒА ТҮБІРТЕК
Арызданушынің аты-жөні
Тұратын жері-------------------------телефоны
«-----» күні ---------------- 2008 жыл. Уақыты-------------
өтінішті қабылдап алушының аты-жөні, лауазымы және қолы
--------------------------------------------------------------------------------
орындау үшін кімге берілді---------------------------------------------
қию сызығы
----------------- облысы (қаласы)
------------------ ІІББ (ІІБ) ЖПБ
бастығы---------------------------
-------------------------------------
арызданушының аты жөні
мекен-жайы, телефоны
СЕРИЯСЫ----- №----------------- ШАҒЫМ
Көрсетілетін фактілердің егжей-тегжей мазмұны-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Күні----------------- --------------- Қолы
--------------------------------қию сызығы----------------------------------------------------
Сериясы------№-----шағымға қиып алынатын таллон (арызданушыға беріледі)
Шағымды қабылдаған қызметкердің аты-жөні, лауазымы, омырау белгісі,
Күні-------------- ------------------- Қолы.
Достарыңызбен бөлісу: |