Шалқар қаласның әкімі С. Е. Джумановтың қала бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есебі



Дата25.02.2016
өлшемі115.86 Kb.
#24090
Шалқар қаласның әкімі С.Е.Джумановтың қала бойынша

2013 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есебі.

Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында халықты әлеуметтік қамсыздандырудың және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік қабылданған бағдарламалар және іс-шаралар жоспарын орындауда қала әкімдігі жұмыс жасады.

Қала әкімдігінің қала тұрғындарын әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсету, жұмыссыздықпен күресу, мал өнімін индустрияландыру, мәдениет, білім, денсаулық жүйелерінің тиімділігін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, бюджеттік кіріс көзін молайту, қоғамдық тәртіпті сақтау, қала тазалығы, қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, коммуналдық шаруашылық нысандарының қызметін жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және т.б көптеген жүйелі жұмыстарға бағытталды.

Коммуналдық- шаруашылық саласы.

Қала әкімдігінің басты назарындағы мәселе-коммуналдық шараушылық саласы.

2013 жылға қаланың коммуналдық шаруашылық жұмыстарына қала сыртына санитарлық жасыл белдеу орнатып күтіп ұстауға -225,0 мың тенге, бұрыннан егілген көшеттердің өспеген жерлеріне көшеттер егу, гүлдер отырғызуға -348,0 мың тенге, гүл егетін құмыра сатып алуға -24,5 мың тенге, көшелерге көрнекілік баннерлер жасатуға -510,0 мың тенге, көше атауларын жасауға – 785,0 мың тенге, астына қоятын орнымен 80 дана қоқыс контейнерлерін сатып алуға- 1645,6 мың тенге, қоқыс жинайтын көлік сатып алуға - 5921,0 мың тенге жұмсалды. Қаладағы орталық көшелерге көше атаулары жазылған 3 дана жарық қорабы қондырылды.

Сонымен қатар көшелерді жарықтандыруға барлығы 10500,0 мың тенге қаржы қаралып, оның 4659,3 мың тенгесі қала көшелерінің түнгі жарықтандыруға қызмет көрсетуге, 5783,0 мың тенгесі қаладағы 23 көшеге жаңадан түнгі шамдар орнатуға, 57,7 мың тенгесі электр лампаларын және сымдарын сатып алуға жұмсалды.

Сондай-ақ «Инфраком – Қызмет» ЖШС-гі арқылы төмендегі жұмыстар атқарылды.


  • қала көшелеріндегі ағаштарды кесу және ақтау ; (900,0 мың)

  • қоқысты полигонға автокөліктермен шығару ; (5850,0 мың)

  • қала көшелерін жұмысшы күшімен жинау ; (5400,0 мың)

  • автокөлік жолдарын қысқы мезгілде тазарту ; (654,0 мың)

  • арық қазу, құм себу ; (950,0 мың)

  • гүлдер мен көшеттерді суару, күтіп баптау, қорғау (2232,0 мың)

  • көшелерді автокөлікпен сыпыру, су шашу ; (892,8 мың)

  • темір қоршау дайындау ; (1579,8 мың)

  • контейнер қоршауларын жасату және рекультивациялау; (1580,0 м)

  • қоқыс алаңына және апандарды көму (3263,0)

2.

«2011-2020 жылдарда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша газшылар қалашығындағы № 33, № 97 үйлерге екі кондоминиум обьектісі құрылды.



«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 630 ш.м. коммуналдық арендалық 9 үй, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы алаңы 8055 ш.м құрайтын 57 үй тұрғындардың өз қаражатымен салынып пайдалануға берілді.

2013 жылы қаланың даму аймағынан 44 адамға жер телімі берілді.

М.Шманұлы ауылына газ желісі тартылып ауыл тұрғындары толық дерлік газбен қамтамасыз етілді.

Шалқар газ шаруашылығы учаскесі арқылы қалада 5800 тұрғын үй және қалада орналасқан мекемелер көгілдір отынмен қамтылып, аталған тұрғын үйлермен мекемелер техникалық күтімнен откізілген.

«Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға Жомарт ауылы және Қарашоқат, Байсалбаев көшелеріне жаңа тұрғын үй аймағын газбен жабдықтау желесінің құрылыстары жүргізілді.

«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді менкендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаладағы Желтоқсан -3,0 шақырым, Цеханович-1,1 шақырым, Жұбанов-Е.Көтібарұлы көшелері-0,8 шақырым, Шойғарин-Қобландин көшелеріне 0,8 шақырым асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жасалды.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша қаладағы кәріз желісі қайта жарақталып, қосымша 2 кәріз сорғы стансалары электр желілерімен қоса орнатылып салынды.

Қалада тереңдік насосы бар, бассейн көлем сыйымдылығы 1000 шаршы куб 5 су скважинасы, магистралды желісінің ұзындығы 151,3 шақырым және су тарату желісі 164,7 шақырымды құрайтын 85 дана көше ауыз су бұраны жұмыс жасайды. Қазіргі таңда қаланың барлық нүктелеріне су толық жеткізіліп тұр.

Қаладағы 5 бу қазандықтардың ішіндегі құбырлары ауыстырылып, ажыратқыш нысандары тазаланып, клеммалар мен релелері тексеріліп күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіліп жылу мерзімінде уақытылы іске қосылды. Қазіргі кезде осы қазандықтардың барлығы жұмыс жасап тұр.

Сонымен қатар «Қаңғыбас иттерді аулау және жою бағдарламасы» бойынша 1740 бас ит атылып жойылды.


Әлеуметтік қорғау саласы.

Қала тұрғындарын, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсету мақсатында және өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына қажетті жағдай жасауда қала әкімінің жанынан құрылған 5 учаскелік комиссия, өкілетті орган әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып тұрақты жұмыс жасады.

3.

Сонымен қатар комиссияның қортындысы бойынша тұрмыс-жағдайлары анықталған мемлекеттік жәрдемді қажет ететін аз қамтылған отбасыларға тиісінше төлемдерді уақтылы төлеуге қамтамасыз етіп келді.



2013 жылы аз қамтылған - 4 отбасыға 759,4 мың теңге мемлекеттік атаулы көмек және 60,0 мың тенге материалдық көмек ,

-388 отбасының 18 жасқа дейінгі 1018 баласына 12573,4 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы,

-802 отбасының 3064 отбасы мүшелеріне 4319,5 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы,

- туберкулезбен ауыратын 80 азаматқа 2648,4 мың тенге қосымша жәрдемақы төленді.

Жалпы қала бойынша 1148 адамға 5910,6 мың тенгеге түрлі қайрымдылық көмектер көрсетілді.

Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 10 мамырдағы №156 қаулысына сәйкес азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қосымша 3000 тенге көлемінде барлығы 653 мүгедек азаматқа 21335,3 мың тенге қосымша көмек көрсетілді.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық бастамаларын дамыту мақсатында «Бәріміз бірдейміз –кемсітуді білмейміз» атты қайрымдылық акция өткізіліп, қаладағы 90 мемлекеттік мекемемен 16 кәсіпкерлердің атсалысуымен мүмкіншілігі шектеулі 16 жасқа дейінгі 106 мүгедек балаға 1590.0 мың тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген 131 азаматқа 7996,7 мың тенге, ал 1941-1945 жылдары жұмыс жасаған 459 тыл еңбеккерлеріне 11601,0 мың тенгеге 50 пайыздық коммуналдық қызметтерге жәрдемақы тағайындалып төленді.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еңбек нарығының тиімділігін арттырудың кешенді бағдарламасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020».

Осы бағдарламада көзделген ең біріншіден әлеуметтік қорғаудың және еңбекке қабілетті адамды қолдаудың негізінде жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту немесе табыс әкелетін басқа қызметке қол жеткізуді қамтамасыз етуді бағытталған жұмыстар орындалды.

Нәтижелі және тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы қала бойынша жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен 458 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. 398 адам қоғамдық жұмысқа, 236 адам әлеуметтік жұмыстарға , 20 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

2013 жыл Жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарына ұйымдастырылған жәрмеңкеге барлығы 131 адам қатысып, нәтижесінде 55 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

4.

Ауыл шаруашылығы саласы.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысын орындауда қала тұрғындарының және қалаға қарасты шаруа қожалықтарымен жеке мал басын көбейту және қала тұғындарын сапалы ет, сүтпен қамтамасыз ету, яғни мал өнімін индустрияландыруда биылғы төлдері бірдейлендіруден өтіп, жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егіліп, түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Қала бойынша 4100 бас ірі мүйізді қара, 7500 бас қой-ешкі, 1177 бас жылқы, 1029 бас түйе, 800 бас құс-тауық бар. Олардан тірілей салмақта 8530 цн ет, 23370 цн сиыр сүті, 944 цн түйе сүті 116,0 мың дана жұмыртқа, 33 цн түйе жүні, 106 цн қой жүні алынды. Қалада 5 ірі мүйізді қара малы күтуі , онда 1000 жуық мал бағылды. 2 қой-ешкі күтуі және 4 отар қой кезектері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар шаруа қожалықтарындағы ірі мүйізді қара малының аналықтарын қыстан аман сақтап қалу мақсатында 188390 цн шөп дайындалды.

Қалада 60 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, оның 7-уі қала тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз етеді. Көл жағалауынан 65 га жерге көкөніс өнімдерін егіп, одан 3255 цн картоп, 2860 цн көкөніс, 1680 цн бақша өнімдері өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Еңбек» шаруа қожалығы 7500,0 млн теңге несие алды. «Медет»шаруа қожалығы малға бартер жасау жолымен шөп буатын пресс , 4 шаруа қожалығы 6 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Қала тұрғындарына сапалы арзан ет,сүт өнімдерін сату мақсатында жылдың әр кезеңінде тұрақты түрде 5 рет жәрмеңке ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қараша айында «Ауыл шаруашылығы күні» қарсаңында Астана қаласында өткен республикалық күзгі қортынды жәрмеңкеге қалаға қарасты шаруа қожалықтарының қатысуымен 60 тн ет, 200 лт шұбат, 50 кг құрт ауыл шаруашылық өнімдері апарылды.


Мәдениет , Білім, Денсаулық салалары

Ел басы бекіткен білім беру, ден саулық сақтау тілдерді дамыту бағдарламалары аясында да көптеген жұмыстар атқарылды.

Осы жылғы жоспарлаған қала азаматтарының мәдени тыныс-тіршілігіне күш беруде, әлемдік ақпараттарды пайдалану және тұрғындардың рухани демалыстарын ұйымдастыруда ұлттық және мемлекеттік мерекелермен көпшілік-мәдени шаралар, шығармашылық кештермен байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп келеді.

Жыл басы Жаңа жыл мерекесінде қаладағы саябақта және қаланың 5 мөлтек аймағында жаңа жылдық шыршасы безендіріліп құрылып, түрлі концерттік бағдарламалар өткізумен басталады.

5.

Наурыз айында «Наурыз мерекесіне» орай қаламыздың орталық көшелерінің бірі Есет Көтібарұлы көшесінде ағаш үйлер тігіліп, қонақ асы берілді.



1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне мерекелік бейбіт шеруі өткізіліп, ал 9 мамыр – «Жеңіс күніне» орай қаладағы бауырластар зираты мен Кеңес Одағының Батыры І.Үргенішбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

«Астана күні» мерекесіне орай орталық саябақта «Сәулесі сәуле шашқан сән Астана» атты, 1 желтоқсан - «Тұңғыш Президент күні» қаладағы саябақта мектеп оқушыларының қатысуымен патриоттық әндер орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

2012-2016 жылдарға арналған бағдарламада қабылданған оқушылардың функциалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимыл әрекеттің ұлттық жоспары және барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісіндегі тәрбиелеу құрам бөлігін күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды орындау барысында көптеген жұмыстар атқарылды.

Биылғы 2013-2014 оқу жылында барлығы 3363 оқушы, оның ішінде 2096 оқушы бастауыш сынбында білім алса, ал мектепке дейінгі балалар бақшасында барлығы 1050 бала тәлім тәрбие алуда.

Барлық мектептерде аз-қамтылған отбасылардың балалары және 1-4 бастауыш сынып оқушылары және барлық сыныптардағы аз қамтылған отбасылардың балалары толық ыстық тамақпен қамтылған.

Сонымен қатар №1, №3, №5, №6 және І.Үргенішбаев атындағы орта мектептерінде спорт алаңы ашылып, барлық мектептерде қысқы хоккей корттармен қамтамасыз етілген.

Қала тұрғындарымен кәсіпкерлердің қолдауымен «Көркейе бер туған жер» акциясы бойынша қаладағы мектептермен бала бақшаларға жалпы құны 2404,0 мың тенгенің қажетті құрал-жабдықтары алынып берілді.

1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы бойынша 62 мекеме аз қамтылған отбасылардың 96 баласына 968,9 мың тенгеге оқу құралдарымен киім кешекпен қамтамасыз етті.

28 қараша күні республиканың барлық аймақтарында жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған баларға арналған «Ризашылық-Добрата во благо детям» атты қайрымдылық мерекесі өзкізілді. Осы аталған мерекеге қала әкімдігінің ұйымдастыруымен және қаладағы 9 кәсіпкердің атсалысуымен жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған 46 балаға 335,0 мың тенге көлемінде қаржылай және киім-кешекпен көмек көрсетті.

Денсаулық сақтауды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған «Халықтың саулығы дамудың кепілі» бағдарламасында көрсетілген денсаулық сақтаудың бюджеттік моделі халықтың медициналық көмекпен неғұрлым толық қамтуды қамтамасыз етеді.


6.

2013 жылы күніне 250 адам қабылдайтын аудандық емханада 50,0 мың жуық адам қабылданып, 85 кереуеттік ауруханада тәулік бойғы стационарда 2710 адам, күндізгі 49 кереуеттік стационарда 1970 адам емделіп шықса, үй жағдайындағы стационардан 85 адам ем алды.



2013 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында жоғарғы медициналық көмектік квота арқылы 94 адам ем алды.

Қаладағы орталық ауруханасының барлық бөлімдерінде Республикалық бюджеттен ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес науқасқа тегін қажетті дәрі-дәрмектер, қан құрамын алмастыратын сұйықтар, ал орталық емханада бірыңғай Дистрибьютор «СК-Фармация» арқылы дәрі-дәрмегі бөлініп, стационар алмастырушы көмекке пайдаланылды. Республикалық бюджеттен тегін дәрі-дәрмектер тұрғындарға берілді.

Қаладағы ден саулық саласында тұрғындардың барынша кең спекторын

диагностикалауды, емдеу мақсатында ұлттық скринингтік тексеруден өткізуде және профилактикалық медицинаға ден қою, халықпен ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде басты көңіл бөлінді.

Осының нәтижесінде халықтың ден саулық саласындағы медициналық қызмет көрсету сапасына канағаттану деңгейі 90 пайызға жетіп отыр.

Шағын кәсіпкерлік.

Қала бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 961-ке, ал оларда жұмыс жасаушылардың саны 4763-ке жетті, өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 4001,1 млн. теңгені құрады.

Қалада ірі «Сұңқар», «Нұр-ай», «Шұғыла» ірі сауда орталықтары, «Ләззат», «Елдос», «Гиас» сауда үйлері, 5-жабық базары, 224-дүкен, 8- құрылыс материалдарымен шаруашылық заттары дүкені, 15 ЖЖМБ-і, 11-дәріхана, 8-мейрамхана, 13-кафе, шайхана және тағы басқа кәспкерлік нысандардың түрлері халыққа қызмет етеді.

Қалада 3 наубайхана қала халқын нан-бөлке тағы да басқа нан өнімдерімен толығымен қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар осы жылы қала орталығынан Астана қаласының мерей тойы қарсаңында «Гиас» мейрамханасымен «Салтанат» бала-бақшасы, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қанағат» Гипер Маркеті ,ал желтоқсан айында қаламызда «Кәсіпкерлік- қуатты тұтқа» атты кәсіпкерлердің ҮІІІ Форумы өту қарсаңында «Сұңқар» қонақ үйі және «Сартай» жакбық базары кәсіпкерлік нысандардың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетуде.

2013 жылы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында түрлі кәсіпкерлік нысандарды кеңейтуге, жаңадан салуға, мұз айдынын салуға және т.б мақсатта 38 кәсіпкерге барлығы 31845 ш.м. жер берілді.

Оның ішінде: 19 сауда дүкені – 7108 ш.м,1 қонақ үйі -322 ш.м,1 монша 301 ш.м., 1 бала-бақша – 4041 ш.м., мұз айдыны – 700 ш.м., құс фермасы-10000 ш.м.,кондитерлік цех -780 ш.м., есік-терезе дайындау цехына-1000 ш.м., 3 шайхана – 954 ш.м., сауда орталығы -1260 ш.м.,автокөлікке қызмет көрсету бекеті – 300 ш.м.,жанар-жағар май құю бекеті – 1200 ш.м..

7.

Қоғамдық тәртіп.

Қалда 11 учаскелік полиция испекторлары, 3 - учаскелік тірегі бар.

Осы жылы аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстың алдын алу, болған қылмысты ашу, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауда жалпы алғанда қала тыныштығын сақтауда көптеген жұмыстар атқарды.

Нәтижесінде аңшылық мылтықты заңсыз сақтаған 32 адамға әкімшілік шара қолдалынып айыппұл салынса, есірткіге қарсы күрес жүргізу мақсатында 10 құқық бұзушылықты анықтап, аудандық сот арқылы шешімі қабылданды. ҚР ӘҚБтҚ-нің 330 бабы бойынша 141 азамат, 387 бабы бойынша 82 азамат әкімшілік шара қолдалынды.

Жалпы қала бойынша білім бөлімінің қызметкерлері , барлық мектеп мұғалімдері, ішкі істер бөлімінің инспекторлары және ата-аналардың бірлескен «Ерікті жасақшылар ұйымы» құрылып, көптеген жұмыстар атқарды.Ұйым белгіленген кесте бойынша рейдтерге шығып, мектептер арасында түрлі идеологиялық экстремизімнің алдын алу және оған жол бермеу барысында семинар-кеңестер өткізді.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада көрсетілген жаңа құқтық тетіктерді, мемлекеттік қызметшілердің, ақпараттық мүмкіндіктерді, жұртшылықты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуды кеңінен насихаттауда қала көшелеріне 4 баннер ілінді.

Қортынды.

Біздің негізгі міндетіміз - Заңда бекітілген мемлекеттік функцияларды сапалы нақты орындау және атқару. Қабылданған Заңдарға сәйкес жергілікті мәселелерді шешуде қаржылық және экономикалық дербестігін ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.

Сонымен қатар алдымызға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық дамудағы көрсеткіштерді мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда айқындалған деңгейге жеткізіп, қала тұрғындарының тұрмысы мен қызметін жақсарту.
Міндеттер.

1. Қаладағы 20 көшені жарықтандыру.

2. М.Шманұлы ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету.

3. Қалаға қарасты Жомарт ауылын газдандыру.

4. Қаладағы 9 көшені асфальттау.

5. «Жұмыспен қамту жол картасы– 2020» бағдарламасын жүзеге асыру.

6. Қаладағы шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Азқамтылған отбасы мүшелерін жұмыспен қамту.


Қала әкімі С.Джуманов


1

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет