Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу ережелері



Дата03.07.2016
өлшемі184.8 Kb.
#174922


Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін KATEV халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жалпы ережелер

Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін KATEV халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасының (бұдан әрі - «Жарқын болашақ» олимпиадасы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан және ШҚО білім басқармасы, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мен қазақ – түрік лицейлері тарапынан (Өскемен және Семей қалаларындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері, «Нұрорда» халықаралық мектебі ) жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.
2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері
«Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:


  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

  • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

  • тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;


3. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
«Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7–11-сынып оқушылары қатыса алады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ән айту (5 конкурстың атауы мен ережелері №1 қосымшада берілген).

«Жарқын болашақ» олимпиадасы төрт кезеңнен тұрады:

1 кезең – мектепішілік. Ол 2012 жылдың қараша айында (мектепте) өткізіледі;

2 кезең – қалалық, аудандық - 2012 жылдың қараша - желтоқсан айларында (Семей қалалық кезеңі 15-16 қарашада, Өскемен қалалық кезеңі «Нұрорда» халықаралық мектебінде 14-15 желтоқсанда) өтеді;

3 кезеңоблыстық кезең - 22 ақпанда Семей, Өскемен қалаларының қазақ-түрік лицейлерінде өтеді;

4 кезең – республикалық (финал) - 2013 жылы 4-5 сәуірде Астана қаласында өтеді.

а) «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңінің жеңімпаздары туралы мәліметті қараша-желтоқсан айларында (белгілінген мерзімге қарай) «Нұрорда» халықаралық мектебіне (Өскемен қаласы), Семей қазақ-түрік лицейіне (Семей қаласы) немесе аудандық білім беру бөліміндегі ұйымдастыру комитеттеріне өткізеді ( Сол тапсырыс бойынша қалалық, аудандық кезеңдер өткізіледі);

ә) «Жарқын болашақ» олимпиадасының екінші кезеңін жергілікті ұйымдастыру комитеттері өткізіп, қорытындысын 2013 жылы ақпанның 15-іне дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне жібереді (қалалық, аудандық жеңімпаздар жайлы мәліметті Өскемен, Семей қазақ - түрік лицейлерінің электронды поштасына жіберу қажет);

б) Республикалық кезеңге облыстық кезеңде бірінші орын алған оқушылар ғана қатысады.

Әрбір ауданнан (қаладан) облысқа, облыстан республикалық кезеңге ұсынылатын оқушылар саны төмендегідей:


Конкурс атауы

Тобы

Оқушы саны

Барлығы

«Тілші-әдебиетшілер»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жас ғалымдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жазушылар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Әнші-бұлбұлдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

Бір команда 5 конкурстың барлығына немесе бірнешеуіне қатыса алады. Сайысқа ұсынылатын оқушы саны 10 -нан аспау керек .

«Жарқын болашақ» олимпиадасының «Тілші-әдебиетшілер» конкурсының 1,2,3 -кезеңдерінің тапсырмаларын жергілікті ұйымдастыру комитеті, ал 4-кезеңнің (республикалық) тапсырмаларын «KATEV» ХҚҚ қазақ тілі бірлестігі дайындайды.

Алдыңғы «Жарқын болашақ» олимпиадаларының республикалық кезеңінің жеңімпаздары сайысқа қатыса алмайды.



4. Қаржыландыру
«Жарқын болашақ» олимпиадасының 1-3-кезеңдерін тиісті білім органдары қаржыландырады.

Оқушының олимпиадаға қатысуға байланысты шығындары жіберуші мекеме есебінен өтеледі.

«Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру комитетіне қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, ынталандыру сыйлығын алуға қосымша қаражат бөлу жүктеледі.
5. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы
Олимпиаданы өткізу үшін құрылады, облыстық кезеңінің ұйымдастыру комитетінің құрамын Өскемен және Семей қалаларындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері мен ШҚӨҒП «Дарын» орталығы бекітеді.

Ұйымдастыру комитететінің мекен-жайы: Өскемен қаласы, Лихарев көшесі 5-үй, тел: 8(7232) 251010; факс 252962 e-mail: vko.ktl5@gmail.com,



Семей қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 206-үй, тел:8 (7222) факс 771576 e-mail: Semeyktl@gmail.com, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тел: 8(7232) 701344;

e-mail: vk_daryn@mail.ru


6. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қазылар алқасы
«Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсының қазылар алқасының құрамы: төраға, 2 мүше және хатшыдан тұрады;

Қазылар алқасының міндеттері:



  • қатысушылардың жұмысын тексереді, олардың нәтижесін шығарады;

  • қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажетті түзетулер енгізеді;

  • жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

  • жеңімпаз оқушылардың мұғалімдерін марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді;

  • Қазылар алқасы тәуелсіз сарапшылардан тұрады;

- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша есеп береді.
7. «Жарқын болашақ» олимпиадасын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
«Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі мерекелік жағдайда өткізіледі.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсы бойынша 6 жүлделі орын: 1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орын белгіленеді (республикалық кезеңде қатысушылардың 5%-ына – 1-орын, 10%-ына – 2-орын, 15%-ына – 3-орын беріледі).

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және оларға бағалы сыйлық табыс етіледі (аудандық, облыстық кезеңнің жеңімпаздары тиісті білім органдарының дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.).

Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.

«Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізуде белсенді жұмыс атқарғаны үшін қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері Құрмет грамотасымен марапатталады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орын алған 11-сынып оқушыларына Сүлейман Демирел атындағы университеттің білім гранты беріледі. Грант саны мен олардың иегерлерін Сүлейман Демирел атындағы университет белгілейді. Сондай-ақ, жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.



«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2012 жылғы

10 қазандағы №201/109 бұйрығына №1 қосымша
Қазақ тілінен өтетін KATEV халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын 5 конкурсы бойынша өткізу

ЕРЕЖЕЛЕР


  1. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы.

Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.

Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын және тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары қазақ тілі пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы), (барлығы 50 тест сұрағы); 2-бөлімнің тест сұрақтары қазақ әдебиеті пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы) құрастырылады

Әр сұрақтың бір дұрыс жауабы бар. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды.

Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 120 минут.

Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.


  1. «Жазушылар» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.

Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

Шарттары:



  • Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;

  • Эссе көлемі (А-5 форматындағы) 3 беттен кем болмау керек;

  • Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.

  • Эссе тақырыптары: қазақ тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б.

  • Ұйымдастыру комитеті аталмыш тақырыптардың біреуін таңдауға құқылы.



  1. «Жас ғалымдар» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.

Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.

Шарттары:



  • Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек.

  • Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.

  • Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы, сонымен қатар керек ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек.

  • Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.

  • Қорғаушыға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 15 минут (қазылар алқасының қосымша сұрағы мен оның жауабына кететін уақытты қоса есептегенде).

  • «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:




1) Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі.

2) Тың тақырып, жаңалығы



1) Ғылыми жоба талаптарына сай орындалуы

2) Дизайны

3) Уақытты дұрыс қолдану


Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай




  1. «Сөз шеберлері» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.

Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.

Шарттары:



  • Қатысушы 1 шығарманы немесе шығармадан үзіндіні (прозалық немесе поэзиялық) жатқа мәнерлеп оқиды.

  • Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие және т.б.) насихаттау керек;

  • Қатысушылар қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

  • Мәнерлеп оқуға берілетін ең көп уақыт мөлшері – 5 минут. (5 минуттан асқан жағдайда ұпай шегеріледі.)

  • Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) киімі
2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)



5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай




  1. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.

Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.

Шарттары:



  • Қатысушылар қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларынан бір ән (дәстүрлі немесе эстрадалық) орындайды.

  • Әнді орындаушы сахнаға жалғыз өзі шығу керек (бишілерге, екінші дауыстағы басқа орындаушыларға рұқсат етілмейді.)

  • Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие және т.б.) насихаттайтын ән болу керек;

  • Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.

  • Ән жанды дауыспен орындалу және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білуі керек.

  • Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.

  • Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

  • «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:



Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) вокалы
2) әуені

3) киімі


5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

2 қосымша



1. Тапсырыс үлгісі
Қ.Сатпаев атындағы №16 қазақ орта мектебі немесе Зайсан ауданы бойынша

«Жарқын болашақ» V республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының

аудандық(қалалық) немесе облыстық кезеңге қатысатын оқушылардың тізімі

(үлгі)





Тегі, аты

Мектеп

Сынып

Ұлт

Ұл-қыз

Конкурс атауы

Тақырып

Мұғалімі

1

Ибрагимов Қанат




11

Қазақ

ұл

«Сөз шеберлері»

М.Шаханов «Төрт ана»

Әсетова Айна

2










Өзге ұлт




«Сөз шеберлері»







3










Қазақ




«Тілші-әдебиетшілер»







4










Өзге ұлт




«Тілші-әдебиетшілер»







5










Қазақ




«Әнші-бұлбұлдар»







6










Өзге ұлт




«Әнші-бұлбұлдар»







7










Қазақ




«Жас ғалымдар»







8










Өзге ұлт




«Жас ғалымдар»







9










Қазақ




«Жазушылар»







10










Өзге ұлт




«Жазушылар»








Мектеп директоры:

Білім бөлімінің бастығы:

1 қосымша

ЕСКЕРТУЛЕР:

    1. Сайысқа қатынасу туралы сұраныс хат болмаған жағдайда талапкер сайысқа жіберілмейді;

    2. Сұраныс хат тек жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін электронды түрде қабылданады;

    3. Егер талапкердің сайыс барысындағы жауабы немесе өнері белгіленген уақыттан асып кетсе, еңбегі бағаланбайды;

    4. Әр топтың (қазақ немесе орыс тобы) жұмысы жеке аудиторияларда ұйымдастырылып, бір – бірінен бөлек бағаланады;

    5. Әрбір бағытта орындалатын шығармалар тек қазақ тілінде ғана орындалуы тиіс және де қазақ тілі мен әдебиетінің де сұрақтары екі топта да қазақ тілінде ғана болады;

    6. Ұсынылатын шығармаларыңыздың тақырыбы, авторы толық жазылуы тиіс және тақырыпқа сәйкес келуі өте қатты сұралады. Сәйкес келмеген жағдайда автоматты түрде алынып тасталынады. Қайта өзгертулер қабылданбайды.

    7. Әр шараның өту орындары немесе өзгерістер туралы қосымша жиындарда хабарланады. (сондықтан да сұраныста мектеп директорының қолы, мекен –жайларыңыз, телефон, факстеріңіз болған жөн).

    8. Облыстық кезеңнің екі қалада өткізілуіне байланысты (Өскемен, Семей) жер жағдайының орналасуына қарай аудандар мына кесте бойынша аталған мектепке тапсырыс береді:

9. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің, Назарбаев

зияткерлік мектептерінің және «Нұрорда» халықаралық мектебі оқушылары бірден



үшінші кезеңге қатыстырылады.


ӨСКЕМЕН ҚТЛ

СЕМЕЙ ҚТЛ






Аудандар



Аудандар

1

Риддер

1

Курчатов

2

Глубокое

2

Абай

3

Зайсан

3

Аягөз

4

Зырян

4

Бесқарағай

5

Катонқарағай

5

Бородулиха

6

Күршім

6

Жарма

7

Тарбағатай

7

Көкпекті

8

Ұлан

8

Үржар

9

Жамбыл гимназиясы

9

Семей ҚТЛ

10

Облыстық лицей интернаты

10

Жас Ұлан

11

Өскемен ҚТЛ

11

Шәкәрім ОҮТОМГ

12

«Восток» ҒЗДОО

12

Балет мектебі

13

ОММФИМ №25

13

НЗМ (НИШ)

14

№34 МЛ







15

НЗМ (НИШ)







16

«Нұрорда» ХМ








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет