Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасын



Дата11.07.2016
өлшемі27.24 Kb.
#192469
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультеті Қазақстан Республикасының ғлым және білім Министрлігімен бірге Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасын келесі бағыттар бойынша өткізеді:


  1. Биология

  2. Биотехнология

Олимпиада мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді таңдау және қолдау көрсету; студенттердің интелектуалды потенциалын қалыптастыруға көмектесу; студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиаданың өту мерзімі: 26-27 наурыз 2015 ж.

Олимпиаданың өту орны: Биология және биотехнология факультеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Олимпиада жұмысының тілі: қазақ және орыс.

Тақырыптық бағыттар:



  • Биология

  • Биотехнология

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

  1. Бірінші – ЖОО кезең (2015 ж.1 наурызға дейін)

  2. Екінші – республикалық (шешуші) кезең (2015 ж. 26 наурыз)

Республикалық пәндік олимпиаданың шешуші кезеңі – топтар сайсы (топта 3 студент) және студенттер (жеке есеп), екі турдан тұрады:

  1. Бірінші сайыс «Теориялық тапсырмалар» - тест тапсырмалары+ есептер;

  2. Екінші сайыс «Практикалық тапсырмалар» - зертханалық жұмыстар.

Ақтық кезеңде Республикалық пәндік олимпиада әділқазылары топтық және жеке есептер бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Жеке есепте «Теориялық тапсырмалар» сайысының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған қатысушы жеңімпаз атанады. Топтық есепте абсолютты жеңімпаз болып екі сайыс бойынша ең жоғары ұпай алған топ есептеледі.

Олимпиаданы ұйымдастырушы комитетке ұсынылатын құжаттар реті

Топтарды тіркеуге ЖОО келесі құжаттарды ұсынады:



  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик, т.ғ.д., профессор Ғ.М.Мутановтын атына жазылған қатусышылардың жеке өтініші;

  2. Ұсыныс (Факультеттің Ғылыми Кеңесінің шешімінен көшірме);

  3. Қатысушының анкетасы (ТАӘ, мамандығы, курсы, білім алу тілі);

  4. Оқытушы анкетасы – топ жетекшісі (ТАӘ, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі).

Құжаттар 19 наурызға дейін келесі мекен-жайға тапсырылады:

050038, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, БОҒ 6, биология және биотехнология факультеті.

Тел/факс 8(727) 377-33-80 (биология және биотехнология факультетінің деканы).

Ақпарат алу жөнінде хабарласыңыздар:

Биология – мамандығы:

Уршеева Б.И. – биофизика және биомедицина кафедрасы, каб. 433. Тел.: 8 (727) 377-33-34 (12-07).

e-mail: Balbobek.Ursheeva@kaznu.kz

Биотехнология – мамандығы:

Нармуратова Мейрамкуль Худретовна – биотехнология кафедрасы, каб.403. Тел.: 8 (727) 377-33-29 (12-05).

e-mail: Meyramkul.Narmuratova@kaznu.kz

Топ мүшелері өздерімен бірге жеке куәлігін мен сынақ кітапшасын (түпнұсқа) және ақ халат алып келуі тиіс



Іс сапар шығыны (жол жүру және тұратын жайы) іс сапарға жіберуші оқу орны есебінен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет