№
|
Қолданыстағы Заң
баптарының белгілері
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Түзетулерді енгізу
қажеттігінің негіздемесі
|
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңы
|
-
|
6-баптың 4-тармағының жаңа бөлігі
|
6-бап. Республика Парламентiнiѕ сессиялары
Жоқ
|
6-бап. Республика Парламентiнiң сессиялары
Жұмыс күндері деп, демалыс немесе мереке (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) күндерінен басқа күндері түсінген жөн.
|
Түзету Конституциялық мерзімді есептеудің басталуын мен аяқталуын белгілеу мақсатында енгізіледі.
|
-
|
19-баптың
2-тармағы
|
19-бап. Республиканың заңдарын Республика Президентiне қол қоюға ұсыну
2. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, Премьер-Министрдiң қолымен алдын-ала бекiтiлiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол бір ай iшiнде ұсынылған заңға қол қойып оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады.
|
19-бап. Республиканың заңдарын Республика Президентiне қол қоюға ұсыну
2. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, Премьер-Министрдiң қолымен алдын-ала бекiтiлiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол бір ай iшiнде Парламент Сенаты ұсынылған заңға қол қойып оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қою үшін берілген бір ай мерзімі Қазақстан Республикасының Президенті заңды алған күннен бастап есептеледі және келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
|
Түзету Конституциялық мерзімді № 13-15/И-165
|
3
|
20-баптың
1-тармағы
|
20-бап. Республика Парламентiнiң Республика Президентiнiң қарсылықтарын қарауы
1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.
|
20-бап. Республика Парламентiнiң Республика Президентiнiң қарсылықтарын қарауы
1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді және келесі айдан тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімінің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-баптың 4-тармағында және 61-баптын 2-тармағында көрсетілген жаєдайларды қоспағанда бір ай мерзімі үзіледі, егер ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-баптың 3-тармағымен белгіленген Парламент сессиясының жұмысы кезеңімен уақытымен кездеспесе.
Бір ай мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.
|
Түзету Конституциялық мерзімді есептеудің басталуын мен аяқталуын белгілеу мақсатында енгізіледі.
|
4
|
36-баптың
2-тармағы
|
36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.

Бір жыл мерзім осы оқиға болған күннен, яғни Республика Президентінің Парламент немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен басталады. Осы мерзім келесі жылдың тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
|
Түзету Конституциялық мерзімді есептеудің басталуын мен аяқталуын белгілеу мақсатында енгізіледі.
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы
|
5
|
69-баптың
3-тармағы
|
69-бап. Сенат депутаттары сайлауын тағайындау
1. Сайлау тағайындауға мыналар:
1) кезектi сайлау үшiн - Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бітуі;
2) кезектен тыс сайлау үшiн - Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы;
3) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткiзу үшiн - депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоќтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.
...
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.

Республика Президентінің Парламентті тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау өткізілуге тиіс мерзім басталады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
|
Түзету Конституциялық мерзімді есептеудің басталуын мен аяқталуын белгілеу мақсатында енгізіледі.
|
6
|
85-баптың
3-тармағы
|
85-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
...
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.

Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап, Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау өткізілуге тиіс мерзім басталады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
|
Түзету Конституциялық мерзімді есептеудің басталуын мен аяқталуын белгілеу мақсатында енгізіледі.
|
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 29 желтоқсандағы Конституциялық заңы
|
7
|
24-бап
|
24-бап. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
Конституциялық Кеңес iс жїргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.
|
24-бап. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
Конституциялық Кеңес iс жїргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады, бұл мерзім келесі айдан тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімінің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша қорытынды шешім қабылдауға бір ай мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.
Бір-бірімен өзара байланысты өтініштерді Конституциялық Кеңес бір іс жүргізуге біріктірген жағдайда, қорытынды шешім шығару үшін Конституцияда көзделген бір ай мерзімді соңғы өтініш түскен күннен бастап есептеген жөн.
|
Түзету Конституциялық мерзімді есептеудің басталуын мен аяқталуын белгілеу мақсатында енгізіледі.
|