Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):
1) 38-баптың 7-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының жұмыс iстемеген уақыты; алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңданудан болған немесе соларға байланысты iс-әрекеттерден болған ауыру уақыты; жазаны өтеу кезеңiнде басқа iс бойынша тыйым салу шарасы тәртiбiнде қамау уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептелмейдi.»;
2) 178-1-баптың 5-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер, шартты түрде мер0зiмiнен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде бiрнеше мәрте әкiмшiлiк құқық бұзушылық не сол үшiн оған әкiмшiлiк қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса немесе мiндеттердi орындаудан қасақана жалтарса, уәкiлеттi орган сотқа шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазасының өтелмеген қалған бөлiгiн атқару туралы ұсыным енгiзедi.».
2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) 2-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.»;
2) 2-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
3) 24-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.»;
4) 30-баптың 1-1-бөлігі алып тасталсын;
5) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін.»;
6) 121-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 636-бабында көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 806-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.»;
7) 26-тарау алып тасталсын;
8) 278-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлігімен толықтырылсын:
«1-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша өндіріс жүргізетін соттың (судьяның), органның (лауазымды адамның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау істері бойынша осы тараудың ережелері бойынша арыздар сотта қарастыруға жатпайды.».
3. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
1) 54-баптың 1-бөлігінің 2-тармақшасының 8-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша ұстау изоляторларының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;»;
2) 55-баптың 1-бөлігінің 2-тармақшасының 7-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша ұстау изоляторларының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;».
4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
130-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 34-баптың 1-тармағының 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513 - 522, 524 - 526, 530, 531, 541 - 543, 547, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;»;
2) 40-баптың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513, 520, 524 - 526, 530, 531, 532, 544, 547, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
3) 47-баптың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513, 520, 524 - 526, 530, 531, 532, 536, 544, 547, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
4) 54-баптың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513, 520, 523 - 531, 536, 543, 547, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаларды бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады;»;
5) 62-баптың 1-тармағының 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтініш берушінің кеден органына өтініш берген күні бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 520, 524, 532, 535, 536, 537, 540 - 547, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;»;
6) 63-баптың 4-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін Қазастан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 520, 524, 532, 535, 536, 537, 540 - 547, 550-баптары бойынша әкімшілік іс жүргізудің қозғалу фактілері болған;»;
7) 63-баптың 5-тармағының 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 520, 524, 532, 535, 536, 537, 540 - 547, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде жойылады.».
6. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағының 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтап тұру;»;
2) 5-1-баптың 2-тармағының 21)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, белгiлi тұрғылықты орны және құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау-бөлу орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;»;
3) 10-баптың 1-тармағының 12)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) қылмыстық жазалар мен әкiмшiлiк жазалауларды атқаруға, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;»;
4) 10-баптың 1-тармағының 30-4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-4) кез келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан, соның iшiнде өздерiнiң қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қастық жасау туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн уақытша ұстау оқшаулау бөлмелерi болуға;»;
5) 11-баптың 1-тармағының 9)-тармақшасы алып тасталсын.
6) 11-баптың 1-тармағының 15)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;».
7. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат):
41-баптың абзацтағы 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге;».
8. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат):
8-баптың абзацтағы 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қызметін немесе өзге қызмет түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе тыйым салуға, жеті тәулік ішінде талап-арызды міндетті түрде сотқа бере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 772 бабында көрсетілген жағдайларда тоқтата тұруға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады.».
9. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына («Егеменді Қазақстан» 2000 жылғы 1 желтоқсан № 302-303):
15-3-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар хабарлама берген субъектілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметін жүзеге асыру құқығынан айырады.».
10. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат):
8-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қызметiн немесе өзге қызмет түрлерін сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, жеті тәулік ішінде талап-арызды міндетті түрде сотқа бере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 772 бабында көрсетілген жағдайларда құқылы болады. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;».
11. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат):
18-баптың 1-тармағының 1)-тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шаруашылық қызметiне немесе өзге қызмет түрлеріне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама, жеті тәулік ішінде түрде талап-арыз сотқа мiндеттi бере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 772 бабында көрсетілген жағдайларда шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;».
12. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат):
1) 5-баптың абзацтағы 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) заңнамада көзделген жағдайларда әскери қызметшiлердi гауптвахтаға жабу арқылы ұстауды орындау болып табылады.»;
2) 8-баптың абзацтағы 20)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) әскери полиция органдары ұстаған не тергеуде және сотта жатқан әскери қызметшiлердi ұстау үшiн, сондай-ақ гарнизондар қолбасшылығының қамау түрiндегі қылмыстық жазаны орындауы үшiн арнайы үй-жайы - гауптвахтасы болуға құқылы.»;
3) 11-баптың 2-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыс үстiнде ұсталған және қарсылық көрсеткен, қамаудан қашқан адамдарды ұстау, сондай-ақ қарулы адамды ұстау;».
13. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат):
43-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметiн немесе өзге қызмет түрлерін сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, жеті тәулік ішінде талап-арызды сотқа табыс етудi мiндеттей отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 772 бабында көрсетілген жағдайларда жол берiледi.».
14. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат (2558)):
1) 16-баптың 3-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әкімшілік деректерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және мерзімде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
2) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.».
15. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат (2560)):
11-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған сот қаулылары, - егер заңмен өзге мерзiмдер белгiленбесе, бір жыл iшiнде;».
16. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1 (2578), 4-құжат):
1) 60-баптың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер құқық бұзушылар (сотталғандар, күдіктілер, айыпталушылар және әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар) қызметкерлерге, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу үшін ұстау үшін, ұсталған, күзет қойылған адамдарды, сондай-ақ сотталған, күдікті және айыпталушы адамдарды, не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға жеткілікті негiздемелер болса, сондай-ақ қызметкерлердiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты күзетпен апару және күзету;»;
2) 61-баптың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезінде қолға түскен, қамаудан қашқан адамдарды ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшін;».
Достарыңызбен бөлісу: |