Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі46.43 Kb.
#9036
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 тамыздағы N 219-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  


Премьер-Министрінің   
2008 жылғы 23 тамыздағы 
N 219-ө өкімімен    
бекітілген       

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ

2008 жылғы
тамыз

2

Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ

2008 жылғы
тамыз

3

Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтелуін ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ

2008 жылғы
тамыз

4

Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ

2008 жылғы
тамыз

5

Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржымині

2008 жылғы
тамыз

6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині

2008 жылғы
тамыз

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ККМ

2008 жылғы тамыз

8

Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ТМРА

2008 жылғы тамыз

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 443 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

10

Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

11

Концессияға жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Бұйрық

ЭБЖМ

2008 жылғы тамыз

12

Концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілеу туралы

Бұйрық

ЭБЖМ

2008 жылғы тамыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ        - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ККМ         - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржымині   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТМРА        - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет