1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Р/с
N
|
Нормативтік құқықтық актінің атауы
|
Актінің нысаны
|
Орындауға жауапты мемлекеттік орган
|
Орындау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу ережесін бекіту туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы
тамыз
|
2
|
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы
тамыз
|
3
|
Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтелуін ұсыну ережесін бекіту туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы
тамыз
|
4
|
Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы
тамыз
|
5
|
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Қаржымині
|
2008 жылғы
тамыз
|
6
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині
|
2008 жылғы
тамыз
|
7
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ККМ
|
2008 жылғы тамыз
|
8
|
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
ТМРА
|
2008 жылғы тамыз
|
9
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 443 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
|
Бұйрық
|
Қаржымині
|
2008 жылғы тамыз
|
10
|
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы
|
Бұйрық
|
Қаржымині
|
2008 жылғы тамыз
|
11
|
Концессияға жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
|
Бұйрық
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы тамыз
|
12
|
Концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілеу туралы
|
Бұйрық
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы тамыз
|