48
|
37-бап
|
37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасында айқындалған үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және әлеуетті өнім берушіге жолдайды.
Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасаолған жағдайда қорытындылар туралы хаттаманың және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бір данасын конкурстың жеңімпазына жолдайды.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазакқстан Республикасыынң резиденті емеспен жасалған жағдайда мемлекетітк сатып алу туралы шартты ол ұсынған нысанды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып ресімдеуге жол беріледі.
3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
4. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде көзделген жағдайларда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсiнше орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алудың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
5. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге:
1) келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзiмiмен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;
2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын активтер мен басқа да тауарларды;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;
5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткiзу) мерзiмi келiсiлген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
6. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
7. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
8. Бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмектi көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
9-1. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
10. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
|
37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасында айқындалған үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және әлеуетті өнім берушіге жолдайды.
Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасаолған жағдайда қорытындылар туралы хаттаманың және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бір данасын конкурстың жеңімпазына жолдайды.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазакқстан Республикасыынң резиденті емеспен жасалған жағдайда мемлекетітк сатып алу туралы шартты ол ұсынған нысанды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып ресімдеуге жол беріледі.
3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуеттi өнiм берушiге жiберген күннен бастап, күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісті деңгейде орныдамаған үшін айыппұл санкциялары, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық сомасынан айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша міндеттері көзделуі тиіс.
5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде көзделген жағдайларда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсiнше орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алудың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге:
1) келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзiмiмен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;
2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын активтер мен басқа да тауарларды;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;
5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткiзу) мерзiмi келiсiлген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
9. Бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмектi көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
11. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
12. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
|