3
|
4-бап
|
4-бап. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу
1. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормалары қолданылмай мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) егер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
3) жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу iс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды жүзеге асыру үшiн:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтiк үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктi;
жасырын ұйымдар құру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтердi сатып алу;
4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсiптер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарлар тiзбесi бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша тауарларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
7) өкiлдiк ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
8) көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердiң материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған iс-шараларға қатысқаны үшiн ақы төлеу;
9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi мерзiмдi баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, әртүрлi магниттiк жеткiзгiштерде басылған дыбыстандырылған кiтаптарды, көзi көрмейтiн мүгедектерге қызмет көрсету үшiн рельефтiк-нүктелiк шрифтiмен, тифлоқұралмен басылған кiтаптарды сатып алу;
10) қызметкерлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, қаржылық қызметтердi сатып алу;
12) мамандандырылған кiтапханалардың қызметтерiн сатып алу;
13) лизинг қызметiн жүзеге асыру кезiнде тауарларды кейiннен лизингке беру үшiн сатып алу;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестердi сатып алу;
15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
16) мемлекеттiк және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсiн және оның құжатын, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық) және жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi дайындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өнiм берушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететiн баспа өнiмдерiн сатып алу;
17) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберiнде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
18) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткiзiп беру жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өтемсiз негiзде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
20) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
21) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiне кiретiн медициналық қызметтердi сатып алу;
21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрi олармен бiрге жүру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
23) iссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
24) тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттiк мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның iшiнде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшiрмелерiн қоса алғанда, сирек кездесетiн және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
25) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлiк меншiк объектiлерi болып табылатын тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) табиғи монополия субъектiлерiнен реттелетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
27) тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын белгiлi бiр нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесi жүз процентке тең болатын тұлғадан не нарық субъектiсiнен олардың қызметiнiң негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
28) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiр жол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшiн, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
29) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, сондай-ақ олардың атынан жұмыс iстейтiн тапсырыс берушiлердiң оқшауланған бөлiмшелерiнiң шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнiндегi қызметтерiн сатып алу;
31) мемлекеттiк органның дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз процентi мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша оған қатысты иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнен, сондай-ақ оған қатысты осындай мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы бойынша басқару органының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алуы;
32) монетарлық қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
33) Қазақстан Республикасы Президентiн, өзге де күзетiлетiн тұлғаларды және күзетiлетiн тұлғалардың келуiне арналған объектiлердi күзетуге және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
34) халықаралық коммерциялық төрелiктерде және шетелдiк сот органдарында мемлекеттiң не тапсырыс берушiнiң мүдделерiн қорғау мен бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заң қызметтерiн сатып алу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
37) акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң бақылау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу;
38) мамандандырылған ұйымының (агенттiң) отандық өнiм өндiрушiлерден азық-түлiк тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
39) статистикалық бақылаулар деректерiн өңдеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
40) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткiзетiн;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлiктердi (активтердi) сатып алу; U952721
41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететiн қызметтерiн сатып алу;
42) түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
43) мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық тауар өндiрушiлер мен жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған уәкiлеттi ұйымнан сатып алу;
44) алынып тасталды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
45) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
46) электр энергиясын сатып алу;
47) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
48) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
49) нарыққа реттеушiлiк әсер ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервке тауарлар сатып алу;
50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
51) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және азаматтық авиациясы субъектiлерiнiң авиаотынды тiкелей отандық мұнай өңдеушi кәсiпорындардан сатып алуы;
52) отандық тауар өндiрушiлердiң — мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн өнiмдердi өндiру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
53) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және мемлекеттiк сатып алу бойынша өнiм берушi ретiнде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
54) ғарышкерлердi даярлау және ғарышкерлердiң ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
55) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және ұзақ мерзiмдiк бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл iшiнде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүргiзiлген болса, тапсырыс берушiнiң техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжiрибелiк өнеркәсiп үлгiсiнде өндiрудi және тауарларды сериялық өндiрудi ұйымдастыруды көздейтiн отандық тауар өндiрушiлерден тауарларды сатып алуы;
56) отандық тауар өндiрушiлерден мемлекеттiк материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
57) мамандандырылған авиажөндеу кәсiпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметiн көрсетудi сатып алу;
58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне қауiп төндiретiн ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен бөлiнген ақша есебiнен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
59) мемлекеттiк бюджет есебiнен гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу принциптерi сақтала отырып, жүзеге асырылады.
|
4-бап. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу
1. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормалары қолданылмай мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) егер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
3) жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу iс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды жүзеге асыру үшiн:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтiк үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктi;
жасырын ұйымдар құру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтердi сатып алу;
4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсiптер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарлар тiзбесi бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша тауарларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
7) өкiлдiк ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
8) көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердiң материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған iс-шараларға қатысқаны үшiн ақы төлеу;
9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi белгілі бір мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
10) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
11) қызметкерлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
12) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банк) ұйымын дербес анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызметтерді сатып алу;
13) зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кiтапханалардың қызметтерiн сатып алу;
14) лизинг қызметiн жүзеге асыру кезiнде тауарларды кейiннен лизингке беру үшiн сатып алу;
15) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестердi сатып алу;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
17) мемлекеттiк және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсiн және оның құжатын, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық) және жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi дайындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өнiм берушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететiн баспа өнiмдерiн сатып алу;
18) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберiнде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
19) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткiзiп беру жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
20) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өтемсiз негiзде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
21) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
22) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiне кiретiн медициналық қызметтердi сатып алу;
23) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
24) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу;
25) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрi олармен бiрге жүру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) iссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
27) тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттiк мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның iшiнде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшiрмелерiн қоса алғанда, сирек кездесетiн және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
28) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлiк меншiк объектiлерi болып табылатын тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
29) табиғи монополия субъектiлерiнен реттелетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
|