«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте


Көрсетілген талап осы Заңның 41-бабы 1) және (немесе) 5) тармақшаларына және 42-бабына сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды



бет5/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Көрсетілген талап осы Заңның 41-бабы 1) және (немесе) 5) тармақшаларына және 42-бабына сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алуды тек электронды форматта ғана конкурс және аукцион тәсілімен өткізу мақсатында. (Аталған түзетулер 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

«Ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі №598 қаулысының 2 бөлімнің 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік құпиялары бар, таратылуына шектеу салынған электронды ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен жария таратуға тыйым салынған өзге де мәліметтерді орналастыруға жол берілмейді.


14

13-бап

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

     3) үздiксiз қызметтi қамтамасыз ету үшiн тапсырыс берушiлер сатып алатын күнделiктi немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;


      4) осы Заңның нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор және тауар биржаларының тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      5) мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      7) стратегиялық маңызы бар өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
      8) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi , сондай-ақ оларды сатып алу тәртiбiн айқындайды;
      9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуеттi өнiм берушiлер санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды;
      10) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
      11) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртiбiн айқындайды;
      12) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгiлiк талаптарды белгiлейдi;
      13) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды;
      14) электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      15) мемлекеттiк сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың тәртiбiн айқындайды;
      16) арнайы қорғау дәрежесi талап етiлетiн баспа өнiмдерiн берушiлердi айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнiмнiң тiзбесiн бекiтедi;
      17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
      18) түзету мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушiлер сатып алатын, олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi;
      19) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесiн және олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардан тапсырыс берушiлердiң сатып алу тәртiбiн айқындайды;
      20) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындайды;
      21) қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн айқындайды;
      22) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiн айқындайды;
      23) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардың тiзбесiн бекiтедi;

      24) отандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiтедi.


13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

3) үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;

5) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;



8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;

10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекітеді;

11) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;

12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;

13) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды;

14) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды;

15) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды;

16) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;

17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекітеді;

18) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу тәртібі мен көлемін айқындайды;

20) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;

21) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;

22) конкурс қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын, күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

23) отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.



Келісімге сәйкес келтіру мақсатында.

Келісімнің 10-тармағы 1-бабына сәйкес Аукцион тәсілімен сатып алу, осы Келісімге №2 қосымшада көзделген тізбе бойынша электрондық форматта (нысанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукцион өткізу жолымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым кеңірек тізбесін белгілеуге құқылы.

Бұл алып тастау тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды енгізумен негізделеді, бұл тауар биржаларының тізбесін бекітуді болдырмайды

Ұйымдастырылған саудаларда мемлекеттік сатып алу тәсілін аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алға ауыстыруға байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес өткізу мақсатында.

Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірлерінің өзгеруіне байланысты

Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірлерінің өзгеруіне байланысты

Редакцияны нақтылау.


Заңның 4-бабының 1-тармағының 31) тармақшасына енгізілген түзетулерге байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес.

Заңның 13-бабының 23) тармақшасы осы тармақшаның Заңның 13-бабының 19) тармақшасын қайталауына байланысты алып тасталды.


15

17-баптың

1-тармағы

17-бап. Конкурстық құжаттама

      1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiмен айқындалған үлгiлiк конкурстық құжаттаманың негiзiнде әзiрлейдi.





17-бап. Конкурстық құжаттама
1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде анықталған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде әзірлейді.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасы және электронды мемлекеттік сатып алу қағидасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген қаулысымн регламенттелуіне байланысты.



16

17-бап

4-тармағының 1) тармақшасының 3- абзацы және 2) тармақшасы

4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсiпкерлердi қолдау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай критерийлердi:
      1) әлеуеттi өнiм берушiде:
      өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң;
      өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында кәсiби бiлiктiлiк деңгейi мен жұмыс тәжiрибесi бар мамандардың;
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндiрушiлер үшiн ұсынылатын тауарларды ерiктi түрде сертификаттауды растайтын құжаттың
      мемлекеттiк стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) болуын;
     

2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетудi және оларды жөндеудi;



4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсiпкерлердi қолдау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай критерийлердi:
1) әлеуеттi өнiм берушiде:

өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндiрушiлер үшiн ұсынылатын тауарларды ерiктi түрде сертификаттауды растайтын құжаттың

мемлекеттiк стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) болуын;


2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетудi және оларды жөндеудi;

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушалар мен әлеуетті өнім берушілердің осы критерийді қолдану кезінде конкурстың қорытындысына әсер ететін көптеген асыра қолдануларға байланысты алып тастау ұсынылады.



Сол немес өзге әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын шартты қысқарту туралы шешім қабылдау кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі функционалдықты айқындаудың қиындығына байланысты.


17

17-баптың

5 және 6-тармақтары

5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгiленген жағдайларда жариялануға тиiстi ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрi - тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсы ) көрсетiлуге тиiс. Тапсырыс берушiнiң  интернет-ресурсы тұрақты жұмыс iстеуге және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын тұлғаға тиесiлi болуға тиiс.
     
6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
      Мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның мiндетiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
      Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының екiншi бөлiгiнде, 4-тармағында, 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушысы не бiрыңғай ұйымдастырушы болатын тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғасы не олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.

5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгiленген жағдайларда жариялануға тиiстi ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрi - тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсы ) көрсетiлуге тиiс. Тапсырыс берушiнiң  интернет-ресурсы тұрақты жұмыс iстеуге және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын тұлғаға тиесiлi болуға тиiс.

Осы тармақтың талаптары конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.

Мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның мiндетiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.



Электронды мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада Заңмен белгіленген жағдайларда жариялауға жататын ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электронды мекенжайын көрсету орынсыз, өйткені конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу, барлық қажетті ақпарат орналастырылған мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурстық құжаттама Заңға сәйкес кез келген конкурсты өткізу кезінде айқындалатын тапсырыс беруші бекітеді.

Бұл ретте, аталған тапсырыс беруші бір мезгілде ұйымдастырушы ролінде бола ма немесе жоқ па, конкурстық құжаттаманы бекітетін тұлғаға әсер етпейді.



18

18-бап




18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берген соңғы күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:


      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн осы Заңға сәйкес уәкiлеттi орган айқындаған заңды тұлғаға хабарландырудың мәтiнiн Бюллетеньде жариялау үшiн жiберуге;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға;
      4) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында хронологиялық тәртiппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерiн, почта және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
      2. Жабық конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзi шақыратын әлеуеттi өнiм берушiлердiң атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен жазбаша хабарламалар жiбередi.
      Жабық конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзi шақыратын әлеуеттi өнiм берушiлердiң атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен тиiстi жазбаша хабарламаны жiберуге тиiс.


18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берген соңғы күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:

1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;

2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;

3) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында хронологиялық тәртiппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерiн, почта және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін жиырма күннен кем емес мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарнама мәтінін жариялауға міндетті.

Конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.



Конкурс тәсілімен қайталама электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін он күннен кем емес мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін жариялауға міндетті.

Ақша қаражатын уақтылы игеру үшін конкурс тәсілімен электронды мемлекеттік сатып алу өткізу мерзімін қысқарту мақса тында

Ақша қаражатын уақтылы игеру үшін конкурс тәсілімен электронды мемлекеттік сатып алу өткізу мерзімін қысқарту мақса тында


19

19-баптың

1-тармағының 1-бөлігі және 2- тармағы

 19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделi тұлғаларға қағаз жеткiзгiште (бұдан әрi - конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгiленген талаптары ескерiлiп, тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы табыс етедi.


      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн мүдделi тұлғаларға олар мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс ету туралы өтiнiш жасаған күнi табыс етуге мiндеттi.
      Егер конкурстық құжаттаманың көшiрмесi арқылы негiзде табыс етiлген болса және бұл туралы сiлтеме тиiстi хабарламада қамтылса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделi тұлғаларға мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгiзгенiн растайтын құжатты ұсыну шартымен өздерi өтiнiш жасаған күнi табыс етедi.
      Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткенi үшiн ақы мөлшерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң данасын әзiрлеумен тiкелей байланысты шығыстарынан аспауға тиiс.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсынан бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет