14
|
13-бап
|
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) үздiксiз қызметтi қамтамасыз ету үшiн тапсырыс берушiлер сатып алатын күнделiктi немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
4) осы Заңның нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор және тауар биржаларының тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
5) мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
7) стратегиялық маңызы бар өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
8) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi , сондай-ақ оларды сатып алу тәртiбiн айқындайды;
9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуеттi өнiм берушiлер санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды;
10) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
11) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртiбiн айқындайды;
12) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгiлiк талаптарды белгiлейдi;
13) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды;
14) электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
15) мемлекеттiк сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың тәртiбiн айқындайды;
16) арнайы қорғау дәрежесi талап етiлетiн баспа өнiмдерiн берушiлердi айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнiмнiң тiзбесiн бекiтедi;
17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
18) түзету мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушiлер сатып алатын, олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi;
19) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесiн және олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардан тапсырыс берушiлердiң сатып алу тәртiбiн айқындайды;
20) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындайды;
21) қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн айқындайды;
22) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiн айқындайды;
23) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардың тiзбесiн бекiтедi;
24) отандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiтедi.
|
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
3) үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
5) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекітеді;
11) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
13) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды;
14) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
15) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды;
16) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекітеді;
18) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу тәртібі мен көлемін айқындайды;
20) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
21) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
22) конкурс қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын, күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
23) отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.
|
Келісімге сәйкес келтіру мақсатында.
Келісімнің 10-тармағы 1-бабына сәйкес Аукцион тәсілімен сатып алу, осы Келісімге №2 қосымшада көзделген тізбе бойынша электрондық форматта (нысанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукцион өткізу жолымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым кеңірек тізбесін белгілеуге құқылы.
Бұл алып тастау тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды енгізумен негізделеді, бұл тауар биржаларының тізбесін бекітуді болдырмайды
Ұйымдастырылған саудаларда мемлекеттік сатып алу тәсілін аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алға ауыстыруға байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес өткізу мақсатында.
Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірлерінің өзгеруіне байланысты
Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірлерінің өзгеруіне байланысты
Редакцияны нақтылау.
Заңның 4-бабының 1-тармағының 31) тармақшасына енгізілген түзетулерге байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес.
Заңның 13-бабының 23) тармақшасы осы тармақшаның Заңның 13-бабының 19) тармақшасын қайталауына байланысты алып тасталды.
|