Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



бет3/9
Дата17.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#141539
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;

4) бағалы қағаздарды;

5) инвестициялық алтынды;

6) туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен атқарылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

7) тұрғын үй құрылысындағы қатысу үлесін сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетеді.

Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі.

9. Кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация:

1) кез келген кірістердің жоқ екенін немесе тек қана:

төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;

алименттер түріндегі кірістерді алғанын;

2) салық шегерімдеріне құқықтардың жоқ екенін немесе оларды, оның ішінде салық агенті қолданған салық шегерімдеріне қосымша қолдануға ниетінің жоқ екенін;

3) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

10. Жеке табыс салығы бойынша декларация үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алған (алуға жататын) кірістерін көрсетуге арналған.»;

19) 68-бапта:



мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, салық есептілігін ұсынудың ерекше тәртібін және осындай есептілікті ұсынатын тұлғалардың тізбесін айқындайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 187-1, 187-4, 187-6, 270, 296, 364 және 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігі ұсынылмайды.

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылады.

Акциз бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес (темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізуді қоспағанда) салық органдарында тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерге қолданылады.»;

20) 70-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:



«6-1) жеке тұлғаның декларацияны ұсынуы жөніндегі міндеттеме туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа, жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектерін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектерін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;»;

21) 72-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:



«5. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсыну мерзімін ұзарту құқығы салық органына салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі.

Жеке тұлғалар декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.

Әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесінен айырылған кезде жеке тұлға сол бойынша ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлға декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей ұсынады.»;

2-тармақтың 22) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

22) 73-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілерге;»;

23) 77-бапта:



4-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын кірістерін, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу бөлігінде осындай кірістер бойынша және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу бөлігінде жұмыс берушінің жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін шығыстары бойынша міндеттемелерді есепке алу;»;

2-тармақтың 23) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



мынадай мазмұндағы 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

«4-3. Уәкілетті орган жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін:

1) жеке практикамен айналысудан түсетін кірістерді;

2) осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2, 182-3-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімдерінің нысандарын бекітеді.

4-4. Уәкілетті орган шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы үшін:

1) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының жалпы кірісі;

2) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында белгіленген шекті кірісінен аспайтын сомадағы кірісі;

3) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) қатысу үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығы кірісінің осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында белгіленген шекті кіріс сомасынан асып кетуі бойынша ақпаратты көрсете отырып, шаруа немесе фермер қожалығының кірісін есепке алу жөніндегі салық тіркелімінің нысанын бекітеді.»;

2-тармақтың 24) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

24) 81-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

25) 110-бапта:



1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген, жұмыс берушінің:»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 3), 7), 9), 10), 11), 12), 17), 34) және 41) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.»;

26) 153-бапта:



2-тармақтың 26) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақ алып тасталсын;

2-тармақтың 26) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) кірісін қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.»;

27) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«154-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салудың ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізеді.

2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын резидент шетелдік тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстiң 20 және 27-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.

3. Бейрезидент жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстің 158 және 194-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.

4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Кодекстiң 432, 436 және 437-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.»;

28) 154-1-бап алып тасталсын;



29) мынадай мазмұндағы 154-2-баппен толықтырылсын:

«154-2-бап. Жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшері

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін салық салуға жататын кірістің жеке табыс салығы салынбайтын мөлшері жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерін құрайды.»;

30) 155-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салуға;

2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.»;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақта:

1), 2), 13), 14), 15), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;

32) тармақшаның алтыншы абзацындағы «пайда.» деген сөз «пайда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:

«33) жеке тұлғаларға олардан сатып алынған жеке тұлғаның жеке мүлкі үшін төленетін төлемдер.

Салық агенті осы тармақшада көзделген төлемді жүргізген жағдайда осы тармақшаның ережелері салық агентіне өтініш ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады, онда өткізілетін жеке заттардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтыны және мүліктік және басқа да кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтыны көрсетіледі;

34) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған, жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты жұмыскердi мамандығы бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстары;

35) шартта белгіленген кезең ішінде банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезеңнің берілуіне байланысты банктік қарыз бойынша төлем карточкасын ұстаушы алған сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

36) эмитент-банк төлем карточкасын ұстаушының шотына төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырғаны үшін эмитент-банктің қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;

2-тармақтың 30) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтары 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



37) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:

жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;

38) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекіткен тізбе бойынша - жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс берушінің өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының құны;

39) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түрінде көрсетілген қызметтер құны;

40) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құпия көмекшілерге төленетін төлемдер;

41) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдемей жасалған, жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша шығыстары:

жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеу үшін нақты жұмсалған шығыстар;

уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруы үшін нақты жұмсалған шығыстар;

жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар;

жұмыс берушiнің:

жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;

жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындалған ақша сомалары;

42) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қарай әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жүргізген:

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызметтер көрсететін жұмыскер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;

43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымының осы дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып, оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кездегі шығыстары:

жеке тұлғаны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстар;

уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жұмсалған шығыстар;

жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар;

дербес білім беру ұйымының:

білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - жұмыскердің оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;

44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы:

мынадай білім беру деңгейлері:

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары білім беру;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар;

сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар;

жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға бару және кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар;

уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жүргізілген шығыстар;

жеке тұлғаға:

жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегіндегі жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде төлеуге тағайындалған ақша сомалары;

келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) түріндегі төлемдер.

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет