Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба



Дата23.02.2016
өлшемі30.83 Kb.
#6869


«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

түсіндірме жазба

Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы №5-р өкіміне сәйкес.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

2014 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында


6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді


8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қажеті жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында қаулының жобасы орналастырылған www.mtc.kz


Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

министрінің міндетін атқарушы С. Сарсенов

2014 жылғы «___»_________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет