«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2013 жылғы 16 қазанда Астанада жасалған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымының Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с №
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
|
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасы
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Ратификация теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды.
Жобаны іске асырудың мақсаты өңірлік деңгейде аусылға қарсы күрес бойынша бірыңғай қадам мен стратегияны әзірлеу, Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүлік ұйымның өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп аусылға қарсы күрес бойынша ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру мен ынтымақтастығы болып табылады.
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 017 «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге халықаралық және басқа да органдар құрамына қатысу» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдардағы республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 46 250 мың теңге сомасында жүзеге асырылатын болады.
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі
|
«Астана қаласында аусыл бойынша Жануарлардың саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның Субөңірлік үйлестіруші кеңсесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйым арасындағы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне қарастыру үшін енгізу мақсатында.
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу туралы мәліметтер
|
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасында Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 1098 қаулысы.
|
7.
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі
|
Қажет етілмейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.
|
2013 жылғы 25 маусымдағы № 01/4-2471 сыбайлас жемқорлыққа қарсы, 2013 жылғы 10 қазандағы лингвистикалық сараптама № 18-07/2017, 2013 жылғы 3 қазандағы № 160 ғылыми құқықтық сараптамалары, 2013 жылғы 10 шілдедегі № 134 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің қорытындылары алынды.
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
Жоба Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
|
12.
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Орналыстырылды (www.minagri.gov.kz)
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасында Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы
2013 жылғы 16 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымының Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасында Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2013 жылғы 16 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйым арасындағы Астана қаласында аусыл бойынша Жануарлардың саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның Субөңірлік үйлестіруші кеңсесін құру туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды.
Аталған кеңсені құру Қазақстан Республикасы мен орта азиялық мемлекеттерде аусылға бақылауды күшейтуге септігін тигізеді, бұл Қазақстан Республикасында да және орта азиялық кеңістік аумағында да эпизоотикалық жағдайларға оң әсерін берді, өңірлік деңгейде аусылмен күрес жөніндегі бірыңғай қадам мен стратегияларды әзірлеуге, Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп аусылға қарсы күрес бойынша ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру мен ынтымақтастығына, эпизоотикалық жағдайларды қамтамасыз ету мен бақылау мақсатында халықаралық стандарттарды енгізуге, қажеттілік кезінде шекаралас облыстарда жедел ден қою үшін орта азиялық өңір аумақтарының нақты эпизоотикалық жағдайларына мониторинг жүргізуге және Қазақстан Республикасының аумағына аталған індеттіңәкеліну қаупін төмендету үшін Қазақстан Республикасы аумағына іргелес жатқан аудандарда індетті жұқтыруға сезімтал мал бастарын вакцинациялау үшін ХЭБ мандатына сәйкес аусылға қарсы вакцина банктерін пайдалануға септігін тигізеді.
Астана қаласында аусыл бойынша Жануарлардың саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның Субөңірлік үйлестіруші кеңсесін (ХЭБ) ашу:
аусылға бақылауды күшейтуге;
өңірлік деңгейде аталған дертпен күрес жөнінде бірыңғай қадам мен стратегияны әзірлеуге;
орта азиялық өңір ауқымында ХЭБ өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп аусылға қарсы күрес бойынша ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру мен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес осы Келісім ратификациялауға жатады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «Астана қаласында аусыл бойынша Жануарлардың саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның Субөңірлік үйлестіруші кеңсесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйым арасындағы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне қарастыру үшін енгізеді.
Жобаны іске асыруҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 017 «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге халықаралық және басқа да органдар құрамына қатысу» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдардағы республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 46 250 мың теңге сомасында жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |