Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №48 баспас ө зрелиз І



Дата23.02.2016
өлшемі73.92 Kb.
#11432
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

48 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І



2013 жылғы 18 желтоқсан
Қаржы нарығындағы ахуал туралы


  1. Инфляция

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2013 жылғы қарашада инфляция 0,5% (2012 жылғы қарашада – 0,7%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7% (0,7%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4% (0,4%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,4%-ға (1,1%-ға) көтерілді.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2013 жылғы қарашада көп дәрежеде жұмыртқа 16,3%-ға, жемістер мен көкөністер 1,5%-ға, оның ішінде қызылша 3,9%-ға, картоп 1,8%-ға, сүт өнімдері 0,8%-ға, балық және теңіз өнімдері 0,9%-ға, макарон өнімдері 0,5%-ға, ет және ет өнімдері 0,3%-ға қымбаттады. Бұдан басқа темекі бұйымдарының бағасы 1,6%-ға өсті. Қант бағасының 1,5%-ға, жарманың 1,3%-ға, оның ішінде қарақұмық жармасы бағасының 2,3%-ға төмендеуі тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында сырт киімнің бағасы 0,4%-ға, аяқ киім 0,6%-ға, тұрмыстық заттар 0,3%-ға, дәрі-дәрмек 0,5%-ға көтерілді. Бензиннің және дизель отынының құны 0,1%-ға өсті.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,6%-ға өсті. Бұл ретте ыстық судың тарифі 1,7%-ға, қоқысты шығару 1,0%-ға, электр энергиясы 0,5%-ға, орталықтан жылыту 0,2%-ға, тұрғын үйді жалдау 0,7%-ға өсті. Бұдан басқа өткен айда медициналық қызмет көрсету бағасы 0,5%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметтері 0,8%-ға көтерілді.

2013 жылғы қаңтар-қарашада инфляция 4,1% (2012 жылғы қаңтар-қарашада – 5,3%) болды. Азық-түлік тауарлары 2013 жылдың басынан бері 2,5%-ға (4,5%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,6%-ға (3,2%-ға), ақылы қызмет көрсету 7,5%-ға (8,7%-ға) қымбаттады (1-график).

1-график



2012 және 2013 жж. қаңтар-қарашадағы инфляция және оның құрамдас бөліктері

2013 жылғы қарашада инфляция жылдық көрсетуде 4,7% (2012 жылғы желтоқсанда – 6,0%) болды. Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 3,4-ға (5,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,9%-ға (3,5%-ға), ақылы қызметтер 8,2%-ға (9,3%-ға) қымбаттады.


  1. Халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары

2013 жылғы қарашада Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 24,1 млрд. АҚШ долл. дейін 1,7%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 14,8%-ға төмендеді). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері сондай-ақ 1,7%-ға ұлғайып, 23,6 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері 15,1%-ға төмендеді). Ішкі валюта нарығында валютаны сатып алу және Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның келіп түсуі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуімен, Ұлттық қор активтерінің толықтырылуымен және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсетумен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2013 жылғы қарашада 4,2%-ға ұлғайды, алтындағы активтер оның әлемдік нарықтарда бағасының төмендеуі салдарынан 5,4%-ға төмендеді.

2013 жылғы қарашада елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 69,8 млрд. АҚШ долл.) 93,9 млрд. АҚШ долларына дейін 1,6%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 9,1%-ға өсті).

2013 жылғы қарашада ақша базасы 6,0%-ға тарылып, 2609,6 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 9,7%-ға тарылды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2580,6 млрд. теңгеге дейін 6,0%-ға тарылды.

2013 жылғы қазанда ақша массасы 11680,1 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 11,0%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1437,7 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға азайды (жыл басынан бері 5,9%-ға төмендеді), банк жүйесіндегі депозиттер 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті (жыл басынан бері 13,9%-ға өсті). 2013жылғы қаңтар-қазанда тіркелген ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы аясында депозиттер көлемінің өсуі салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 85,5%-дан 2013 жылғы қазанда 87,7%-ға дейін ұлғайды.

Ақша мультипликаторы 2013 жылғы қаңтар-қазанда тіркелген ақша базасының тарылуы аясында, ақша массасының үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 3,64-тен 2013 жылғы қазанның қорытындысы бойынша 4,21-ге дейін өсті.


  1. Валюта нарығы

2013 жылғы қарашада теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 152,72–154,34 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір айда 0,4%-ға нығайып (жыл басынан –2,0% әлсіреу), бір АҚШ доллары үшін 153,68 теңге болды.

2013 жылғы қарашада қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайып, 5,4 млрд. АҚШ долл. ( жыл басынан бастап – 51,2 млрд. АҚШ долл.) болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 0,5%-ға 2,1 млрд. АҚШ долл. дейін (жыл басынан бастап – 19,8 млрд. АҚШ долл.) төмендеді.

Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 8,5%-ға ұлғайып, 7,5 млрд. АҚШ долл. (жыл басынан бастап – 71,0 млрд. АҚШ долл.) болды.


  1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2013 жылғы қарашада Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 8 аукцион өткізілді. Онда 6 жылдық МЕУКАМ (4,5 млрд. теңге), 7 жылдық МЕУКАМ (3,7 млрд. теңге), 9 жылдық МЕУКАМ (6,1 млрд. теңге және 7,0 млрд. теңге), 10 жылдық МЕУКАМ (3,6 млрд. теңге), 13 жылдық МЕУКАМ (5,1 млрд. теңге), 20 жылдық МЕУКАМ (13,9 млрд. теңге), 12 жылдық МЕУЖКАМ (14,3 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 6 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,00%, 7 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,20%, 9 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,40 және 5,90%, 10 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,60%, 13 жылдық МЕУКАМ бойынша 6,70%, 20 жылдық МЕУКАМ бойынша – 7,70%, 12 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% құрады.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,7% ұлғая отырып, 2013 жылғы қарашаның аяғында 3443,5 млрд. теңге құрады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары.

2013 жылғы қарашада Ұлттық Банктің ноттарын орналастыру бойынша аукциондар өткізілген жоқ.

Нәтижесінде айналыстағы ноттардың көлемі 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 2013 жылғы қарашаның аяғында 50,7% қысқарып, 3,6 млрд. теңге құрады.


  1. Банкаралық ақша нарығы

2013 жылғы қазанда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайып, баламасында 1731,6 млрд. теңге болды.

Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 26,6%-ға ұлғайды және 130,4 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 7,5%) болды. Бұл ретте теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы қазанда 1,43%-дан 2,06%-ға дейін өсті.

2013 жылғы қазанда 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда доллармен орналастырылған депозиттердің көлемі 15,8%-ға ұлғайып, 10,0 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 89,3%) болды. Доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы қазанда 0,13%-дан 0,08%-ға дейін төмендеді.

Ресей рублімен және еуромен депозиттерге орналастыру көлемі көп емес –орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен тиісінше 3,0% және 0,2%.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2013 жылғы қазанда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен 93,9%-дан 92,5%-ға дейін азайды. Шетел валютасымен резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен 92,4%-дан 90,7%-ға дейін азайды.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2013 жылғы қазанда 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда өзгермеді және 82,5 млрд. теңге құрады.




  1. Депозит нарығы

Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті (жылдың басынан бастап 13,9% өсті). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 6496,8 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өсті (жылдың басынан бастап 15,5% өсті), жеке тұлғалардың депозиттері 3745,7 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды (жылдың басынан бастап 11,1% өсті).

2013 жылғы қазанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6277,1 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді (заңды тұлғалардың депозиттері 0,8% төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 0,9% төмендеді), шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3965,4 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға өсті (заңды тұлғалардың депозиттері 6,5% өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0% өсті). Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 62,6%-дан 61,3%-ға дейін төмендеді.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қазанда 3778,5 млрд. теңгеге дейін 0,8 %-ға ұлғайды (жылдың басынан бері 10,8%-ға өсті). Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2082,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 1695,8 млрд. теңгеге дейін 2,9%-ға көтерілді. Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 56,0%-дан 55,1%-ға дейін төмендеді.

2013 жылғы қазанда мерзімді депозиттер 7060,6 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4225,3 млрд. теңгеге дейін 2,0%-ға артты, шетел валютасымен депозиттер 2835,3 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті.

2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,8% (2013 жылғы қыркүйекте – 4,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (6,3%) болды.


  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 11040,4 млрд. теңгені құрап, 1,0% өсті (жылдың басынан бері өсім 10,9%).

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7768,5 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды (жылдың басынан бері өсім 10,3%), шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 3272,0 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға өсті (жылдың басынан бері өсім 12,2%). Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы алдыңғы айдың деңгейінде қалды (70,4%).

Ұзақ мерзімді кредиттеу 2013 жылғы қазанда 8990,2 млрд. теңгені құрап, 0,9%-ға көтерілді, қысқа мерзімді кредиттеу 2050,3 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға өсті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 81,5%-дан 81,4%-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2013 жылғы қазанда 7523,6 млрд. теңгеге дейін 0,5%-ға артты, жеке тұлғаларға кредиттер 3516,8 млрд. теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 31,5%-дан 31,9%-ға дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2013 жылғы қазанда 1260,7 млрд. теңгеге дейін 8,9%-ға төмендеді (жылдың басынан бастап төмендеу 10,7%), бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 11,4%-ын құрайды.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің анағұрлым айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 19,8%), құрылыс (12,8%), өнеркәсіп (11,3%), көлік (3,4%) және ауыл шаруашылығы (3,3%) сияқты салаларға тиесілі.



2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,6% (2013 жылғы қыркүйекте – 10,5%), жеке тұлғаларға – 19,2% (19,6%) болды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет