ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
№ 8 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І
2013 жылғы 6 наурыз
Қаржы нарығындағы ахуал туралы
-
Инфляция
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2013 жылғы ақпанда инфляция 0,8% (2012 жылғы ақпанда – 0,4%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,4% (0,6%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2% (0,3%-ға), ақылы қызмет көрсету 1,8% (0,2%-ға) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында 2013 жылғы ақпанда көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 1,7%-ға, оның ішінде орамжапырақ 4,0%-ға, қызылша 3,9%-ға, картоп 2,9%-ға, сондай-ақ ұнтақ жарма 1,9%-ға, макарон өнімдері 1,4%-ға, ұн 1,1%-ға, сүт өнімдері 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдері 0,5%-ға қымбаттады. Сонымен қатар қант пен қарақұмық жармасының бағасы 0,5%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киім мен аяқ киім бағасы 0,3%-ға, күнделікті үй заттары 0,4%-ға, дәрі-дәрмек 0,2%-ға көтерілді. Бензиннің құны аздап 0,4%-ға, дизель отыны 1,3%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің ақысы 1,3%-ға өсті. Бұл ретте салқын су тарифі 7,2%-ға, кәріз 15,1%-ға, электр энергиясы 1,7%-ға, тұрғын үй жалдау 1,1%-ға өсті. Бұдан басқа 2013 жылғы ақпанда байланыс қызметінің бағасы 11,0%-ға, оның ішінде телефон және факсимиле байланысы 13,2%-ға, сондай-ақ медициналық қызметтер 1,1%-ға көтерілді. Көлік қызметінің бағасы 0,5%-ға арзандады.
2013 жылғы қаңтар-ақпанда инфляция 1,7% (2012 жылғы қаңтар-ақпанда – 0,7%) құрады. Азық-түлік тауарлары 2013 жылдың басынан бастап 0,9%-ға (1,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4%-ға (0,6%), ақылы қызмет көрсету 4,0%-ға (0,3%) қымбаттады (1-график).
1-график
2012 және 2013 жж. қаңтар-ақпандағы инфляция және оның құрамдас бөліктері
2013 жылғы ақпанда инфляция жылдық көрсетумен 7,0% құрады (2012 жылғы желтоқсанда – 6,0%). Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 5,0% (5,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,3% (3,5%-ға), ақылы қызмет көрсетулер 13,4% (9,3%-ға) қымбаттады.
-
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары
2013 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жиынтық халықаралық резервтері 26,6 млрд. АҚШ долл. дейін 1,1% төмендеді (жыл басынан бері 5,8% төмендеді). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері негізінен Ұлттық қордың активтерін толықтыру мақсатында валютаны сату есебінен 1,1% азайып, 26,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері 5,9% төмендеді). Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2013 жылғы ақпанда 1,1%-ға қысқарды. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтарда оның бағасының төмендеуі нәтижесінде 1,0% азайды.
2013 жылғы ақпанда елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 59,5 млрд. АҚШ долл.) 86,2 млрд. АҚШ долларына дейін 0,8% өсті (жыл басынан бері 0,1% өсті).
2013 жылғы ақпанда ақша базасы 4,3%-ға тарылып, 2628,8 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 9,0% тарылды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2559,9 млрд. теңгеге дейін 4,1%-ға тарылды.
2013 жылғы қаңтарда ақша массасы 10495,9 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға төмендеді. Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1422,4 млрд. теңгеге дейін 6,9%-ға азайды, банк жүйесіндегі депозиттер 0,9%-ға ұлғайып, 9073,5 млрд. теңге болды. Депозиттердің ақша массасының құрылымындағы үлесі айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы аясында депозиттер көлемінің өсуі салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 85,5%-дан 2013 жылғы қаңтардағы 86,4%-ға дейін өсті.
Ақша мультипликаторы 2012 жылғы желтоқсандағы 3,64-тен 2013 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша 3,82-ге дейін ұлғайды. Ақша мультипликаторының өсуінің негізгі себебіне ақша базасының тарылу қарқынымен салыстырғанда ақша массасының барынша төменгі қарқыны әсер етті.
-
Валюта нарығы
2013 жылғы ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,23–150,88 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 150,37 теңге болды.
2013 жылғы ақпанда Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда 2013 жылғы қаңтармен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайып, 4,2 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 1,7% төмендеп, 1,7 млрд. АҚШ долл. құрады.
Жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 16,2% ұлғайып, 5,8 млрд. АҚШ долл. болды.
-
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2013 жылғы ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион өткізілді. Оларда 12 айлық МЕККАМ (24,3 млрд. теңге), 4 жылдық МЕОКАМ (2,1 млрд. теңге), 5 жылдық МЕОКАМ (9,8 млрд. теңге), 6 жылдық МЕУКАМ (15,1 млрд. теңге), 19 жылдық МЕУЖКАМ (5,0 млрд. теңге) орналастырылды.
Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 12 айлық МЕККАМ бойынша 2,90%, 5 жылдық МЕОКАМ бойынша– 4,04%, 4 жылдық МЕОКАМ бойынша– 3,23%, 6 жылдық МЕУКАМ бойынша – 5,75%, 19 жылдық МЕУЖКАМ бойынша – инфляция деңгейінен 0,01% құрады.
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 1,9% ұлғая отырып, 2013 жылғы ақпанның аяғында 3003,8 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары.Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2013 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2013 жылғы ақпанда 61,4% ұлғайып, 18,5 млрд. теңге болды.
Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион өтті (10,1 млрд. теңге және 8,4 млрд. теңге).
Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 1,05% құрады.
Айналыстағы ноттардың көлемі 2013 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2013 жылдың ақпанының аяғында 17,1% қысқарып, 124,9 млрд. теңгені құрады.
-
Банкаралық ақша нарығы
2013 жылғы қаңтарда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 60,3%-ға ұлғайып, баламасы 2608,8 млрд. теңге болды.
Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 2,6 есе өсіп, 317,4 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 12,2%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы қаңтарда 1,23%-дан 1,28%-ға дейін өсті.
2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 53,4%-ға ұлғайды және 14,8 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 85,5%) болды. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы қаңтарда 0,13%-дан 0,09%-ға дейін төмендеді.
Еуродағы және рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі шамалы болып қалуда – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен тиісінше 0,2 және 2,2%.
Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2013 жылғы қаңтарда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 92,5%-дан 87,8%-ға дейін төмендеді. Орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі 92,1%-дан 87,4%-ға дейін азайды.
Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3 есеге жуық 312,5 млрд. теңгеге дейін өсті.
-
Депозит нарығы
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қаңтарда 9073,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері сияқты жеке тұлғалардың депозиттері де бір айда тиісінше 5671,1 млрд. теңгеге және 3402,4 млрд. теңгеге 0,9%-ға өсті.
2013 жылғы қаңтарда шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2795,9 млрд. теңгеге дейін 4,2%-ға өсті (заңды тұлғалар – 7,6%-ға өсу, жеке тұлғалар – 0,6%-ға өсу), ал ұлттық валютада 6277,6 млрд. теңгеге дейін 0,5%-ға төмендеді (заңды тұлғалар – 1,3% төмендеу, жеке тұлғалар – 1,1%-ға өсу). Теңгемен депозиттердің үлес салмағы бір айда 70,2%-дан 69,2%-ға дейін төмендеді.
Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2013 жылғы қаңтарда 3438,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 2093,6 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 1344,9 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға өсті. Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 60,8%-дан 60,9%-ға дейін ұлғайды.
2013 жылғы қаңтарда мерзімді депозиттер 5911,2 млрд. теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгедегі депозиттер 3980,4 млрд. теңгеге дейін 0,5%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 1930,8 млрд. теңгеге дейін 2,3%-ға төмендеді.
2013 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 3,0% (2012 жылғы желтоқсанда - 3,6%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 7,9% (8,3%) болды.
-
Кредит нарығы
2013 жылғы қаңтарда банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9902,4 млрд. теңгені құрап, 0,6%-ға төмендеді.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7018,2 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға азайды, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 2884,2 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы бір айда 70,7%-дан 70,9%-ға дейін өсті.
2013 жылғы қаңтарда ұзақ мерзімді кредиттеу 8024,9 млрд. теңгені құрап, 0,3%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 1877,5 млрд. теңгеге дейін 4,0%-ға төмендеді. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 80,4%-дан 81,0%-ға дейін өсті.
2013 жылғы қаңтарда заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7022,8 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға азайды, жеке тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2879,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 28,7%-дан 29,1%-ға дейін ұлғайды.
2013 жылғы қаңтарда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1391,2 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға төмендеді, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,0%-ын құрайды.
Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 19,8%), құрылыс (14,0%), өнеркәсіп (11,9%), көлік (4,2%) және ауыл шаруашылығы (3,3%) сияқты салаларға тиесілі.
2013 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,6% (2012 жылғы желтоқсанда – 10,3%), жеке тұлғаларға – 22,0% (21,2%) болды.
Достарыңызбен бөлісу: |