Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысы
-
Алматы қ.
|
2010 жылғы ____ ________
|
№ ___
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының «Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
вексельдерді қайта есепке алу ережесін
бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі
№ 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коммерциялық жай вексельдерді қайта есепке алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2858 тіркелген, 2004 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 136-137 (23773) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрышта «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспеде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі;»;
7-тармақта:
бірінші абзацта «уәкілетті бөлімшеге» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«уәкілетті бөлімшенің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(бұдан әрі - уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері)» деген сөздер алынып тасталсын;
8 және 9-тармақтарда «Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
«Ұлттық Банк» деген сөздер алынып тасталсын;
«уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта «Ұлттық Банктің пайдасына индоссамент ресімдейді және вексельді уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді» деген сөздер «индоссамент ресімдейді және вексельді Ұлттық Банктің пайдасына береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
2.1-тармақтың 8) тармақшасында:
«комитеті» деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгермейді;
«және валюта» деген сөздер алынып тасталсын;
2.2-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4.1-тармақта «, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін заңдары мен өзге де актілерінің күшіне енген жағдайда» деген сөздер алынып тасталсын;
6-бөлімде «480090, Алматы қаласы,
"Көктем-3", 21-үй
БИК 190701103
РНН 600400062088» деген цифрлар, сөздер мен аббревиатуралар алынып тасталсын;
4-қосымшада:
«директоры» деген сөз «басшысы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және вексельдердің бірінші класты эмитенттеріне жіберсін.
4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Монетарлық операциялар департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдің №57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Р/с №
|
Жоба туралы мәліметтер тізбесі
| Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты |
1.
|
Әзірлеуші бөлімше
|
Монетарлық операциялар департаменті
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттілігіне негіздеме
|
НҚА-ні қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ереже нормалары Нұсқау тәртібі ҚРҰБ вексельдерді қайта есепке алу нормаларына сәйкестендірілді.
|
4.
|
Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер
|
ЗД
ЗСД
БЕД
ТМБ
МОЕАБ
|
5.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасын екінші деңгейдегі банктермен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер
|
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
|
6.
|
Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер
|
Талап етілмейді
|
6-1.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жіберу туралы мәліметтер (Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың критерийлеріне сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілері үшін)
|
«Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-і
|
7.
|
Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері
|
Талап етілмейді
|
8.
|
Өзге де мәліметтер
|
жоқ
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдің №57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына салыстырмалы кестесі
№ п/п
|
тарау /тармақ /
тармақшасы
|
Қолданыстағы редакциясы
|
Ұсынылған редакциясы
|
Негіздеме
|
1
|
Жоғарғы оң жақ
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы»
2004 жылғы 16 сәуір
№ 57 қаулысымен
бекітілген
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 16 сәуір
№ 57 қаулысымен
бекітілген
|
НҚА-ні қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында
|
2
|
Кіріспе
|
Осы Ереже (бұдан әрі Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) коммерциялық жай вексельдерді (бұдан әрі - вексельдер) қайта есепке алу тәртібін реттейді.
|
Осы Ереже (бұдан әрі Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң)» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) коммерциялық жай вексельдерді (бұдан әрі - вексельдер) қайта есепке алу тәртібін реттейді.
|
3
|
1. тарау 1. тармақ 3) тармақша
|
3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банк атынан бірінші класты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алу операцияларын, сондай-ақ қайта есептелген вексельдермен өзге де операцияларды жүзеге асыратын Ұлттық Банк бөлімшесі;
|
3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банк есепке алу бөлімшесі;
|
4
|
3. тарау 7. тармақ
|
7. Вексельдерді қайта есепке алуға ұсынғысы келетін есеп кеңсесі уәкілетті бөлімшеге құжаттар пакетін ұсынады, онда:
|
7. Вексельдерді қайта есепке алуға ұсынғысы келетін есеп кеңсесі Ұлттық Банкке құжаттар пакетін ұсынады, онда:
|
5
|
3. тарау 7. тармақ 3) тармақша
|
3) есеп кеңсесінің тиісті сенімхаты бар есеп кеңсесінің уәкілетті тұлғасы және вексельдерді қайта есепке алуға жауапты уәкілетті бөлімшенің вексельдерді қайта есепке алуға жауапты қызметкері (бұдан әрі - уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері) қол қойған вексельдерді қабылдау-өткізу актісі (3-қосымша);
|
3) есеп кеңсесінің тиісті сенімхаты бар есеп кеңсесінің уәкілетті тұлғасы және вексельдерді қайта есепке алуға жауапты Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алуға жауапты қызметкері қол қойған вексельдерді қабылдау-өткізу актісі (3-қосымша);
|
6
|
3. тарау 8. тармақ
|
8. Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде қайта есепке алуға қабылданатын әр вексельдің дұрыс жасалуын, вексельдегі индоссаменттердің ресімделуін, вексель бланкісінде вексельдегі міндетті деректемелердің, тіпті біреуінің болмауына немесе бүлінуіне әкеліп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және өзге де) бүлінуінің бар-жоқтығын тексереді, мұндайлар болған кезде вексель қайта есепке алуға қабылданбайды, сондай-ақ вексель бланкілерінің түпнұсқалылығы тексеріледі.
|
8. Ұлттық Банк құжаттарды қабылдау кезінде қайта есепке алуға қабылданатын әр вексельдің дұрыс жасалуын, вексельдегі индоссаменттердің ресімделуін, вексель бланкісінде вексельдегі міндетті деректемелердің, тіпті біреуінің болмауына немесе бүлінуіне әкеліп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және өзге де) бүлінуінің бар-жоқтығын тексереді, мұндайлар болған кезде вексель қайта есепке алуға қабылданбайды, сондай-ақ вексель бланкілерінің түпнұсқалылығы тексеріледі.
|
7
|
3. тарау 9. тармақ
|
9. Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері вексель бланкілерінің түпнұсқалылығын (вексель қағаздарының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарға және техникалық талаптарға сәйкестігін) тексеру үшін оларды сараптамаға жібереді.
|
9. Ұлттық Банк вексель бланкілерінің түпнұсқалылығын (вексель қағаздарының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарға және техникалық талаптарға сәйкестігін) тексеру үшін оларды сараптамаға жібереді.
|
8
|
3. тарау 11. тармақ
|
11. Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы Ұлттық Банк шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері есеп кеңсесіне вексельдерге сараптама жүргізу және вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны береді (4-қосымша).
|
11. Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін Ұлттық Банк есеп кеңсесіне вексельдерге сараптама жүргізу және вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны береді (4-қосымша).
|
9
|
3. тарау 12. тармақ
|
12. Вексельді қайта есепке алуға қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда есеп кеңсесі Ұлттық Банктің пайдасына индоссамент ресімдейді және вексельді уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді. Ұлттық Банктің пайдасына вексель бойынша төлем жасау жауапкершілігінен индоссантты босататын шарттарды индоссаментке енгізуге жол берілмейді.
|
12. Вексельді қайта есепке алуға қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда есеп кеңсесі индоссамент ресімдейді және вексельді Ұлттық Банк пайдасына береді. Ұлттық Банктің пайдасына вексель бойынша төлем жасау жауапкершілігінен индоссантты босататын шарттарды индоссаментке енгізуге жол берілмейді.
|
10
|
1 қосымша 2.1. тармақ 8) тармақша
|
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит және валюта саясаты жөніндегі техникалық комитеті ай сайын Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған қаражаттың жалпы лимитін бекіткен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде Есеп кеңсесіне осы лимит туралы хабарлама жіберуге;
|
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті ай сайын Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған қаражаттың жалпы лимитін бекіткен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде Есеп кеңсесіне осы лимит туралы хабарлама жіберуге;
|
11
|
1 қосымша 2.2. тармақ 1) тармақша
|
1) Ұлттық Банкке вексельдерді қайта есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттар пакетін беруге;
|
1) Ұлттық Банкке вексельдерді қайта есепке алу үшін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттар пакетін беруге;
|
12
|
1 қосымша 4.1. тармақ
|
4.1. Табиғи апаттар, авария, өрт, электр энергиясын айырып тастау, байланыс желісінің бүлінуі, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери іс-қимылдар сияқты дүлей күштердің әсерінен, осы Келісімде көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын Қазақстан Республикасының заң актілері, үкімет қаулылары және мемлекеттік органдардың өкімдері күшіне енуінен Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін жағдайлар туындағанда, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін заңдары мен өзге де актілерінің күшіне енген жағдайда Тараптар дүлей күштердің әсерінен болған жағдайлар тоқтатылғанға дейін өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады және осылардың ықпалынан зардап шеккен Тарап, байланыс болған жағдайда осындай жағдайлар басталған сәттен бастап он күн ішінде ол туралы келесі Тарапқа хабарлайды, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын тездетіп жою үшін өз тарапынан барлық мүмкіндікті пайдаланады.
|
4.1. Табиғи апаттар, авария, өрт, электр энергиясын айырып тастау, байланыс желісінің бүлінуі, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери іс-қимылдар сияқты дүлей күштердің әсерінен, осы Келісімде көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын Қазақстан Республикасының заң актілері, үкімет қаулылары және мемлекеттік органдардың өкімдері күшіне енуінен Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін жағдайлар туындағанда Тараптар дүлей күштердің әсерінен болған жағдайлар тоқтатылғанға дейін өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады және осылардың ықпалынан зардап шеккен Тарап, байланыс болған жағдайда осындай жағдайлар басталған сәттен бастап он күн ішінде ол туралы келесі Тарапқа хабарлайды, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын тездетіп жою үшін өз тарапынан барлық мүмкіндікті пайдаланады.
|
|
13
|
1 қосымша 6. тармақ
|
Ұлттық Банк:
480090, Алматы қаласы,
"Көктем-3", 21-үй
БИК 190701103
РНН 600400062088
|
алынып тасталсын
|
|
14
|
4 қосымша
|
Уәкілетті бөлімшенің директоры
|
Уәкілетті бөлімшенің басшысы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |