Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының



бет3/5
Дата12.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#193007
1   2   3   4   5

2-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау


2-қосымша мыналарды ескере отырып, 1-қосымшаға ұқсас толтырылады:

1. Қолданыстағы мәміле паспорты нөмірінің бірінші бөлігінде 2 көрсетіледі.

2. «Шетел банкінің атауы» бөлімінде импортердің шоты ашылған және мәміле паспортында көрсетілген келісімшарт бойынша төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын не импорт бойынша келісімшарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына импортер аударған, Заң талаптарына сәйкес пайдаланылмаған авансты қайтарған жағдайда, валюта түсуі мүмкін шетел банкінің толық атауы көрсетіледі

3. «Есеп айырысу тәсілі» бағанында есеп айырысу тәсілдерінің 13, 14 кодтары мынаны білдіреді:

алдын ала жеткізу

13

тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу

14

4. «Репатриациялау мерзімі» бөлімін импортер мыналарды ескере отырып толтырады.

Егер шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, импортер репатриациялау мерзімін шетелдік жеткізушінің келісімшарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне пайдаланылмаған авансты (келісімшартта ол болған жағдайда) қайтару мерзіміне қосу арқылы есептейді.

Егер келісімшарт бойынша тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу көзделсе және шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасына өткенге дейін тауарды беру болса, импортер репатриациялау мерзімін шетелдік жеткізушінің келісімшарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарды жеткізу және тауарды кеден органдарының тауарды шығару үшін қажетті мерзімді (бір жылдан аспауы тиіс) және пайдаланылмаған авансты (келісімшартта ол болған жағдайда) қайтару мерзімін қосу арқылы есептейді.

Егер келісімшарт бойынша тауарды Қазақстан Республикасы мен Кеден одағына мүше басқа мемлекет арасында өткізу көзделсе және шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасына өткенге дейін тауарды беру болса, импортер репатриациялау мерзімін шетелдік жеткізушінің келісімшарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті мерзімді (бір жылдан аспауы тиіс) және пайдаланылмаған авансты (келісімшартта ол болған жағдайда) қайтару мерзімін қосу арқылы есептейді.

Егер келісімшартта шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу міндеттемелерін орындауының түрлі талаптары (тауар үшін төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылғанға дейін тауарды жеткізу, тауарға төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылғаннан кейін тауарды жеткізу) көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін тауар үшін төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылғаннан кейінгі шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың келісімшартта белгіленген мерзімдерін ескере отырып, есептейді.

Егер келісімшартта тауар үшін төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылғанға дейін не төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған күннен бастап 180 күннен аспайтын мерзімде тауарды жеткізу (шетелдік жеткізушінің алдын ала жеткізуі) көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін 180 күн деп көрсетеді.

Мысалдар:

1) келісімшартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі – ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 800 күн. Импортер тауарды кедендік ресімдеу күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада беру күні және кеден органдары тауарды шығару күні арасындағы болжамды күнді – 70 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі – тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада болжамды берілді деген күннен бастап 100 күн.



Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 250.02 көрсетеді;

2) келісімшартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалаға тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі – ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 800 күн. Импортер тауарды кедендік ресімдеу күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада беру күні және тауар Қазақстан Республикасының шекарасына жеткізілген күн арасындағы болжамды күнді – 30 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада болжамды берілді деген күннен бастап 100 күн.

Есеп: 800 күн + 30 күн + 100 = 930 күн, яғни 210 күн, 02 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 210.02 көрсетеді;

3) келісімшартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалаға тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі – ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 210 күн. Импортер кеден органдары тауарды шығарған күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада беру күні арасындағы болжамды күнді – 70 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісімшартта белгіленбеген.

Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.

«Репатриациялау мерзімі» бағанында импортер 280.00 көрсетеді;

4) келісімшартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелері тауар 1-Алматы станциясына берілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі – ішінара алдын ала жеткізу, ішінара – тауарға төлегеннен кейін және (немесе) аударғаннан кейін жеткізу. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - 100 күн.



Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 200.00 көрсетеді;

5) келісімшартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша шетелдік жеткізушінің міндеттемесі тауар 1-Алматы станциясына өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі – ішінара алдын ала жеткізу, ішінара – тауарға төлегеннен кейін және (немесе) аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісімшартта белгіленбеген.



Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 көрсетеді;

6) келісімшартқа сәйкес шетелдік жеткізуші тауарды толық көлемде алдын ала жеткізуді жүзеге асырады.



Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 көрсетеді;

7) келісімшартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізуінің ең ұзақ мерзімі –160 күн.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 көрсетеді.»



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы «___» _______

№___ қаулысына

3-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 86 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне

3-қосымша


____________________ (атауы) мәміле паспорты банкінің

мәмілелер паспорттарын тіркеу

журналы
_____ жылы басталды

_____ жылы аяқталды





Мәміле паспортын ресімдеу күні

Экспортердің немесе импортердің

атауы немесе аты-жөні



Келісімшарттың деректемелері

1

2

3

4













3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау


Мәмілелер паспорттарын тіркеу журналының 1-бағанында көрсетілген нөмір мәміле паспортының төртінші бөлігіндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс.

Мәмілелер паспорттарын тіркеу журналын мәміле паспортының банкі экспорт және импорт бойынша жеке-жеке жылдан жылға ілеспелі түрде жүргізеді.

Мәмілелер паспорттарын тіркеу журналы қағаздағы тасымалдауышта жүргізілген жағдайда аяқталысымен журналға мәміле паспорты банкінің басшысы не тиісті өкілеттігі бар өзге тұлға қол қояды және мәміле паспорты банкінің мұрағатында сақталады.

Мәмілелер паспорттарын тіркеу журналы электрондық нысанда жүргізілген жағдайда күнтізбелік жыл аяқталысымен журналға мәміле паспорты банкінің басшысы не тиісті өкілеттігі бар өзге тұлға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы «___» _______

№___ қаулысына

4-қосымша

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 86 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында

экспорт-импорт валюта бақылауын

жүзеге асыру ережесіне

4-қосымша

_____ жылғы ____айдағы

мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет