р/с №
|
Жұмыстың атауы
|
Уақыты
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1
|
Ұлттық Банктің қаржы құралдарымен операциялар бойынша төлем құжаттарын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырмайтын заңды тұлғалардан (бұдан әрі - клиент) төлем тапсырмаларын қабылдауы*
|
09-00
|
16-00
|
2
|
Ұлттық Банктің инкассалық өкімдерді, талап ету төлем тапсырмаларын қабылдауы*.
|
09-00
|
13-00
|
3
|
Ұлттық Банктің клиенттерден қолма-қол ақшаны алуға арналған чектерді қабылдауы*.
|
09-00
|
13-00
|
4
|
Ұлттық Банктің клиенттерден қаржы құралдарымен операциялар бойынша төлем құжаттарын қабылдауы*.
|
09-00
|
17-00
|
5
|
Ұлттық Банктің қабылданған төлем құжаттары бойынша төлемдерді жүзеге асыруы, оның ішінде:
|
09-00
|
19-00
|
5.1.
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) клиринг жүйесі арқылы ағымдағы операция күні Алматы уақытымен сағат 12-00-ге дейін қабылданған төлем құжаттары бойынша бес миллион теңгеден аспайтын сомаға төлемдерді жүзеге асыру
|
09-00
|
14-30
|
5.2
|
Орталықтың банкаралық ақша аударымы жүйесі (бұдан әрі – банкаралық жүйе) арқылы ағымдағы операция күні Алматы уақытымен сағат 17-00-ге дейін қабылданған төлем құжаттары бойынша төлемдерді жүзеге асыру
|
09-00
|
19-00
|
5.3
|
Ұлттық Банктің операция жүйесі арқылы ағымдағы операция күнінің Алматы уақытымен сағат 17-00-ге дейін қабылданған төлем құжаттары бойынша төлемдерді жүзеге асыру
|
09-00
|
18-00
|
6
|
Ұлттық Банк филиалдарының клиенттерден қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдерді қабылдауы**.
|
09-00
|
17-00 жергілікті уақыт
|
7
|
Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінің Ұлттық Банк филиалдарының шығыс кассалары арқылы қолма-қол ақша беру үшін клиенттің банктік шотына ақшаны резервке алуға арналған өтінімдерді қабылдауы**
|
09-30
|
17-00
|
8
|
Ұлттық Банктің банкаралық жүйенің операция күні ішінде Ұлттық Банкте ашылған пайдаланушының корреспонденттік шотына/шотынан Ұлттық Банктегі банкаралық жүйедегі шотына/шотынан пайдаланушының нұсқауы негізінде немесе корреспонденттік шот шартында көзделген жағдайларда ақша аударымдарын жүзеге асыруы
|
09-00
|
19-00
|
9
|
Ұлттық Банктің филиалдарында қолма-қол ақшаны қабылдау және беру
|
08-30
|
14-30 жергілікті уақыт
|
10
|
Ұлттық Банк филиалдарының қабылданған (берілген) қолма-қол ақша сомасын Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотқа/шоттан есептеу (алу) үшін осы сомаға кредиттік (дебеттік) төлем құжатын жасауы және Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесіне жіберуі
|
09-30
|
15-00 жергілікті уақыт
|
11
|
Ұлттық Банктің ақпарат технологиясы бөлімшесінің “Операция күнінің” нәтижелері бойынша жіберілетін ақпаратты жасауы және оны клиенттерге жіберу
|
20-00
|
05-00
келесі жұмыс күні
|
12
|
Клиенттердің өткен операциялық күнгі банктік шоттары бойынша қағаз тасымалдаушысында үзінді-көшірмелерді клиенттердің жазбаша сұратуы негізінде беру
|
09-00
|
19-00
|
Жұмыстың басталу уақыты - жергілікті уақыт, жұмыстың аяқталу уақыты – Алматы уақыты
* операция күні аяқталғаннан кейін алынған төлем құжаттары келесі операция күнінің басында алынған деп саналады.
** Өтінімдерді қабылдау қолма-қол ақша алған күннің қарсаңында жүзеге асырылады.