Қазақстан республикасының Ұлттық банкі директорлар кеңесінің Қ аулыс ы



Дата24.02.2016
өлшемі64.38 Kb.
#14800

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Алматы қаласы 2005 жылғы 15 қараша № 274


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Операция күнінің кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттарын қабылдау мен өңдеу және ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Операция күнінің кестесі (бұдан әрі - Кесте) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2005 жылғы 15 қарашадағы

№ 274 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің

Операция күнінің

кестесі



р/с №

Жұмыстың атауы

Уақыты

басталуы

аяқталуы

1

Ұлттық Банктің қаржы құралдарымен операциялар бойынша төлем құжаттарын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырмайтын заңды тұлғалардан (бұдан әрі - клиент) төлем тапсырмаларын қабылдауы*

09-00

16-00

2

Ұлттық Банктің инкассалық өкімдерді, талап ету төлем тапсырмаларын қабылдауы*.

09-00

13-00

3

Ұлттық Банктің клиенттерден қолма-қол ақшаны алуға арналған чектерді қабылдауы*.

09-00

13-00

4

Ұлттық Банктің клиенттерден қаржы құралдарымен операциялар бойынша төлем құжаттарын қабылдауы*.

09-00

17-00

5

Ұлттық Банктің қабылданған төлем құжаттары бойынша төлемдерді жүзеге асыруы, оның ішінде:

09-00

19-00

5.1.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) клиринг жүйесі арқылы ағымдағы операция күні Алматы уақытымен сағат 12-00-ге дейін қабылданған төлем құжаттары бойынша бес миллион теңгеден аспайтын сомаға төлемдерді жүзеге асыру

09-00

14-30

5.2

Орталықтың банкаралық ақша аударымы жүйесі (бұдан әрі – банкаралық жүйе) арқылы ағымдағы операция күні Алматы уақытымен сағат 17-00-ге дейін қабылданған төлем құжаттары бойынша төлемдерді жүзеге асыру

09-00

19-00

5.3

Ұлттық Банктің операция жүйесі арқылы ағымдағы операция күнінің Алматы уақытымен сағат 17-00-ге дейін қабылданған төлем құжаттары бойынша төлемдерді жүзеге асыру

09-00

18-00

6

Ұлттық Банк филиалдарының клиенттерден қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдерді қабылдауы**.

09-00

17-00 жергілікті уақыт

7

Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінің Ұлттық Банк филиалдарының шығыс кассалары арқылы қолма-қол ақша беру үшін клиенттің банктік шотына ақшаны резервке алуға арналған өтінімдерді қабылдауы**

09-30

17-00

8

Ұлттық Банктің банкаралық жүйенің операция күні ішінде Ұлттық Банкте ашылған пайдаланушының корреспонденттік шотына/шотынан Ұлттық Банктегі банкаралық жүйедегі шотына/шотынан пайдаланушының нұсқауы негізінде немесе корреспонденттік шот шартында көзделген жағдайларда ақша аударымдарын жүзеге асыруы

09-00

19-00

9

Ұлттық Банктің филиалдарында қолма-қол ақшаны қабылдау және беру

08-30

14-30 жергілікті уақыт

10

Ұлттық Банк филиалдарының қабылданған (берілген) қолма-қол ақша сомасын Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотқа/шоттан есептеу (алу) үшін осы сомаға кредиттік (дебеттік) төлем құжатын жасауы және Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесіне жіберуі

09-30

15-00 жергілікті уақыт

11

Ұлттық Банктің ақпарат технологиясы бөлімшесінің “Операция күнінің” нәтижелері бойынша жіберілетін ақпаратты жасауы және оны клиенттерге жіберу

20-00

05-00

келесі жұмыс күні



12

Клиенттердің өткен операциялық күнгі банктік шоттары бойынша қағаз тасымалдаушысында үзінді-көшірмелерді клиенттердің жазбаша сұратуы негізінде беру

09-00

19-00

Жұмыстың басталу уақыты - жергілікті уақыт, жұмыстың аяқталу уақыты – Алматы уақыты

* операция күні аяқталғаннан кейін алынған төлем құжаттары келесі операция күнінің басында алынған деп саналады.

** Өтінімдерді қабылдау қолма-қол ақша алған күннің қарсаңында жүзеге асырылады.







Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2005 жылғы 15 қарашадағы

№ 274 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

күшін жойған нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Операция күнінің кестесін бекіту туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 373 қаулысы;



2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің төлем құжаттарын қабылдау мен өткізу және олар бойынша төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыруға байланысты ақпарат өңдеу кестесін бекіту туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 374 қаулысы;

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің төлем құжаттарын қабылдау мен өткізу және олар бойынша төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыруға байланысты ақпарат өңдеу кестесін бекіту туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 374 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 315 қаулысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет