D СЕКЦИЯСЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН, ГАЗБЕН, БУМЕН, ЫСТЫҚ СУМЕН ЖӘНЕ АУАНЫ КОНДИЦИЯЛАУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Бұл секцияға тұрақты желілер-кабельдер, құбыр өткізгіштер, су құбырлары арқылы электр энергиясын, табиғи газды, буды, ыстық суды тарату байланысты қызмет кіреді. Салынған желілер масштабтарында шешуші мән жоқ; сондай-ақ осы бөлімге өнеркәсіптік объектілерге және тұрғын үй массивтеріне электр энергиясын, газды, буды, ыстық суды және т.б. тарату кіреді.
Бұл секцияға электр энергиясымен газды беру, өндіру және жылу энергиясымен қамтамасыз ету (бумен, ыстық сумен) мен ауа қондициялау бойынша қызмет кіреді.
Бұл секцияға сумен жабдықтау жүйесінің және кәріз жүйесінің жұмысы кірмейді, (36, 37 қараңыз). Бұл секцияға сондай-ақ газды газ өткізгіштермен алыс жерлерге тасымалдау кірмейді.
35 Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету
35.1 Электр энергиясын өндіру, беру және тарату
Бұл топқа электр энергиясын өндіру, оны өндіру жерінен бастап тарату жүйелерге және бұдан әрі түпкілікті тұтынушыға дейін беру кіреді.
35.11 Электр энергиясын өндіру
Бұл класқа:
- жылу, ядролық, гидроэлектрлік және газ турбиналық, дизельдік станциялық және жаңғыртылатын көздерден электр энергиясын өндіру кіреді
Бұл класқа:
- қалдықтарды өрттеу арқылы электр энергиясын өндіру кірмейді, (38.21.0 қараңыз)
35.11.1 Жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35.11.2 Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35.11.3 Ядролық (атомдық) электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35.11.4 Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі
35.11.5 Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі
35.11.9 Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35.12 Электр энергиясын жеткізу
35.12.1 Электр энергиясын жеткізу
Бұл ішкі класқа:
- электр энергиясын өндіру орнынан тарату жүйелеріне жеткізу үшін жүйелердің жұмыс қабілеттілігін (пайдаланылуын) қамтамасыз ету кіреді
35.12.2 Электр энергиясын желіге жіберу және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясы өндірудің-тұтынуын баланстауды ұйымдастыру
Бұл ішкі класқа:
- электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару
- электр энергиясы өндірісі-тұтынуының тәуліктік графигін қалыптастыру
- электр энергиясы өндірісі-тұтынуының нақты баланстарын жасау
- Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи және қаржылық реттеу кіреді
35.12.3 Ұлттық электр желісінің жабдықтарына пайдалану қызметін көрсету
Бұл ішкі класқа:
- жедел ауыстырып қосу кіретін Ұлттық электр желісінің жабдықтарына жедел қызмет көрсету
- техникалық қызмет көрсету, оған:
- Ұлттық электр желісінің жабдықтарына кезеңдік және кезектен тыс тексерулер
- қосалқы станциялар жабдықтары жұмысының режимдерін бақылау, электр жеткізу желілерінің құрылымдық элементтерінің жай-күйін бақылау
- кішігірім зақымданулар мен жарамсыздықтарды жою бойынша жұмыстарының жекелеген түрлері, электр жеткізу желілерінің жекелеген элементтерін ауыстыру
- Ұлттық электр желісі жабдығын алдын ала және кешенді сынақтан өткізу және өлшеу кіреді
35.12.4 Жүктеменің түсуіне электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету, электр қуатын реттеу және резервтеу
Бұл ішкі класқа:
- Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуаттың көлемін, құрылымын, таратылуын және іске қосылуын және қуат резервтерін анықтау
- Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы сапасы көрсеткіштерінің белгіленген стандарттарын және электр энергиясының стандарттық жиілігін қолдау кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |