Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


G СЕКЦИЯСЫ КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА САТУ; АВТОМОБИЛЬДЕРДІ ЖӘНЕ МОТОЦИКЛДЕРДІ ЖӨНДЕУ



бет151/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   290
ОКЭД kz

G СЕКЦИЯСЫ КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА САТУ; АВТОМОБИЛЬДЕРДІ ЖӘНЕ МОТОЦИКЛДЕРДІ ЖӨНДЕУ

Бұл секцияға тауарлардың кез келген түрін көтерме және бөлшек саудада сатуды (яғни түрдің өзгеріссіз сату) және тауарларды сатумен байланысты көрсетілетін қызметтер кіреді. Көтерме және бөлшек сауда тауарлары таратудың соңғы сатысы болып табылады. Аталған секцияға сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу кіреді.


Тауарды сату (қайта өңдеусіз) әдеттегі қарапайым сауда операцияларын (манипуляция) қамтиды, тауарларды сұрыптау, калибрлеу және жинау, тауарларды араластыру (мысалы, құмды), шөлмектерге құйып буу (шөлмектерді алдын ала тазартып немесе тазартпай), топтамаларға бөлу және ұсағырақ топтамаларында өткізу үшін өлшеп орау (қатырылған түрде екеніне немесе қатырылмаған түрде екеніне немесе жоқтығына қарамастан).
45-бөлімге автомобиль мен мотоцикл сату және жөндеуге қатысты барлық қызмет түрлері кіреді, 46 және 47-бөлімдерге сауданың басқа түрлері кіреді. 46 (көтерме сауда) және 47 (бөлшек сауда) бөлімдер арасындағы айырмашылық анағұрлым кең таралған тұтынушының басым типіне негізделген.
Көтерме сауда - бөлшек саудагерлерге, өндірістік, саудалық, институционалды немесе кәсіби тұтынушыларға немесе басқа көтерме саудагерлерге жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (түрдің өзгеріссіз сату); осындай тұлғалардың немесе компаниялардың атынан тауарларды сатып алу жөніндегі, сондай-ақ оларға тауарларды сату жөніндегі агенттердің қызметі. Коммерциялық қызметтің негізгі түрлері көтерме саудагерлер, өндірістік кәсіпорындар, экспортерлер, импортерлер және кооперативтік кооперативтер, сату офистері мен бөлімдері сияқты сататын тауарларға меншік құқығын иеленген көтерме сатушыларға ұсынылады және өз өнімдерінің маркетингі мақсатында өндірістік және өндіруші бөлімшелер есебінен басқарылатын және зауыттар немесе кеніштерден тауарларды тиеуге тапсырыстар қабылдап қана қоймайтын өткізу бөлімдері (бірақ бөлшек сауда дүкендері емес) енгізіледі. Сондай-ақ бұған тауар делдалдары мен сауда өкілдері, консигнаторлар мен агенттер, жинаушылар, сатып алушылар және ауылшаруашылығы өнімдерін өткізуге қатысатын кооперативтік қауымдастықтар жатады.
Көтерме сатушылар көбіне өз күшімен тауарларды ірі топтамаларға жинау, сұрыптау мен өлшеп орауды, бөтелкелерге құю, қайта орауды және ұсағырақ топтамаларға бөлуді, (мысалы формацевтикалық тауарлардың), қайта буып-түю, өлшеп салу және бөтелкелерге құю, тауарларды өз қаржысы есебінен сақтау, салқындату, жеткізу, сондай-ақ өз тауарлар жарнамасымен және затбелгілерді әзірлеу сияқты көтерме саудамен байланысты операцияларын қамтиды.
Бөлшек сауда – бұл дүкендер, әмбебап дүкендер, палаткалар, киоскалар, тапсырыстарды поштамен орындайтын фирмалар, көшедегі сатушылар немесе үйді-үйге таратып сатушылар, тұтынушылық кооперативтер, аукционнан сатуды ұйымдастыратын фирмалар және т.б. арқылы жүзеге асырылатын жаңа және пайдаланылған тауарларды жеке қолдану немесе үйде пайдалану үшін қайта сату (түрдің өзгеріссіз сату) кіреді. Бөлшек саудагерлердің көпшілігі өздері сататын тауарларға жекеменшік құқығын алады, алайда олардың кейбіреулері агент ретінде және принципал атынан сатуды немесе консигнация келісім-шарт негізінде немесе сыйақы үшін сауданы жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет