Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет1/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148099
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi N 1002 Қаулысы



      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мүдделi министрлiктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келiсiм бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешевке жүктелсiн.
      5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Отандық машина жасауды дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 шiлдедегi № 1101 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 317-құжат).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министр                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1002 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi
2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы                 Қазақстан Республикасында машина жасауды
                       дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған
                       бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама)

Әзiрлеуге арналған   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы
негiздеме             14 сәуiрдегi № 302 қаулысымен бекiтiлген
                       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан
                       Республикасын үдемелi
                       индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi
                       2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк
                       бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
                       жоспарының 5-тармағы

Жауапты орындаушы    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлiгi

Мақсаты               Қосылған құны жоғары түпкi өнiм өндiрудi
                       ұлғайту есебiнен iшкi нарықтың қажеттiлiгiн
                       барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту

Мiндеттер             1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және
                       жаңа өндiрiстер құру
                       2. Iшкi нарықтың мүмкiндiктерiн тиiмдi
                       пайдалану
                       3. Машина жасау өнiмiнiң экспортын қолдау және
                       дамыту
                       4. Машина жасау саласын дамытуды қажеттi
                       кадрлармен қамтамасыз ету

Iске асыру            2010 - 2014 жылдар
мерзiмдерi

Нысаналы              Жалпы қосылған құнды 74 %-ға өсiру. Саладағы индикаторлар          еңбек өнiмдiлiгiн жылына бiр адамға 7 592 мың
                       теңгеге дейiн ұлғайту. Өндiрiс көлемiн 588
                       млрд. теңгеге дейiн ұлғайту.

Қаржыландыру          Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының
және                   қаражаты, кәсiпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдерi             және шетелдiк инвестициялар мен республикалық
                       бюджетте көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге
                       асырылады. 2010 - 2014 жылдарға арналған
                       республикалық бюджет есебiнен қаржыландырудың
                       қажеттi көлемi 2 430,182 млн. теңгенi құрайды.
                       Соның iшiнде:
                       2010 жылы - 439,173 млн. теңге;
                       2011 жылы - 1 991, 009 млн. теңге;
                       2012 жылы - көзделiп отырған жоқ
                       2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға
                       арналған республикалық бюджеттi бекiту кезiнде
                       көзделедi.

2. Кiрiспе

      Машина жасау бүкiл әлемде ұлттық өнеркәсiптiң технологиялық деңгейiнiң көрсеткiшi ретiнде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшiн мультипликативтiк әсер бередi, халықтың жұмыспен қамтылуын бiрнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн қамтамасыз етедi.


      Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуi машина жасаудың озық өсуiмен қатар жүруi тиiс. Бұл өнеркәсiп кәсiпорындарындағы механикаландыру деңгейiн арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнiмдiлiгiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын Үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - ҮИИДМБ) iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
      Бағдарлама жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жоғары технологиялық және қазiргi заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабiлеттi өнiмiн шығару бойынша жаңа кәсiпорындар құруға, барлық жұмыс iстеп тұрған отандық машина жасау кәсiпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
      Бағдарламаны:
      саланы жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулер негiзiнде айқындалған бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтiрудi және дамытуды бастауға, оның өндiрiс көлемiн ұлғайтуға және тұрақты өткiзу нарықтарын табуға арналған бағдарлама;
      қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндiрiстiң озық шетелдiк технологиялары мен кәсiпорындарды басқару менеджментiн енгiзу есебiнен жұмыс iстеп тұрған машина жасау кәсiпорындарын жедел дамыту бағдарламасы;
      машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерiн жасауға бағытталған барынша тиiмдi, ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелердi игеру негiзiнде өнiм сапасын тұрақты жетiлдiру бағдарламасы ретiнде қарастыру керек.

3. Ағымдағы ахуалды талдау
3.1 Саланың қазiргi заманғы жай-күйiн бағалау

      Қазiргi кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтiң мынадай түрлерiн қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндiрiсi; компьютерлердi, электрондық және оптикалық өнiм өндiрiсi; электр жабдығы өндiрiсi; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндiрiсi; автокөлiк құралдары, трейлерлер мен жартылай тiркемелер өндiрiсi; өзге де көлiк құралдары өндiрiсi; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.


      2008 жылғы iшкi өндiрiс көлемi 303 млрд. теңгенi құрады. Экспорт көлемi - 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегiнде экспорттың жалпы көлемiнiң 2 % - ын құрайды.
      2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнiм өндiрiлген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның iшiнде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлiк құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндiрiлген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндiрiлген машиналар мен жабдықтар көлемi құндық көрiнiсте 9,8 %-ға, электр жабдығы - 13,4 %-ға төмендеп, ал көлiк құралдары 1,4 %-ға ұлғайған.

1-кесте. Машина жасау өндiрiсiнiң құндық көлемiнiң серпiнi





Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге

5 253,0

6 509,9

7 815,9

10 196,2

8 925,2

2

Машина жасау, млрд. теңге

179

229

281

303

282,5

3

Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi, млрд. теңге

53

67

98

128

115,5

4

Электр жабдығы, электронды және оптикалық жабдық өндiрiсi, млрд. теңге

42

54

66

71

61,5

5

Көлiк құралдары мен жабдығы өндiрiсi, млрд. теңге

80

108

117

104

105,5

6

Өнеркәсiптiк өнiм көлемiндегi машина жасау үлесi, %

3,4

3,5

3,6

3,0

3,2

      Машина жасау секторы 2008 жылға дейiн барынша жоғары қарқынмен өстi, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шектi.  Бұл бiрiншi кезекте машина жасау өнiмiне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өнiмiне сұраныс өсiмiнiң өзектi драйверi мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуi және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы берi тұтынушы сала компаниялары бiрiншi кезекте операциялық қызметтiң тиiмдiлiгiн сақтай отырып, өндiрiстi ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстiне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттiк ресурстардың қол жетiмдiлiгiн төмендетуге әкелдi, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсiп өнiмiне сұраныстың азаюына әкелдi.
      Қазақстанның өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi машина жасау өнiмiнiң үлесi 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейiн төмендедi, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсiп, 3,2,%-ды құрады (1-кесте).
      Өңдеушi өнеркәсiптегi машина жасау саласының үлесi 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсiп кәсiпорындарының жалпы көлемiнде машина жасау өнiмiн өндiрушiлерi тек 6 %-ды құрайды.

2-кесте. Машина жасау кәсiпорындарындағы негiзгi қызмет персоналының саны



Көрсеткiш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Персонал саны, мың адам

80,0

81,0

84,3

85,6

79,8

Алдыңғы жылға қарағанда % -бен

110,3

101,3

104,1

101,5

93,2

      2-кесте деректерi машина жасау саласынан бiлiктi кадрлар кетуiнiң елеулi болғанын көрсетедi. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша бұл салада 79,8 мың адам жұмыс iстеген, 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 93,2 %-ды құрады.
      Машина жасау саласы үшiн кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру (бұдан әрi - ТжКБ) орындарында (8 бiлiктiлiк бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 - Машина жасау мамандығы бойынша) жүргiзiледi.
      Бүгiнгi күнi машина жасау саласының инвестициялық жобаларын iске асыру бойынша кадрларға деген қажеттiлiк осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды. Машина жасау кәсiпорындары жұмысының негiзгi көрсеткiштерi 3-кестеде келтiрiледi.

3-кесте. Машина жасау кәсiпорындары жұмысының негiзгi көрсеткiштерi



Көрсеткiш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсiп кәсiпорындары мен өндiрiстер саны - барлығы

1583

1566

1589

1504

1409

оның iшiнде:

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


«Өнеркәсiп» қызметiнiң негiзгi түрiмен

861

854

860

883

856

Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi, млн. теңге

179491

228732

281243

302771

282497

4-кесте. Машина жасау өндiрiсiнiң нақты көлемi индексiнiң серпiнi     

Көрсеткiш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлем индексi, алдыңғы жылға %-бен

104,8

107,2

105,0

102,1

101,7

Машина жасау өнiмiнiң нақты көлем индексi, алдыңғы жылға %-бен

124,7

119,4

114,6

92,6

85,7

      Машина жасау өнiмi өндiрiсiнiң нақты көлем индексiн талдау бiрте-бiрте төмендеу серпiнiн көрсетiп отыр (4-кесте). 2009 жылы нақты көлем индексi 85,7 %-ды құрады.

5-кесте. Машина жасау өнiмiнiң импорты мен экспорты 


 
 


 

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы, млрд. теңге, оның iшiнде:

4012,7

5852,4

4558,0

8563,4

4190,3

6371,4

ТМД елдерi

1788,4

976,1

2104,9

1332,7

1780,0

1001,7

әлемнiң басқа да елдерi

2224,2

4876,3

2453,2

7230,7

2410,3

5371,2

оның iшiнде:



















Машиналар, жабдық және механизмдер, электр техникалық жабдық

1078,9

42,9

1209,3

55,0

1140,0

40,3

ТМД елдерi

245,5

34,3

287,4

40,6

233,8

25,6

әлемнiң басқа да елдерi

833,4

8,6

921,9

14,4

906,1

14,8

Жер үстi, әуе және су көлiгi құралдары

698,5

69,9

551,5

96,5

421,9

16,2

ТМД елдерi

199,9

16,1

182,5

26,0

125,1

5,3

әлемнiң басқа да елдерi

498,6

53,8

369,0

70,5

296,8

10,9

Оптикалық, өлшем, бақылау, аспаптары мен аппараттары

91,7

2,2

100,8

3,0

93,8

2,5

ТМД елдерi

17,4

0,7

18,2

1,3

15,9

0,9

әлемнiң басқа да елдерi

74,3

1,5

82,6

1,8

77,9

1,6

Машина жасауда аталғандардың барлығы:

1869,2

115,0

1861,6

154,5

1655,7

59,0

ТМД елдерi

462,8

51,1

488,2

67,9

374,9

31,7

әлемнiң басқа да елдерi

1406,3

63,8

1373,5

86,6

1280,8

27,2

      Қазақстандағы машина жасау өнiмiне деген қазiргi сұраныс импорт есебiнен толықтай қанағаттандырылады, ол iшкi өндiрiс пен импорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылы импорт көлемi 1655,7 млрд. теңгенi (5-кесте), ал iшкi өндiрiс 282,5 млрд. теңгенi құрады.
      Қазақстанның негiзгi сауда әрiптесi Ресей болып табылады - оның үлесi машина жасау өнiмi импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнiмiнiң негiзгi импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнiмi экспортының негiзгi бағыттары Ресейден кейiн: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады.

      1-сурет. 2008 жылы машина жасау өнiмiнiң экспортымен импортының құрылымы.

      Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнiмi, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады (1-сурет).
      Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым.
      Өндiрiстiң дамушылығы мен бәсекеге қабiлетiнiң көрсеткiшi ретiнде машина жасау өнiмiнiң сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсiздiгiн көрсетiп отыр. Машина жасау өнiмiнiң импортқа айтарлықтай тәуелдiлiгi де саланың төмен дамығанын көрсетедi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет