«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік



Дата17.07.2016
өлшемі23.5 Kb.
#206013



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтыру енгізу туралы

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат; 2007 ж., № 9, 99-құжат; 2010 ж., № 53, 498-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған өкімге 3-қосымша «Кұрмет» (Почет)» орденінің сипаттамасынан кейін осы өкімге қосымшаға сәйкес «Еңбек» (Труд)» орденінің сипаттамасымен толықтырылсын.


  1. Осы өкім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы

Қазақстан Республикасы  


Президентінің      
2014 жылғы ___________
өкіміне     
ҚОСЫМША        

«Еңбек» (Труд)» ордені
«Еңбек» (Труд) ордені он алты сәуле тәріздес айшықты жұлдызды білдіретін негізден тұрады.

Негіз мыналардан:

сәулелері бидай масақтарымен көмкерілген сәуле тәріздес он алты композицияны білдіретін сегіз қырлы қондырмадан тұрады. Сегіз сәулеге үшбұрышты, жылтыр, көгілдір түстегі фианит орналастырылған. Сол сәулелердің гильоширленген бетіне жылтыр ювелирлік эмаль құйылған;

өрілген орнаментті білдіретін қондырма-сақинадан;

араларына көк эмаль құйылған күннің сәулесін білдіретін қондырма-шығыршық және көгілдір фонда «ЕҢБЕК» деген жазуы бар лента;

ортасындағы қондырманың фактураланған бетіне еңбек символдары – мұнай бұрғылау мұнарасы, құятын шөміш және электр өткізу желілерінің мұнарасынан тұрады.

Орден белгісі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл муарлы лентамен қапталған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектеріне ені 2 мм, жиектерінен 1 мм-ден шығып тұратын көк жолақтар орналастырылған. Лентаның ортасына ені 8 мм көгілдір жолақ қойылған, ал оның жиектеріне 1 мм қашықтықта ені 2 мм ақ жолақтар орналастырылған.

Тағанның артқы жағына визорлық бекіткіші бар түйреуіш бекітілген, сол арқылы белгі киімге қадалады.

Орденнің негізі мен орталық қондырма сұр түсті металдан (оксидтелген күміс) жасалады.

Сегіз қырлы қондырма, шығыршық-қондырма, сақина-қондырма сары түсті металдан (алтындалған күміс) жасалады.



Таған алтын түсті металдан (мыс-мырыш қорытпа – латунь) жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет