Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулық



Дата01.07.2016
өлшемі274.44 Kb.
#170580
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5995 болып енгiзiлдi


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу туралы статистикалық есептiлiктi одан әрi жетiлдiру және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендiру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүзеге асыратын тексерулердi мемлекеттiк тiркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» № 46 бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде № 5016 тiркелген) күшi жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi — Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге;


2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына орындалуы үшiн жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ. МәмиҚазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы

Нұсқаулық

1. Кiрiспе.
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi — Нұсқаулық), Қазақстан Республикасының юрисдикциясындағы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне, мемлекеттiк мекемелерiне, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарына қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңын (бұдан әрi — Заң) және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын орындау үшiн әзiрлендi.
2. Бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу, тексерулердi есепке алу және бақылау:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүргiзiлетiн тексерулер нәтижелерi бойынша қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және шынайылы, сондай-ақ дәйектi мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;


жеке кәсiпкерлiк субъектiлер, мемлекеттiк мекемелер, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң тексерулерiн жоспарлау және оңтайландыру барысында елдегi құқық қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату мақсаттарында жүзеге асырылады.
3. Осы Нұсқаулықта:
тексерулердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бақылау субъектiлерi — Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн, мемлекеттiк мекемелердi, мемлекеттiк кәсiпорындар және коммерциялық емес ұйымдарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды тексеруге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру объектiлерi — жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi, мемлекеттiк мекемелер және мемлекеттiк кәсiпорындар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын коммерциялық емес ұйымдар және жеке тұлғалар;
тексеру тағайындау туралы актi — Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптардың сақталуымен рәсiмделген мемлекеттiк органның құқықтық актiсi;
тексерулердi жоспарлау — уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен тексерулердi жыл сайынғы жүйелеу, оңтайландыру және тәртiпке келтiру процедурасы;
ақпараттық есепке алу құжаттары — оның негiзiнде мемлекеттiк құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу деректерi қалыптасатын белгiленген үлгiдегi материалды (қағаз, магниттiк, оптикалық) құқықтық статистика ақпарат жеткiзгiшi түсiнiктерi қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.

2. Тексерулер тағайындау туралы актiлердi мемлекеттiк тiркеу


4. Мемлекеттiк тiркеу процедурасы өзiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеудi, тексеру жүргiзу мерзiмiнiң ұзартылуы, тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы туралы, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәлiметтердi есепке алу және оның нәтижелерi, сонымен қатар өткiзiлмеген тексерiстi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен шығаруды енгiзедi.
Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты жүргiзуге жол берiледi.
Тексеру тағайындау туралы актiлердi мемлекеттiк тiркеу процедурасы және тиiсiнше, осы Нұсқаулық талаптары:
мемлекеттiк мекемелермен өздерiнiң аумақтық және құрылымдық бөлiмшелерiн, iшкi ведомстволық мемлекеттiк органдар, мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар осы мемлекеттiк органдар меншiк иесi немесе құрылтайшы ретiнде қатысатын заңды тұлғаларды;
уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында және қабылдау-бөлу орындарында тұлғаларды ұстау заңдылығын, қылмыстық қуғындау органдарымен жедел-iздестiру қызметiн жүргiзудi;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Заңының орындалуын;
Заңның 33-бабының 4 және 5 тармақтармен көзделген қатынастар саласында тексеру жүргiзумен байланысты құқықтық қатынастарға таратылмайды.
Аймақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының әскери немесе көлiктiк бөлiмшесi болмаған жағдайда, есепке алуды жүргiзу және бақылау үшiн тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық бөлiмшесiмен мәлiмет үшiн ақпараттық есепке алу құжаттарын кейiннен келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тиiстi әскери немесе көлiктiк бөлiмшесiне ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
5. Тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелуi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен тексеру объектiсiнiң тiркеу орны бойынша немесе өз қызметiн жүзеге асыру орны бойынша тексерудiң басталуына дейiн жүзеге асырылады.
Тiркелу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актiнiң екi данасы (түпнұсқа және куәландырылған көшiрме), Нұсқаулыққа қоса берiлген 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органымен жүзеге асырылатын тексеру туралы мәлiметтер толтырылған есепке алу карточкасы (бұдан әрi — № 1-П нысанды есепке алу карточка) ұсынылады.
Тексерулердi есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерiн жүргiзу барысында, тексерудi мемлекеттiк тiркеу үшiн көрсетiлген электронды цифрлi қол қойылған құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен анықталатын электронды форматта жолданады.
Тексерулердi есепке алудың автоматтандырылған ведомстволық жүйесiнiң болмаған жағдайында, тексеру тағайындау туралы актi және № 1-П нысанды есепке алу карточкасы электронды форматта рәсiмделуi мүмкiн, содан соң, электронды цифрлi қол қойылғаннан кейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурс құралының көмегiмен тiркелуi үшiн ұсынылады.
Бақылаушы және тiркеушi органдардың орналасқан жерiнен елеулi қашықтықта орналасқан объектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу жағдайында, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу тексеру басталғаннан соң, келесi бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу барысында мемлекеттiк орган қызметкерi Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау үшiн негiз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
Тексеру тағайындаудың негiзi болып табылған құжаттың түпнұсқасы мемлекеттiк орган қызметкерiне қайтарылады, ал көшiрмесi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерi ақпараттық есепке алу құжаттарын ала отырып, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуге ұсыну сәтiнен үш сағаттан кешiктiрмей:
Нұсқаулыққа қоса берiлген 2-қосымшаға сәйкес ресiмделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүзеге асыратын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу Журналына (бұдан әрi — Журнал), № 1-П нысанды есепке алу карточкасына және оған қоса берiлетiн талон-қосымшаға жазба енгiзедi;
тексеру тағайындау туралы актiнiң қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының және тексеру тағайындау туралы актiнiң толтырылуының толықтығын тексередi.
Сонымен қатар, құжаттардың тiркелуi үшiн уақытылы ұсынылуын, мемлекеттiк органмен тексеру тағайындау барысындағы аумақтылық принциптiлiгiн сақтауды тексередi.

Актiнi тiркеуден бас тарту үшiн негiз болмаған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы қызметкерiмен Нұсқаулыққа қоса берiлген 3-қосымшаға сәйкес тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу туралы мөр басылады.


Тiркегеннен соң, актiнiң түпнұсқасы мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасына қайтарылады. Актiнiң көшiрмесi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орган қызметкерi электронды тiркеудiң аяқтағаны туралы, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне электронды цифрлi қол қойылған тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелгендiгi туралы хабарлама жолдайды.
7-1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерi ақпараттық құжаттар келiп түскен сәттен бастап 24 сағаттан кешiктiрмей деректер базасына ақпараттық есепке алу құжаттарының мәлiметтерiн енгiзедi.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
8. Тексеру қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiп-қатердi тез арада жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, сондай-ақ заңнаманың бұзылуын олардың тiкелей жасалуы сәтi кезiнде алдын алу мақсатында және дәлелдемелердi бекiту үшiн шұғыл әрекет жүргiзу үшiн жұмыс уақытынан тыс мерзiмде (түнде, демалыс немесе мереке күндерiнде) тексеру жүргiзу кезiнде, тексеру жүргiзудiң өзге де шарттарын реттейтiн Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келiсiмдерге сәйкес тексеру жүргiзу барысында тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу, тексеру басталғаннан соң келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
9. Тексеру мерзiмдерiн тоқтату немесе жаңғырту туралы, сонымен қатар тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген кезiнде мемлекеттiк тiркеу субъектiсi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексерудiң тоқтатуына немесе қайта жаңғыруына дейiн бiр күн бұрын енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ескертпенi жолдайды.
Сонымен қатар, ескертпеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының журналы бойынша тексеру тағайындау туралы актiнiң нөмiрi және тiркеу күнi, тексерiлушi объектiнiң толық атауы және орналасқан жерi, тексерудiң тоқтатылған, жаңартылған күнi немесе тексеруге қатысушы тұлғалар құрамының өзгеруi көрсетiледi.

Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тексеру тағайындау туралы актi нөмiрiмен, тiркелген күнiмен, құжаттардың келiп түскен күнiне сәйкес келетiн тексерудi ұзарту туралы актiнi тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей рәсiмдейдi.

Тiркеу тексерудi ұзарту туралы актiде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының мөртабанмен тексерудi жүзеге асырған қызметкердiң тегi, аты-жөнi көрсетiлiп, қолы қойылып нақтыланады.
Журналда тексерудi ұзарту туралы актiнi ұсыну күнi көрсетiлген белгi қойылады.
10. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсi тексеру аяқталуы бойынша үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына № 1-П нысанды есепке алу карточкасына талон-қосымшаны, егер электронды тiркелген жағдайда, оның электронды форматын ұсынады.
Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тағайындалған тексерудi жүргiзуден бас тартқан, прокурордың немесе соттың шешiмi бойынша тексерудi оның аяқталуына дейiн тоқтатқан жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен ол туралы шешiм қабылданғаннан соң үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ескертпе жолданады.
11. Тексеру тағайындау барысында мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен жiберiлген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерi (қолма қол, факс арқылы, электронды пошта арқылы) ақпараттық есепке алу құжаттарды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының басшысына, немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаға тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау үшiн ұсынады.

Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрi — Қорытынды) Нұсқаулыққа қоса берiлген 4-қосымшаға сәйкес, ақпараттық есепке алу құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келiп түскен сәттен 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жазбаша түрде екi данада жасалады.

Көрсетiлген мерзiмiнiң аяқталуы мерекелiк немесе демалыс күндерiне сәйкес келген жағдайда, бас тарту құқығын қолдану мерзiмi келесi жұмыс күнi болып табылады.

Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Нұсқаулық талаптарының нақты бұзушылықтарын көрсете отырып дәлелдi болуы тиiс.


12. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тексеру тағайындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселенi анықтау үшiн ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, шешiм ақпараттық есепке алу құжаттары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келiп түскен сәттен екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қабылдануы тиiс.
Тiркеусiз қайтарылып, бас тартылған жағдайда, тексеру тағайындау туралы актiде Нұсқаулыққа қоса берiлген 5-қосымшаға сәйкес «бас тартылған» мөртабан қойылады, № 1-П есепке алу карточкасының 19-тармағы толтырылады және Журналға тиiстi белгi енгiзiледi.
13. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту үшiн, егер өзгесi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiмен, Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келiсiмдермен және осы Нұсқаулықпен белгiленбеген болса, келесi негiздердiң бiрiнiң болуы жеткiлiктi:
1) тексерулер жоспарында көрсетiлмеген жоспарлық тексерудi тағайындау;
2) жоспарлы тексеру тағайындау кезiнде алдыңғы тексеруге қатысты уақыттық ара-қашықтықтың сақталмауы;
3) мемлекеттiк органдармен олардың құзыретiне енбейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;
4) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген мерзiмдерге қатысты, тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексеру жүргiзу мерзiмiнiң асып кетуi немесе өтiп кетуi;
5) жасырын түрдегi өтiнiш бойынша объектiнi тексерудi тағайындау;
6) егер осы мәселе және кезең бойынша бұрын осы, немесе оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен, немесе басқа да мемлекеттiк органмен тексеру өткiзiлген болса, мемлекеттiк органмен объектi қызметiн тексерудi тағайындау;
7) егер алдыңғы тексерумен бұзушылықтар анықталмаса, жоспардан тыс бақылаулық тексерудi тағайындау;
8) жоспардан тыс тексеру тағайындау негiзiнiң жазбаша нақтылауының болмауы (сұрау, тапсырма, өтiнiш, шағым, жолдау, сенiм телефондары бойынша өтiнiштердi тiркеу кiтабына тiркеу туралы белгi, қарсы тексеру тағайындау барысындағы актi көшiрмесi және заңнамамен көзделген өзге де негiздер);
9) өтiнiште немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өзге де жүгiнулерде көрсетiлген уақыт аралығының шегiнен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;
10) тексеру жүргiзудi оған тиiстi өкiлеттiгi жоқ тұлғаларға тапсыру;
11) бiр тексеру тағайындау туралы актiде, салық органында тiркеу есебiне қою, бақылау-кассалық машиналардың болуы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, тексеруге ұшырайтын бiрнеше объектiлердi көрсету;

12) заңмен белгiленген мерзiмде ол бойынша тексеру тоқтатылған және қайта жаңғыртылмаған объектiнi тексерудi қайта тағайындау;


13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген шектi мерзiмдерiнен асатын мерзiмге тексерудi тағайындау немесе оны ұзарту;
14) алда тұрған тексеру туралы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн ескерту жөнiнде мәлiметтердiң немесе ескертудiң мерзiмiн сақтамау болмауы;
15) тексерулердiң жүргiзу тәртiбi мен жағдайларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылуы.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
14. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден негiзсiз бас тартуы жоғарыда тұрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына немесе сотқа шағымдалуы мүмкiн.
15. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген тексерудi өткiзбеу жағдайында, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тексерудiң өткiзiлмеуiнiң себебiн көрсету арқылы ескертпе жасалады.
Ескертпе құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудiң нақты аяқталған сәтiнен үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады. Осы мәлiметтер негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мәлiметтердi Журналға енгiзедi.
16. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тұрақты түрде тексерулер мерзiмдерiнiң ұзартылуына, тоқтатылуына және жаңғыртылуларына есепке алуды және бақылауды жүргiзедi.
17. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген актiлер және жүргiзiлген тексерiстер бойынша салыстыруды тоқсанда бiр реттен кем емес жүргiзедi.
Орталық мемлекеттiк органдармен жүргiзiлген тексерулер бойынша салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталық органында жүргiзiледi.
Салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысымен бекiтiлген кестесi бойынша жүргiзiледi.
Салыстырулардың уақытылы өткiзуiн бақылау мемлекеттiк тiркеу субъектiсi басшысына жүктеледi.
Салыстырудың аяқталуы бойынша актi жасалады.
Салыстыру актiсiнде бейнеленуге келесi мәселелер жатады:
1) салыстыру жүргiзудiң уақытылығы;

2) тiркелуiнен бас тартылған тексерулердi тағайындау туралы актiлердiң саны;


3) тексерулердi тағайындау туралы тiркелген актiлердiң саны;
4) тексерулердiң түрлерi бойынша бөлумен, тiркелген актiлер бойынша жүргiзiлген тексерулердiң саны;
5) ұзарту туралы актiлердi, тексерулер мерзiмдерiнiң тоқтатылуы мен жаңғыртылуы туралы ескертпелердiң уақытылы ұсынылуы;
6) есепке алу үшiн талон-қосымшалардың уақытылы ұсынылуы;
7) жүргiзiлмеген тексерулердi есептен алу туралы ескертпенiң уақытылы ұсынылуы;
8) көрсетiлген деректемелерге сәйкес Журналға енгiзiлген мәлiметтердiң есепке алуының толықтығы.
Салыстыру актiсiне салыстыруды жүргiзген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы және мемлекеттiк тiркеу субъектiсi қызметкерлерiмен қол қойылады және көрсетiлген органдардың басшыларымен бекiтiледi.
Салыстыру актiсi екi данада жасалады, оның бiр данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады, екiншi данасы салыстыру жүргiзген мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң лауазымды тұлғасына берiледi.
18. Егер салыстыру немесе мемлекеттiк тiркеу субъектiлерiнде тексеру жүргiзу барысында тiркеуден өтпеген тексеру тағайындау туралы актiнi, немесе тексеру тағайындау туралы актiнi шығармай жүргiзiлген тексерулер анықталған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсi алдын ала өзiнiң тiркеу журналында тиiстi жазу жазып, олардың анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тiркелмеген тексерулерге толтырылған № 1-П нысанды есепке алу каточкаларын және талон-қосымшаларды ұсынады.

3. Тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiн енгiзу


19. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерi тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiнiң қалыптасуына қатысады.
Осы мақсатта олармен тұрақты және үзiлiссiз түрде ведомстволық тексерулердiң, сонымен қатар тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған әкiмшiлiк әрекеттегi қабылданған шараларды есепке алу жүйесi құрылады.
Тексерулердi есепке алу ведомстволық автоматтандырылған жүйе болмаған жағдайда, мемлекеттiк органдардың тексерулердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру барысындағы қарым-қатынасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурсы арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тексерулердi есепке алу жүйесi мен тексерулердi есепке алу ведомстволық жүйесiнiң бiрiктiрiлуi, сондай ақ тұтастық және бiрыңғайлық принципiн сақтау негiзiнде мемлекеттiк органдардың тексерулердi мемлекеттiк тiркеу барысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурсы арқылы қарым-қатынасты ұйымдастыру тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiн құрайды.
Тексеру тағайындау туралы актiлер, № 1-П нысанды есепке алу каточкалары, талон-қосымшалар мәлiметтерi негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен мемлекеттiк органдармен жүргiзiлетiн тексерулер туралы Бiрыңғай мемлекеттiк деректер банкi жүргiзiледi.
20. Тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мен мемлекеттiк органның толық электронды өзара қарым-қатынасқан жағдайда, тексеру тағайындау туралы актi, № 1-П нысанды есепке алу каточка, талон-қосымша қағаз жеткiзгiште құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ұсынылмайды.
Тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiнде электронды өзара қарым-қатынастың жетiлдiрiлуiне қарай, тексеру тағайындау туралы актi, № 1-П нысанды есепке алу каточка, талон-қосымша, тексерулердiң жүргiзудiң жыл сайынғы жоспары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен келiсу арқылы қағаз жеткiзгiштерде ұсынылмауы мүмкiн.
Тексеру тағайындау туралы актiнi, № 1-П нысанды есепке алу каточкасын, талон-қосымшаны ұсынудың электрондық форматы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен айқындалады.
21. Заңға сәйкес бекiтiлетiн тексерулердiң жүргiзудiң жыл сайынғы жоспары осы Нұсқаулыққа қоса берiлген 8-қосымшаға сәйкес кесте түрiнде рәсiмделедi, сондай-ақ қағаз және электронды форматта ұсынылады.
Жоспарда мемлекеттiк органның атауы, жоспарлау мерзiмi, реттiк нөмiрi, тексеру объектiсiнiң атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi — СТН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), оның орналасқан жерi немесе қызметiн жүзеге асыру орыны көрсетiледi.

СТН, ЖСН, БСН көрсетiлуi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тексерулерi үшiн көзделген.


Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.

4. № 1-П нысанды есепке алу карточкасының, талон-қосымшаның және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары жүзеге асыратын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу Журналын толтыру тәртiбi


22. № 1-П нысанды есепке алу карточкасының және талон-қосымшаның деректемелерi тексерудi жүзеге асырушы тұлғамен, баспа әрiптермен, қысқартуларсыз толтырылуы тиiс.

№ 1-П нысанды есепке алу карточкасының оң жағында орналасқан цифрлi ақпараттық көрсеткiштерде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен берiлген кодтық белгi нөмiрлерi қойылады.


1) 1-тармақта тексерудi тағайындаған мемлекеттiк органның атауы бейнеленедi;
2) 2-тармақта тексерудi жүргiзген органның деңгейлiк мәртебесi: республикалық — 1; облыстық — 2; қалалық — 3; аудандық — 4; ауылдық — 5 кодтау арқылы көрсетiледi;
3) 3-тармақта тексерiлушi объектiнiң атауы, оның орналасқан жерi көрсетiледi;
4) 3.1. тармақта тексеру объектiсiнiң тәуекел тобының коды: жоғары тәуекел тобы — 1, орташа тәуекел тобы — 2, төмен тәуекел тобы — 3 көрсетiледi;
5) 4-тармақта тексеру объектiсi: 1-жеке тұлға, 2-заңды тұлға, 3-жеке кәсiпкерлiк субъектiсi, сонымен қатар: 4-кiшi кәсiпкерлiк, 5-орта кәсiпкерлiк, 6-iрi кәсiпкерлiк, 7-мемлекеттiк мекемелер, сонымен қатар: 8-мемлекеттiк орган, 9-мемлекеттiк кәсiпорындар, 10-коммерциялық емес ұйымдар көрсетiледi;
6) 5-тармақта тексеру түрi кодтау жолымен (ХХХ): 1ХХ-жоспарлық, 2ХХ-жоспардан тыс: (оның iшiнде: 01 — кешендi, 02 — тақырыптық, 03 — хронометражды зерттеу) көрсетiледi;
6-1) 5.1 тармақта Заңның 37-1 бабы 7-тармағымен көзделген жоспардан тыс тексерудiң негiзi көрсетiледi: 01 — тексеру нәтижесiнде және мемлекеттiк бақылаудың басқа да нысандары нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың (қаулылар, ұсыныстар, ескертулер) орындалуын бақылау (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 1-тармақшасы); 02 — жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарынан және жергiлiктi өкiлеттi органдардан адамдардың өмiрiне, денсаулықтарына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекетке елеулi зиян келтiру немесе зиян келтiру қаупiн төндiру туралы жеке және заңды тұлғалардан ақпараттар мен өтiнiштердi алу (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 2-тармақшасы); 03 — тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттарды алу мақсатында азаматтық-құқықтық қатынастарда тұрған жеке кәсiпкерлiктiң тексерушi субъектiсiнiң үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеруi (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 3-тармақшасы); 04 — жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң оның қызметiне тексеру жүргiзу туралы бастамалы өтiнiшi (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 4-тармақшасы); 05 — егер жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты жоспарлы тексеру өткiзу көзделсе, оның жойылуы (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 5-тармақшасы); 06 — жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң бастапқы тексерумен келiспеуi туралы арызына байланысты қайталанған тексеру (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 6-тармақшасы); 07 — Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 7-тармақшасы); 08 — салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 627-бабында көрсетiлген мәлiметтер мен мәселелер (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 8-тармақшасы);
7) 6-тармақта тексеру мәселесi, яғни, нормативтiк құқықтық актi нормаларының сақталуы, тексерiлуге тиiстi талаптары көрсетiледi;
8) 7-тармақта тексеру объектiсiнiң қызмет түрi көрсетiледi;
9) 8-тармақта тексеру объектiсiнiң СТН көрсетiледi (шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн);
10) 9-тармақта тексеру объектiсiнiң ЖСН/БСН-i көрсетiледi (шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн);
11) 10-тармақта тексеру тағайындау туралы актiнiң нөмiрi көрсетiледi;
12) 11-тармақта тексеру тағайындау туралы актiнiң шыққан күнi көрсетiледi;
13) 12-тармақта тексерудi жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (Т.А.Ә.), лауазымы, қолы қойылады;
14) 13-тармақта тексеру жүргiзу мерзiмi көрсетiледi;
15) 14-тармақта тексерiлетiн кезең көрсетiледi;
16) 15-тармақта тексеру қанша мерзiмге ұзартылатын күндер саны көрсетiледi;
17) 16-тармақта тексерудiң тоқтатылған күнi көрсетiледi;
18) 17-тармақта тексерудiң жаңартылған күнi көрсетiледi;
19) 18-тармақта жүргiзiлмеген тексерiстiң есептен алынған күнi көрсетiледi;
20) 19-тармақта, тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркеуден бас тартылғанда, Нұсқаулықтың 13-тармағының тиiстi тармақшасы көрсетiледi;
21) 20-тармақта 1 (2)-есептiк кезеңде тiркелусiз жүргiзiлген, 3 (4) есептiк кезеңде жүргiзiлгендер қатарынан тексерiс тағайындау туралы актiнiң шығарылуысыз (өткен кезеңдер) жүргiзiлген тексерулер туралы мәлiметтер бейнеленедi;
22) 21-тармақ 1-прокуратурамен, 2-ҚСжАЕК органдарымен, 3-мемлекеттiк орган бастамасымен анықталған заңсыз тексерулер саны көрсетiледi;
23) 22, 23, 24, 25 және 26 тармақтар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының кодын, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының келiп түскен күнiн, реттiк нөмiрдi, № 1-П нысанды есепке алу карточкасын қабылдаған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы көрсетiледi және қолы қойылады.
Салықтық тексерулердi тiркеуi барысында тексерулердiң тiркеу нөмiрлерi тексеру тағайындау туралы тiркелген актiлер нөмiрi бойынша дробь арқылы тәртiп бойынша қойылады (мысалға: 41/1, 41/2, 41/3, және т.б.).
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
23. № 1-П нысанды есепке алу карточкасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Журналында тiркелген сәтiнен бастап есепке алынған болып саналады.
24. Тексеру нәтижелерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тексеру аяқталғаннан соң үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылатын Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес талон-қосымша толтырылады.
1) талонда тексеру тағайындаған мемлекеттiк орган атауы көрсетiледi;
2) 1-тармақта мемлекеттiк органның тексеру тағайындау туралы актiсiнiң нөмiрi, оның шығарылған күнi көрсетiледi;
3) 1.1-тармақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында мемлекеттiк тiркелген күнi және нөмiрi көрсетiледi;
4) 2-тармақта тексеру объектiсiнiң атауы, оның орналасқан жерi көрсетiледi;
5) 3 және 4-тармақтарда тексерудiң басталу және аяқталу күндерi көрсетiледi;
6) 5-тармақта тексеру нәтижелерi көрсетiледi: 1-бұзушылықтар анықталған жоқ 2-бұзушылықтар анықталды;
7) 6-тармақта кiмнiң құқықтары қорғалғаны көрсетiледi: 1-жеке тұлғаның, 2-жеке кәсiпкерлiк субъектiнiң, сонымен қатар: 3-кiшi кәсiпкерлiк, 4-орта кәсiпкерлiк, 5-iрi кәсiпкерлiк, 6-мемлекеттiк мекеме, 7-мемлекеттiк кәсiпорын, 8-коммерциялық емес ұйым;
8) 7-тармақта тексеру материалдарын шешiм қабылдау үшiн жолдау туралы мәлiметтер көрсетiледi: 1-мемлекеттiк органға, 2-прокуратураға, 3-сотқа;
9) 7.1-тармақта материалдарды жолдаған күн белгiленедi;
10) 8-тармақта талаптары бұзылған нормативтiк құқықтық актiлер нормалары белгiленедi;
11) 9-тармақта объектiнi тексерудiң нәтижелерi көрсетiледi: тоқтатылған-1, тыйым салынған-2;
12) 10-тармақта, тексерiс, оның аяқталуына дейiн тоқтатылғандығы көрсетiледi: 1-мемлекеттiк органмен, 2-сотпен, 3-прокурормен;
13) 11-тармақта тексерудi жүзеге асыратын тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы, қызметтiк телефоны көрсетiледi;
14) 12-тармақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-қосымшаның келiп түскен күнi көрсетiледi;
15) 13-тармақта талон-қосымшаны қабылдаған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы көрсетiледi.
25. Талон-қосымшаны ұсыну тексерудi аяқталған ретiнде есептеуге негiзi болып табылады.
26. Енгiзiлген мәлiметтердiң шынайлығын, толықтығын, объективтiлiгiн және дәйектiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк органның басшысына және осы құжаттарды толтырған тұлғаға жүктеледi.
27. Тексерудi тағайындау туралы актiнi, № 1-П нысанды есепке алу карточканы және талон-қосымшаны тiркеу олар туралы мәлiметтердi Журналға енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
28. Журнал бiрыңғай үлгiдегi құжат болып табылады, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен және мемлекеттiк тiркеу субъектiлерiмен жүргiзiледi.
29. Журнал нөмiрленген, тiгiлген және мөрмен куәландырылған болуы тиiс. Жазбалар толық, нақты, ұқыпты енгiзiледi, түзетулерге және тазартуларға жол берiлмейдi. Қателескен жазбалар ескертiледi және жауапты тұлғаның қолымен куәландырылады.
1) Журналдың 1-бағанда ақпараттық есепке алу құжатының реттiк нөмiрi көрсетiледi;
2) 2-бағанда тексеру тағайындау туралы актiнiң, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының тiркелу күнi мен уақыты көрсетiледi, сонымен қатар құжаттарды тапсырған мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң лауазымды тұлғасының қолы қойылады.

Журналда салықтық тексерудi есепке алу барысында, тексеру аяқталуы бойынша № 1-П нысанды есепке алу карточкасын және талон-қосымшаны ұсынғаннан кейiн, тексерулердiң тiркеу нөмiрлерi тексеру тағайындау туралы тiркелген актiлер нөмiрi бойынша дробь арқылы тәртiп бойынша қойылады (мысалға: 41/1, 41/2, 41/3, және т.б.);


3) 3-бағанда мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiнiң нөмiрi және оның шығару күнi көрсетiлуге жатады;
4) 4-бағанда мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң атауы, тексерудi тағайындаған тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. бейнеленуге жатады;
5) 5-бағанда тексерудi жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) Т.А.Ә. және лауазымы көрсетiледi;
6) 6-бағанда тексеру объектiсiнiң атауы, оның орналасқан жерi, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң СТН, (ЖСН, БСН) бейнеленуге жатады;
7) 7-бағанда тексеру объектiсiмен жүзеге асырылатын қызмет түрi бейнеленедi;
8) 8-бағанда тексеру түрi бейнеленедi;
9) 9-бағанда тексеру негiзi көрсетiледi;
10) 10-бағанда тексеру өткiзу мерзiмi бейнеленедi;
11) 11-бағанда тексеру мерзiмнiң ұзартылуы немесе тексерудiң тоқтатылуы және жаңартылуы туралы белгi қойылады, сонымен қатар тексеру мерзiмiн ұзарту туралы актiнiң немесе ескертпенiң келiп түскен күнi көрсетiледi.
12) 12-бағанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-қосымшаның ұсынылған күнi көрсетiледi, сонымен қатар талон-қосымшаны тапсырған мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң лауазымды тұлғасының қолы қойылады;
13) 13-бағанда тағайындалған тексерулердiң өткiзiлмеу негiздерi және шешiм қабылданған күнi көрсетiледi: 1-кiшi бағанда есептен алынған өткiзiлмеген тексерулер, 2-кiшi бағанда тiркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актiлер бейнеленедi.
30. Есепке алуды тиiстi жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнде Журналды жүргiзу жауапты лауазымды тұлғаға жүктеледi.

Журналдың жүргiзiлуi және сақталуы туралы талаптардың қамтамасыз етiлуiне бақылау жүргiзу мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң басшысына жүктеледi.


31. Ақпараттық есепке алу құжаттыры бланктерiмен және журналдармен қамтамасыз ету мемлекеттiк тiркеу субъектiлерiне жүктеледi.

5. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу туралы» № 1-П нысанды есептердiң ұсынылу тәртiбi мен мерзiмдерi


32. № 1-П нысанды есепке алу карточканың және талон-қосымшаның негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарымен Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу туралы» № 1-П нысанды есеп (бұдан әрi — № 1-П нысанды есеп) жасалады.
Аймақ бойынша және әр мемлекеттiк орган бойынша № 1-П нысанды жинақталған есеп құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының бiрiншi басшысымен немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғамен қол қойылады.
Аймақ бойынша және әр мемлекеттiк орган бойынша № 1-П нысанды жинақталған есеп ұлғаю нәтижесiмен тоқсан сайын жасалады, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының бiрiншi басшысымен немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғамен бекiтiледi және орталық құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ұсынылады.
33. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының орталық аппараты аумақтық органдарының № 1-П нысанды есептiң деректерi негiзiнде мемлекеттiк органдар және аймақтар бөлiнiсiнде жинақталған есептi қалыптастырады.
34. Жолдар мен бағандардың деректерi барлық мемлекеттiк органдар бойынша бiрдей болып келетiн № 1-П нысанды есеп ұлғаю нәтижесiмен бiрыңғай нысан бойынша құрылады.
1) 1-жолда талон-қосымшалары есептiк кезеңнiң соңына келiп түспеген, аяқталмаған тексерулердiң қалдығы көрсетiледi;
2) 2-жолда тексерулердi тағайындау туралы тiркелген актiлердiң саны көрсетiледi;
3) 3-жолда (№ 1-П нысанды қойылған есепке алу карточкалары бойынша) объектiлердiң тағайындалған тексерулерiнiң саны көрсетiледi;
4) 4-шi жол (талон-қосымшаның бар болғанда) аяқталған тексерулердiң санын көрсетедi;
5) 5-шi жол түрлi себептер бойынша есептiк кезеңде өткiзiлмеген, тағайындалған тексерулердiң санын көрсетедi;
6) 6-шы жол тексеру тағайындау туралы актiнi тiркемей жүргiзген анықталған тексерулердiң жалпы санын көрсетедi, олардың iшiнде прокуратурамен анықталғандар 7-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен 8-жолда, мемлекеттiк органмен 9-жолда көрсетiледi;
7) 10-шы жол есептiк кезеңде тағайындалғандардың қатарынан, тексерудi тағайындау туралы актiнi шығармай жүргiзген, анықталған тексерулердiң жалпы санын көрсетедi, олардың iшiнде прокуратурамен анықталғандар 11-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен 12-жолда, мемлекеттiк органмен 13-жолда көрсетiледi;
8) 14-шi жол тексеру тағайындау туралы актiнi өткен жылдары тiркемей жүргiзгендiгiн ағымдағы жылда анықталған тексерулердiң санын көрсетедi, олардың iшiнде прокуратурамен анықталғандар 15-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен 16-жолда, мемлекеттiк органмен 17-жолда көрсетiледi;
9) 18-шi жол тексеру тағайындау туралы актiнi өткен жылдары шығармай жүргiзгендiгiн ағымдағы жылда анықталған тексерулердiң санын көрсетедi, олардың iшiнде прокуратурамен анықталғандар 19-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен 20-жолда, мемлекеттiк органмен 21-жолда көрсетiледi;
10) 22-шi жол тексеру нәтижелерiнде бұзушылықтар айқындалған тексерулердiң санын көрсетедi;
11) 23-шi жол тiркеуден бас тартылған тексерулердi тағайындау туралы актiлердiң жалпы санын көрсетедi;
12) 24-38 жолдар тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеуден бас тарту негiздерiн көрсетедi;
13) 1-15 бағандарының көрсеткiштерi № 1-П нысанды есепке алу карточкасының деректерiнен алынып қалыптасады.
35. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдары тоқсан сайын аумақтық басқарманың қолы қойылып, құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкiлеттi органға келесi есептiк кезеңдегi айдың 5-санына қағаз жүзiнде және электронды түрде ұсынылатын 1-П нысанды есептi қалыптастырады және бекiтедi.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда жазылды — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
36. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарының бекiткен есептерi негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкiлеттi органдары республика бойынша жинақталған есептi қалыптастырады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда жазылды — ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
37. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкiлеттi органымен республика бойынша жинақталған № 1-П нысанды есеп Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына келесi есептiк кезеңдегi айдың 10-санына ұсынылады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет