Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


-кесте. «Ағылшын тілі» пәнінің Үлгілік оқу жоспарына сәйкес  сыныптар бойынша көрсетілген тілдік деңгейлер деңгейі:  Сыныптар



Pdf көрінісі
бет43/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

11-кесте. «Ағылшын тілі» пәнінің Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 
сыныптар бойынша көрсетілген тілдік деңгейлер деңгейі: 
Сыныптар
 
Тілдік деңгейлер
 
1-сынып
А1 working towards (А1 деңгейі бағытындағы жұмыс)
2-сынып
А1 low (төмен)
3-сынып
А1 mid (орташа)
4-сынып
А1 high (жоғары)
«Ағылшын тілі» оқу пәні жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу 
бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық жүйені сақтай отырып, 
қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне негізделген.
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ағылшын 
тілі» пәнінен Үлгілік оқу жоспары ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге 
асырылады. Ұзақ мерзімді жоспардың негізгі құрылымы: 


59 
1) тақырыптық бөлімдер;
2) оқу мақсаттары.
Ұзақ мерзімді жоспарда білім беруді дамытудың ортақ принципі (дамыту 
тұжырымдамасы), білім берудің басты бағыты мен бағдарламалары, қойылған 
мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды іс-әрекеттерді жүзеге 
асырудың мазмұны мен орындалу жолы көрсетіледі. 
Ұзақ мерзімді жоспарда бір оқу жылына арналған оқу мақсаттары 
қамтылған. Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімдер мен тақырыптарды меңгеруге 
жұмсалатын сағат саны көрсетілмеген. Бөлімшелерге арналған сағат санын 
бөлуді ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды 
педагог өзі немесе педагогтер ұжымы бірлесіп әзірлейді. Әзірленген 
күнтізбелік-тақырыптық жоспар мектептің пән бойынша әдістемелік бірлестік 
отырысында қарастырып, бекітіледі.
Жаңартылған білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерінің бірі – 
олардың ыңғайлылығы мен жанжақтылығы. Ұзақ мерзімді жоспар «Ағылшын 
тілі» оқу пәні мұғалімдеріне: 
1) тоқсанға тиісті бөлім тақырыптарының оқу мақсаттарын зерделеу 
тәртібін дербес айқындауына; 
2) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейлерін ескере 
отырып, тапсырмалардың түрлерін өзгертіп, оларды түрлендіре алуына;
3) бірнеше оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге 
мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының бастауыш білім беру деңгейінің мазмұны өмірмен 
тығыз байланысты күнделікті қолданыстағы ақпарат арқылы білім 
алушылардың тілді меңгеруге деген қызығушылығын тудыруға бағытталған. 
Сонымен қатар білім алушылардың бойына ақпаратпен жұмыс істеу және өз 
көзқарасын білдіру сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. 
1-2-сынып білім алушылары үшін «Патриотизм», «Құндылықтар жүйесі» 
сияқты ұғымдар абстрактілі сипатқа ие болғандықтан оларға салыстырмалы 
түрде «Менің отбасым және достарым», «Қоршаған орта», «Саяхат» 
тақырыптары жақын және түсінікті болып келеді. Білім алушылардың отбасы, 
үйі, ата-анаға деген махаббаты және кез келген қадам туған үйден 
басталатынын түсінуі, өзін қоғам мүшесі ретінде тануына ықпал етеді. Сол 
үшін жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарында ортақ тақырыптар 
қарастырылады (12-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет