Бағдарламасын орындау бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі»



Дата29.02.2016
өлшемі34.5 Kb.
#32127
түріБағдарламасы
2015 жыл үшін мүгедектердің, соның ішінде мүгедек балалардың оңалтудың жеке бағдарламасын орындау бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс істеу жөніндегі секторының жұмысы жөнінде ақпарат
2016 жылғы 1 қаңтардағы қалпына қалада Ұлы Отан соғысына қатысушы 106 адам, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедегі 23 адам тіркелген.

2016 жылғы 1 қаңтардағы қалпына қалада 7099 мүгедек, оның ішінде 756 мүгедек бала тіркеліп, есепте тұр.

2015 жылдың қорытындысы бойынша (01.01.2016ж.) 3594 мүгедектің немесе жалпы санынан 50,6% оңалтудың жеке бағдарламасы бар. Мүгедектердің 82,9% оңалтудың жеке бағдарламасы толық немесе ішінара орындалған.

Мүгедектермен жұмыс істеудің негізгі бағыттарының бірі – техникалық орнын толтырушы (қосымша) құралдармен қамтамасыз ету.



  • міндетті гигиеналық құралдармен – 662 мүгедек;

  • жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен (кресло-арбалармен) – 103 мүгедек;

  • тифлотехникалық құралдармен – 122 адам;

  • сурдотехникалық құралдармен, оның ішінде есту аппараттарымен де – 127 адам,

  • кохлеарлық имплантантқа сөйлеу процессорымен - 4 мүгедек бала қамтамасыз етілді;

  • протездік-ортопедиялық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен – 114 адам қамтылды;

  • санаторий-курорттық емделуге 594 мүгедек, оның ішінде 15 мүгедек бала, ҰОСҚ қатарынан 180 адам жіберілді;

  • ымдау тілі маманының қызметімен – 253 мүгедек;

  • жеке көмекшінің қызметімен – 123 мүгедек қамтамасыз етілді.

Оңалтудың жеке бағдарламасын өз уақытылы іске асыру мақсатында жоғарыда санамаланған іс-шаралар бойынша ұсыныстары бар мүгедектігі бар азаматтар Қасымқанов к., 36 бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ 6- бөл. өтініш жасайды, анықтамалар үшін телефон 500837, 501004.

Ұтқырлығы төмен азаматтарды, олар арбаларды пайдаланатын 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер мен жүріп-тұру аппараты бұзылған мүгедектерді және мүгедек балаларды тасымалдау проблемаларын шешу үшін 2015 жыл ішінде 7844 өтінім орындалуы қамтамасыз етілген, игерілген қаражат сомасы 17490,0 мың теңгені құраған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталықтары, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелері мен ұйымдары, көлік қызметін ұсынатын ұйымдар (аэропорт, автовокзал, темір жол вокзалы) 126 объектіде түгендеме (паспорттау) жүргізілді.

Бекітілген Қостанай облысы бойынша мүгедектердің мұқтажына әлеуметтік, көлік инфрақұрылым объектілерін бейімдеудің өңірлік жоспарымен Қостанай қаласы үшін қол жетімділікпен қамтамасыз етілген паспортталған объектілер үлесі паспортталған объектілердің жалпы санынан 2014 жылы – 18% (23 объекті), 2015 жылы – 51% (41 объекті), 2016 жылы – 83% (41 обекті), 2017 жылы – 100% (21 объекті) объектіні құрауы тиіс деп белгіленген.



2015 жылы паспортталған объектілер қатарында мемлекеттік органдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің ғимараттары, мәдениет, спорт, білім объектілері бар 41 объектін мүгедектердің мұқтажына бейімдеу жоспарлануда.

Есепті күнге облыстық Бейімдеу барысын бақылау жөніндегі кеңес 42 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін толық қол жетімді деп таныған. Сонымен, объектілерді бейімдеу жоспары 2014 жылы - 100%, 2015 жылғы жоспар – 102% орындалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет