Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 2002 жылғы 4 қыркүйек N 974
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 324-құжат
Жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмысты жақсарту әрi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың көкейтестi проблемаларын шешудегi жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:
Ескерту. Тақырыпқа және кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.05.14. N 382 қаулысымен.
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауды апта сайын "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен көрсетiлген органдардың басшылары тоқсан сайын бекiтетiн бұл органдардың үй-жайларындағы кестелерге сәйкес жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Көрсетiлген кестелер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың үй-жайларында олармен танысу үшiн азаматтардың еркiн қол жеткiзуi қамтамасыз етiлетiн орындарда iлiнiп қойылады.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдау ұйымдастыруды өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен есепке алуды жүргiзетiн бұл органдардың өкiлеттi қызметкерлерi жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.05.14. N 382 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау және оларды қабылдауға алдын ала жазу үшiн қажеттi жағдай жасасын, соның iшiнде 2002 жылғы 1 қазанға дейiн қабылдауға алдын ала жазуды жүргiзуге өкiлеттi қызметкерлердi белгiлесiн әрi олардың өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн, олардың байланыс телефондарын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияласын;
2) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуын қамтамасыз етсiн;
3) кезектi тоқсан басталғанға дейiн 15 күн бұрын Премьер-Министрдiң Кеңсесiне назарға алу үшiн айына кемiнде бiр рет бiрiншi басшылардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау, айдың басқа апталарында олардың орынбасарлары қабылдауын көздейтiн 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтiнiштерiнiң» және»жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдаудың тоқсандық кестелерiн ұсынсын;
4) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне белгiленген нысанда қорытылған деректерi қоса берiлген орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау нәтижелерi туралы ақпаратты 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.05.14. N 382 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрi Кеңсесiнiң жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау бөлмесiнде Аймақтық даму бөлiмiнiң бас инспекторлары аптасына бiр рет Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы тоқсан сайын бекiтетiн кестелерге сәйкес аптасына бiр рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау жүргiзедi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау олардың көмекшiлерiмен алдын ала келiсiледi және олар белгiлеген күн мен сағатта жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.05.14. N 382 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
5. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 58 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 2-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы 2002 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшiне енетiн 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 974 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.05.14. N 382 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 974 қаулысына
2-қосымша
2002 жылғы ___ тоқсандағы Қазақстан Республикасы орталық
және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының азаматтарды
қабылдау
Кестесi
Орталық !Азаматтарды!Азаматтарды!Азаматтарды!Мемлекеттiк !Байланыс
атқарушы!қабылдауды !қабылдауды !қабылдау !органдардың !телефоны
органның!жүргiзген !жүргiзген !күнi мен !орналасқан !
атауы !адамның !адамның !уақыты !жерi !
!Т.Ә.Ж. !Т.Ә.Ж., ! ! !
! !лауазымы ! ! !
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 974 қаулысына
3-қосымша
Басшылардың азаматтарды қабылдауы
нәтижесi туралы _______________________________
(мемлекеттiк органның атауы)
Деректер
200_ жылғы ___ тоқсандағы
Азаматтарды!Азаматтарды!Қабылдан.! қабылданғандардың iшiнен:
қабылдауды !қабылдауды !ған адам.!----------------------------------------
жүргiзген !жүргiзген !дардың !Мәселе!Өтiнiшi !Мемлекеттiк!Түсiн.!Басқа
адамның !адамның !саны !оң ше.!қанағат.!органның !дiрме !ұйым.
Т.Ә.Ж. !лауазымы ! !шiлдi !танды. !бөлiмшесiне!берiл.!дарға
! ! ! !рылмады !жiберiлдi !дi !жiбе.
! ! ! ! ! ! !рiлдi
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
Жиыны
--------------------------------------------------------------------------
|
Достарыңызбен бөлісу: |