Ертеңгілік гимнастиканың жоспар-конспектісі
Ертеңгілік гимнастиканың жоспар-конспектісі дене шынықтыру сабағы үшін жоғарыда көрсетілген формада құрылғанымен, міндеттері көрсетілмейді және сабақ бөлімдері белгіленбейді.
Ертеңгілік гимнастиканыц жоспар-конспектісі
Өткізілетін тобы
Өткізілетін күні
Өткізілетін уақыты
Өткізілетін орны
Балалардың саны (ұлдар мен қыздар)
Балалардың киімі мен аяқкиімі
Құралдар
Мазмұны
(жаттығулар)
|
Мөлшерлеу
|
Қарқын
|
Тыныс алу
|
Ұйымдастыру
(әдістемелік нұсқау)
|
Ескертулар
|
|
|
|
|
|
|
Кешен жасай отырып, тәрбиеші ең бірінші денені жалпы дамытатын жаттығуларды іріктеп алады да сосын ертеңгілік гимнастиканың басында және соңында қандай қозғалыстарды қосу керектігін анықтайды.
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісі
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісін алдын ала жасаудың маңызы аз емес, өйткені ойында тәрбиешінің қандай мақсатты көздегеніне қарамай әр ойын түрліше жүргізіледі.
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісі
Ойын атауы
Өткізілетін топ
Өткізілетін күні
Өткізілетін уақыты
Өткізілетін орны
Балалардың саны (ұлдар және қыздар)
Балалардың киімі және аяқкиімі
Дене шынықтыру құралдары, ойыншықтар, атрибуттар
Қимыл-қозғалыс ойындарындағы шешілетін міндеттер
Ойынның жүргізілу әдістемесі мен мазмұны мына формада жазылады:
Қимыл-қозғалыс ойындарында ең бастысы қозғалыс дағдысы қалыптасады, сондықтан міндетті: «Белгілі бір бағытқа лақтыру дағдысын қалыптастыру» деп жазу керек. Ойын процесінде балалардың дене қасиеттері дамиды және бұл «Kөз мөлшерін дамыту» міндетіне де кіреді.
«Oйынға кіретін қозғалыстар» бағанында осы ойында, осы жүйелілікте бірінші рет және одан кейінгі барлық ойындарда қалай орындалса, солай қайталанатын барлық қозғалыстар жазылады.
«Mөлшерлеу» бағанында әр қозғалыстың қанша рет орындалатыны көрсетіледі.
«Қарқын» бағанында әр қозғалыстың орындалу жылдамдығы (баяу, тез, т.б.) белгіленеді.
«Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар» бағанында ойынның бүкіл барысы мен балаларды ұйымдастыру жазылады. Серуеннің, сергіту минутының, шынықтыру процедурасының, дене тәрбиесі мерекелерінің және мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін дене тәрбиесінінің басқа да түрлерінің жоспар-конспектісін осындай үлгіде құруға болады. Әдістемелік жұмысты жоспарлай отырып, тәрбиеші әдебиеттерді оқу, ашық сабақтар өткізу, педагогикалық кеңесте сөйлеу, қабырға газетіне, ата-аналар мүйісіне мақалалар беру, үйірмелер мен семинарларға, әдістемелік бірлестіктерге қатысуды белгілейді. Бұдан басқа ашық сабаққа дайындалу, оны өткізу, өз жұмысының, басқа тәрбиешілер жұмысының тәжірибесін қорытындылау, педагогикалық оқуларда баяндама дайындап, сөйлеу маңызды.
Өз басының дене дайындығын жетілдірудің міндеттерін анықтаудың маңызы да бұдан кем емес: оларды шешуге арналған құралдарды іріктеу өз басының дене дайындығын жетілдірудің барлық формаларын жоспарлау (спорт секцияларында айналысу т.б.). Ата-аналармен істелетін жұмыс та жоспарлануға тиіс. Тәрбиеші ата-аналар жиналыстарының, баяндамалардың, жеке және топтық әңгімелесулердің, кеңес берулердің тақырыбын анықтайды. Оның үстіне, тәрбиеші ата-аналар үшін дәрістерді, баяндамаларды, ашық сабақтарды, ата-аналар мүйісін, фотоальбомдарды безендіруді және балалардың үйлеріне баруды белгілейді. Тәрбиешінің жоспарында балалар емханасындағы емдік жаттығулар жөніндегі кабинеттерімен, балабақша балаларды дене жаттығуларымен айналысатын мәдени парктермен, хауыздармен, балалардың спорт мектептерімен байланысы өз көрінісін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |