Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке Депутаттық сауал Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



Дата25.02.2016
өлшемі20.56 Kb.
#22250
2014 ж. 25.06. жарияланды

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Халықты сапалы авиатасымалдау қызметтерімен қамтамасыз ету. Авиабилеттер құнының жоғары болуы мәселелері» мәселесі талқыға салынып, Қазақстанның азаматтық авиациясы мен оның динамикалық дамуына кедергі керосинге құнының жоғары екені дәлелденді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының туристік салада дамудағы перспективалары» үкіметтік сағатта талқыға салынып, авиа тасымалдаулардың бағалары шарықтап кетуін атап өтті, әр кірістің 30% жағармай алуға кететінін дәлелдеді. Авиакеросиннің бағада шарықтауы авиа тасымалдауларда ғана емес, Қазақстан әуежайлар арқылы өтетін транзиттің дамуына маңызды ықпал етіп жатыр, себебі, авиатасымалдаушылар үшін транзиттік жол мен хабтарды таңдау мәселесінде авиакеросиннің құны әсер етеді.

Авиакомпаниялар үшінші адамдар арқылы өтетін тендерлер арқылы авиакеросин сатып алады, мұндай тендерлерде басты адамдар(мұнай саласындағы басты басшылар, мұнай өндеу зауыттар) тендерлерде қатыспайды. Сондықтанда отын бағасы өндірушілердің құнынан бірнеше есе өсіп сатылып жатыр. Монопольдік жағдай әуежайларға тиімсіз шарттардың арқасында, авиа тасымалдаулардың ұшу билеттердің құндары жоғарылатуын шақырып жатыр.

Авиаоттың бағасын тұрақтылау маңызды тақырыптардың бірі. Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Нұр Отан» партия фракциясының депутаттары сізден осы мәселері бойынша жауап беруіңізді сұрап тұр:



  1. Авиаотынның құнын төмендету бойынша қолданылған шаралар, отынның жеткіліксіз болуы мен авиакомпанияларға үшінші адамдарға қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы жатқандығы

2. Қазақстан Республикасының “Мұнай өнімдерінің өндіріс және айналымын реттеу” заңына түзетулер енгізу арқасында, авиаотынның бағасын реттеуде және өз ара серіктестік жасамау түзетулер енгізу, және авиаотынның сатып алу, бақылау және баға мәселесін тұрақтату мемлекеттік орган құру. Құрылған орган үшінші адам болмай қалмауына, және бағалардың қайта өспеуіне кім кепіл.

Құрметпен,

«Нұр Отан» партия

фракциясының депутаттары Н. Логутов
С. Әйімбетов
А. Базарбаев
С. Дьяченко

Орын. Ж. Бекебаев



Т. 74-67-82

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет