«МӘСҚ» АҚ Вице-Президенті Жәнібеков Марат Амангелдіұлының g-global үшін мақаласы



Дата09.06.2016
өлшемі325 Kb.
#125467



«МӘСҚ» АҚ Вице-Президенті

Жәнібеков Марат Амангелдіұлының

G-global үшін мақаласы
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

жұмысынан айырылуы жағдайына

әлеуметтік төлем

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан әлеуметтік қамсыздандыру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әлеуметтік қорғау жүйесі дамуының негізгі бағыттары стратегиялық жоспарлар мен Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларда айқындалған. Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстанда құрамына ынтымақтастық және дербестендірілген жүйелердің, оның ішінде міндетті және ерікті сақтандыру элементтерін қосатын және адам өмірінде болуы ықтимал негізгі тәуекелдерден халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі құрылды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан үшін маңызды міндеттердің бірі ретінде жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мәселесі тұрды. Осыған орай, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша уақытылы қолданылған шаралар Қазақстанның еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне әсер етті. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі үнемі төмендеп, ал жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсіп келеді.

2005-2014 жылдар аралығында жұмыссыздық деңгейі 8,1%-дан 5,0%-ға, ал 15 пен 24 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 13,4%-дан 3,8 %-ға төмендеді.

1-диаграмма

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен табысы аз азаматтар санатына жататын жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының мобилділігін арттыру жатады.

Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен не жеке куәлігімен, шет елдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, оралмандар үшін – оралманның куәлігі, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтiнiш жасаған жағдайда қызмет алушының электронды-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішімен жүгінеді.

Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiм өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінде белгiленiп тұруы тиiс.

Дамыған елдерде жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің қалыптасуы мен даму үрдісі бірнеше онжылдықты құрады. Оның негізгі кезеңдері Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) соңғы жүзжылдық бойында қабылданған және түрлі елдердегі айтарлықтай ұзақ уақыт бойы осы жүйенің қалыптасу тәжірибелерін біріктіретін халықаралық құқықтық құжаттарда көрініс тапқан. Қолданыстағы барлық жүйелердің, олардың ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, негізгі құрамдас бөлігі болып жұмыссыздықтан сақтандыру табылады.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан қорғау туралы» ХЕҰ №168 Конвенциясының ережелеріне сәйкес, толық жұмыссыздық жағдайында жәрдемақы мерзімді төлем түрінде, яғни алушыға жоғалтқан табысын ішінара және уақытша толтыруды, сондай-ақ жұмысқа тұрып, жұмысбасты болуға деген ынтасын азайтпайтын мөлшерде төленуі тиіс.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыссыздықтың салдарларын жеңілдету мақсатында қолданылатын өзекті шаралардың бірі ретінде, жұмысынан айырылған, бірақ белсенді түрде жұмыс іздеуді жалғастыратын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады. Бұл ретте, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға жұмыссыз ретінде тіркелген күнге дейінгі күнтізбелік 24 ай ішінде ол үшін жұмыс беруші МӘСҚ алты айдан кем емес мерзімде ай сайын әлеуметтік аударымдар төлеген жеке тұлға өтініш бере алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (МӘСЖ) қатысушы жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген жағдайда күнтізбелік 12 айдың ішінде тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне немесе ХҚО өтініш беруіне болады. Өтінішке келесі құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы қоса беріледі.

МӘСҚ төленетін жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің 2005-2014 жылдардағы динамикасынан алушылар санының артқаны байқалады. Бұл жағдай Қазақстанның еңбек нарығына әсер еткен әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысының салдарына байланысты қалыптасты.

2-диаграмма

Жұмысынан айырылуы жағдайына берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері тек төлеушілермен (жұмыс берушілермен немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалармен) МӘСҚ төленетін ай сайынғы әлеуметтік аударымдар сомасына ғана емес, сонымен қатар МӘСЖ қатысу өтіліне байланысты анықталады. Оған қоса, төлем кезеңі қатысу өтіліне байланысты айқындалады. Мәселен, 2014 жылы алушылардың 77 %-на жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем 4 ай ішінде төленген.
3-диаграмма

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органға өтініш беру заң жүзінде қарастырылған.



Тұтастай алғанда, азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет