Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ
Мақсаты: Жолдаудың 7 көздеген нысаны: - Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз.
- Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады…
- Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді.
- Қорғаныс қабілетімізді нығайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс.
- Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек.
- Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда.
- Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған.
- Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.
- Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес.
- Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде.
- Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық.
- Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі.
- Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ.
- Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде.
- Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр.
- Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп.
- Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде.
- Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.
- Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс.
- Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн.
- Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.
- Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз.
- Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті.
- Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз.
- Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа.
- Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті.
- Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр.
- Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.
- Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында. Біз пікір алуандығын қолдай отырып, радикализмнің кез-келген көрінісінің жолын кесеміз, мемлекеттік егемендігімізге, аумақтық тұтастығымызға қол сұғуға жол бермейміз.
- Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
- Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет.
- Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз...
- Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талай рет атап өткендей, этносаралық және конфессияаралық татулық – біздің баға жетпес байлығымыз.
- Мемлекетіміздің болашағы үшін біз ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлігімізді сақтап, нығайтуға міндеттіміз.
2021 жылғы Жолдаудың 5 әлеуметтік бастамасы: - «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ:
- ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
- Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
- 2022 жылғы 11 қаңтар
Қадірлі отандастар! - Қадірлі отандастар!
- Қиын күндер артта қалды.
- Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы
- ризашылығымды білдіремін!
- Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек.
- Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты
- сақтауымыз қажет.
- Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады.
- Бұл шынайы жаңару кезеңі болады.
- Егемен елімізді бірге өркендетейік!
- Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат.
- Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!
-
Достарыңызбен бөлісу: |