Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы



бет1/9
Дата04.07.2016
өлшемі1.12 Mb.
#176943
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «____» _______________

№ ____ Қаулысымен бекітілген




Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы

әзірлеу ережелері


  1. Жалпы ережелер




  1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы әзірлеудің осы Ережелер (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндамасын жыл сайын әзірлеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Ұлттық баяндама).

  2. Ұлттық баяндама Экологиялық кодекстің 166-1-бабы, 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы нақты экологиялық жай-күйі мен және оны жақсарту үшін қолданылған шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында құрылады.

  3. Экологиялық кодекстің 166-1-бабы, 2-тармағына сәйкес Ұлттық баяндамада мына деректер көрініс табады:

  1. қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалы және сандық сипаттамасы туралы;

  2. негізігі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы;

  3. аймақтардағы экологиялық жағдай туралы;

  4. қоршаған орта мен табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша.

  1. Ұлттық баяндама экологиялық индикаторларының талдауына, экологиялық статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпаратқа негізделеді, экологиялық салалар мен аралас салалардың даму деңгейлері көрініс табады.



  1. Ұлттық баяндаманы әзірлеу тәртібі




  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) орталық мемлекеттік органдармен және облыстардың жергідлікті атқарушы органдарымен, республикалық маңыздағы қалалармен, астанамен ұсынылған (бұдан әрі – мүдделі мемлекеттік органдар) ақпараттар негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеу мен жариялауды ұйымдастырады.

  2. Мүдделі мемлекеттік органдар жыл сайын 1 наурызға дейін уәкілетті органға Ұлттық баяндамаға ақпараттар ұсынады.

  3. Уәкілетті орган Ұлттық баяндама бөлімдеріне мына ақпараттарды дайындауды қамтамасыз етеді:

  1. қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы;

атмосфералық ауаның сапалық жағдайы;

жер үсті суларының сапалық жағдайы;

радиоактивті түсулердің радиоактивті фоны;

осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындылары бойынша экологиялық индикаторлар талдауы;

осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес қалалық елді мекендердің атмосфералық ауа сапасы мен олардың динамикасын талдау бойынша экологиялық индикаторлар;

осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес озонды бұзушы заттарды тұтынудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 4-қосымшасына сәйкес ауа температурасының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 5-қосымшасына сәйкес атмосфералық жауын-шашынның экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 6-қосымшасына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес оттегін биохимиялық тұтыну (ОБТ) және аммоний азоты концентрациясының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 8-қосымшасына сәйкес тұщы судағы биогенді заттардың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 9-қосымшасына сәйкес теңіз жағалау суларындағы биогенді заттардың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 10-қосымшасына сәйкес жаңартылатын көздердің негізінде энергия тұтынудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес қалдықтардың қалыптасуының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 12-қосымшасына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдаудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;
осы Ережелердің 13-қосымшасына сәйкес қалдықтарды өңдеу және қайта пайдаланудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 14-қосымшасына сәйкес қалдықтарды түпкілікті жоюдың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

2) қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы;

трансшекаралық ауаның ластануы;

климаттың өзгеруі;

жердің озондық қабаты;

қоршаған ортаның өндірістік қалдықтармен ластануы;

тұрақты органикалық ластағыштар;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай туралы:

атмосфералық ауаның сапалық жағдайы;

атмосфералық ауаның негізгі ластану көздері және олардың қысқаша сипаттамасы;

жер үсті суларының сапалық жағдайы;

жер үсті суларының негізгі ластану көздері және олардың қысқаша сипаттамасы;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

мемлекеттік экологиялық бақылау;

мемлекеттік экологиялық сараптама;

міндетті экологиялық аудит;

міндетті экологиялық сақтандыру;

қоршаған орта жағдайына мониторинг;

жасыл экономика мәселелерімен қоса Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы;

қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қызметті нормативті қамтамасыз ету;

мемлекеттік экологиялық саясат, өзге мемлекеттік және салалық бағдарламалардағы экологиялық бағдарламалар мен экологиялық іс-шаралар;

экономикалық реттеу және табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру;

халықаралық ынтымақтастық;

табиғатты қорғау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

экологиялық ағарту;

қоғамдық экологиялық қозғалыс;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер.

8. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы;

орман қорының жалпы сипаттамасы;

осы Ережелердің 15-қосымшасына сәйкес ормандар және өзге де орман көмкерген жерлер бойынша экологиялық индикаторлар және олардың динамикасына талдау;

2) аймақтардағы экологиялық жағдай туралы;

қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

мемлекеттік экологиялық бақылау;

орман заңнамасы саласын бақылау;

орман өндірісі және ағаш егу шаруашылығы (орманды қалпына келтіру);

мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімге орман пайдалануға ұсыну.

9. Жануарлар дүниесі өндірісі мен пайдалануды қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы;

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жалпы сипаттамасы:

осы Ережелердің 16-қосымшасына сәйкес құрып кету қаупі бар түрлер және қорғалатын түрлердің экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 17-қосымшасына сәйкес жеке түрлерді тарату және санның өзгеру үрдісінің экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

аңшылық шаруашылықты дамытудың негізгі проблемалары;

құрып кеткен және азайған балық қорларымен қоса балық шаруашылығы саласындағы негізгі экологиялық проблемалар;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай:

ерекше қорғалатын аумақтардың жалпы сипаттамасы;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

жануарлар дүниесін қорғау, өндіріс және пайдалану саласында бақылау;

жануарлар мен өсімдіктердің құрып кеткен түрлерін сату.

10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

ерекше қорғалатын аумақтардың жалпы сипаттамасы;

осы Ережелердің 18-қосымшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және олардың динамикасына талдау;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай:

ерекше қорғалатын аумақтардың жалпы сипаттамасы;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бақылау;

рекреациялық ресурстардың элементтерінің бірі ретінде экологиялық туризм.

11. Жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

жер алқаптарының, жер учаскелерінің жағдайы;

жер елді мекендерінің, өнеркәсіп объектілерінің жағдайы, улы өндірістік қалдықтар мен радиоактивті қалдықтарды – көму орындары;

биоәртүрлілік (табиғи өсімдік жамылғылары);

топырақ жамылғылары;

шөлейттену, сортаңдану, батпақтану, топырақтың пестицидтермен, қатты металдармен, радионуклидтермен және басқа да заттармен ластануымен қоса топырақтың құнарлылығының өзгеруі;

табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысының өзгеруі.

осы Ережелердің 19-қосымшасына сәйкес өнімділік айналымынан жер алуының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 20-қосымшасына сәйкес топырақтың эрозияға ұшыраған алқаптарының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

2) аймақтардағы экологиялық жағдай туралы:

жер алқаптарының, жер учаскелерінің жағдайы;

3) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясат;

жерді пайдалануға және қорғауға бақылау;

жер ресурстарының мониторингі.

12. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

қоршаған ортаның техногендік ластануы;

табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;

төтенше жағдайларды жою;

2) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы инспекциялық-қадағалау қызмет.

13. Қойнауды зерттеу және пайдалану бойынша мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

топырақты геологиялық зерттеу;

республиканың минералды-шикізат базасының негізгі сипаттамасы;

жер асты суларының жалпы сипаттамасы;

жер асты суларын алу және пайдалану;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

қойнауларға қалдықтарды орналастыру;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай туралы:

жер асты суларының сапалық жағдайы;

жер асты суларын алу және пайдалану;

жер асты суларының негізгі ластану көздері;

минералды-шикізатты кешеннің негізгі проблемалары;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

қойнауды зерттеу және пайдалану саласындағы бақылау;

жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістер мониторингі.

14. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

радиоактивті фон және сәулелену;

атом энергиясын пайдалану объектілеріндегі экологиялық жағдай;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

суды пайдалану және әуе ортасы объектілері мониторингі бойынша деректермен қоса бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП) аумақтарындағы радиоэкологиялық зерттеулер;

бұрынғы Семей сынақ полигоны маңындағы аумақтардағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

«Тәжірибе алаңы» алаңдарының радиациялық-қауіпті объектілеріне түгендеу;

бұрынғы Азғыр полигоны мен маңындағы аумақтарына кешенді мониторинг;

«Лира» объектісін қауіпсіз жағдайға келтіру;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай туралы:

радиоактивті фон және сәулелену;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздері, ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз етудің бақылау нәтижелері;

лицензия шарттары, радиациялық қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтаудың бақылау нәтижелері;

халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері;

ядролық материалдар мен басқа иондаушы сәулелену көздерін экспорттауды, импорттауды, ауыстыруды, транзиттеуді және орналастыруды бақылау нәтижелері;

ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебі мен бақылау нәтижелері;

иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік тіркелімі;

өзінің құзыреті шеңберінде ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын тауарларды және экспорттық бақылауға жататын өнімдерді импорттауға, экспорттауға және иондаушы сәулелену көздерін келісу нәтижелері;

атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялау нәтижелері;

Қазақстан Республикасының электроэнергетика туралы заңнамасына сәйкес энергияны таратушы ұйымдармен электрлік желілерге жаңартылған энергия көздерін пайдаланудың объектілерін қосуды бақылау нәтижелері;

радиациялық мониторинг.

15. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

атмосфералық ауа жағдайы;

ауыз су сапасы;

суды пайдалану орындарындағы жер үсті суларының сапасы мен қауіпсіздігі;

қойнаулар;

қойнаулардағы, судағы, азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдеріндегі пестицидтердің құрамы;

тамақ өнімдеріндегі нитраттар құрамы;

осы Ережелердің 21-қосымшасына сәйкес ауыз су сапасының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

селитебтік аумақтардағы шу;

селитебтік аумақтардағы гамма-сәулеленудің тиімді мөлшерінің қуаты;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай туралы:

иондаушы сәулелену көздері;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

санитарлы-эпидемиологиялық мониторинг.

16. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

осы Ережелердің 22-қосымшасына сәйкес минералды және органикалық тыңайтқыштардың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 23-қосымшасына сәйкес пестицидтерді енгізудің экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

17. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

су ресурстарының жалпы сипаттамасы;

су ресурстарын алу және пайдалану;

осы Ережелердің 24-қосымшасына сәйкес тұщы судың жаңартылған ресурстарының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 25-қосымшасына сәйкес тұщы суды алудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 26-қосымшасына сәйкес халықтың жан басы есебіне тұрмыстық тұтынудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 27-қосымшасына сәйкес судың жоғалуының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 28-қосымшасына сәйкес қайталама және айналмалы пайдаланудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

су ресурстарының тапшылығы;

су қорын пайдаланудың негізгі проблемалары;

Арал, Каспий проблемалары;

3) аймақтардағы экологиялық жағдай:

су ресурстарының жалпы сипаттамасы;

су ресурстарын алу және пайдалану;

4) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

су қорын пайдалану және сақтау саласындағы бақылау;

арнайы суды пайдалануға рұқсат.

18. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

ауаның, судың, қойнаудың, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әскери-сынақ полигондардағы сонымен қатар, тасығыш-зымырандардың құлау аудандарындағы сынама нәтижелері;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

«Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметімен қоршаған ортаның ластануы;

3) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

экология саласындағы ғарыштық қызмет саласының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

ғарыштық мониторинг;

«Байқоңыр» кешені аумағындағы қоршаған ортаны қорғау;

Тасығыш-зымырандарды дайындау және ұшыру үдерістерін экологиялық сүйемелдеу;

«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар.

19. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

азаматтардың денсаулығына қоршаған ортаның ықпалы.

20. Қарулы Күштердің әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган мына ақпаратты ұсынады:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамасы туралы:

ауаның, судың, қойнаудың, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әскери-сынақ полигондардағы сынама нәтижелері;

2) негізгі қоғамдық-маңызды экологиялық проблемалармен қоса қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы:

Әскери-ғарыштық кешен қызметімен қоршаған ортаның ластануы;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы әскери-сынақ полигондарының ғылыми-зерттеу жұмыстары.

21. Статистика саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар мен орнықты даму мәселелері бойынша мемлекеттік статистика;

осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындылары бойынша экологиялық индикаторлар;

осы Ережелердің 29-қосымшасына сәйкес ағынды сулардың (тазартылмаған) ластанған экологиялық индикаторлар;

22. Білім беру саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

Экологиялық білім беру, ағарту, тәрбие;

23. Ғылым саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар.

24. Электроэнергетика саласындағы уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

осы Ережелердің 30-қосымшасына сәйкес түпкілікті энергияны тұтынудың экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 31-қосымшасына сәйкес энергияны тұтынудың жалпы көлемінің экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 32-қосымшасына сәйкес энергия сыйымдылығының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

25. Транспорт саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мына ақпаратты ұсынады:

осы Ережелердің 33-қосымшасына сәйкес жолаушылар айналымының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 34-қосымшасына сәйкес жүк айналымының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 35-қосымшасына сәйкес пайдаланылатын отынның түрлері бойынша бөліністегі жол механикалық жол көлік құралдары паркінің құрамының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

осы Ережелердің 36-қосымшасына сәйкес жол механикалық жол көлік құралдары паркінің орташа уақытының экологиялық индикаторлары және олардың динамикасына талдау;

26. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары, республикалық маңыздағы (астаналар) қалалар мына ақпаратты ұсынады:

1) аймақтардағы экологиялық жағдай:

Пайдаланылған ағынды және дренажды сулардан пайда болған ұйымдастырылған ағызулар мен тазартулар, жинаулар;

жер ресурстары:

ауыл шаруашылығы айналымынан жерлерді алу;

қалдықтар:

қоршаған ортаға әсер бағасының қалдықтарының пайда болу көздері және олардың қысқаша сипаттамасы;

жинақталған өнеркәсіп қалдықтары (өнеркәсіп саласы, қалдық түрлері);

жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

қалдықтарды жою;

қалдықтарды полигондарға орналастыру;

экологиялық проблемаларды жою;

жаңартылған энергия көздерін дамыту;

энергия тиімділігі бойынша шаралар;

2) қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша:

мемлекеттік экологиялық сараптама.

28. Ұлттық баяндама жобасы 1 қыркүйекке дейін келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

29. Мүдделі мемлекеттік органдар он бес күнтізбелік күн ішінде Ұлттық баяндама жобасын келіседі немесе ұсыныстары мен ескертулерді жібереді.

Ұлттық баяндама жобасы ұсыныстар мен ескертулерді алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға қайтадан келісу үшін жіберіледі.

30. Мүдделі мемлекеттік органдар бес күнтізбелік күн ішінде өңделген Ұлттық баяндама жобасын келіседі.

31. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Ұлттық баяндама уәкілетті органның интернет ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде 31 желтоқсанға дейін жарияланады.

Қазақстан Республикасының

табиғи ресурстарын пайдалану

және қоршаған ортаның жай-күйі

туралы ұлттық баяндаманы

әзірлеу ережелеріне

1- қосымша



Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары бойынша экологиялық көрсеткіштер


№ 

Атауы

Бірлігі

жылдар










1.

Негізгі ластағыш заттар шығарындыларының абсолюттік мәндері

1)

Күкірт диоксиді, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










2)

Азот оксидтері, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










3)

Метанемес ұшпалы органикалық қосылыстар, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










4)

Аммиак, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










5)

Көміртегі оксиді, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










6)

Көмірсутектер, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










7)

Өлшемелі бөлшектердің жалпы құрамы (шаң шығарындысы, қатты) оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

1000 т/жыл













оның ішінде:

 













күйе

1000 т/жыл













тақта тас күлі

1000 т/жыл










8)

құрамында 35-40% кальций оксиді бар көмір күлі, оның ішінде

1000 т/жыл













тұрақты көздер

%










 2.

Басқа да ластаушы заттар шығарындыларының абсолюттік мәндері

1)

Қорғасын

т/жыл










2)

Кадмий

т/жыл










3)

Сынап

т/жыл










4)

Мыс

т/жыл










5)

Мышьяк

т/жыл










6)

Толуол

т/жыл










7)

Бенз(а)пирен

т/жыл










8)

Нафталин

т/жыл










9)

Дихлорэтан

т/жыл










10)

Ацетон

т/жыл










 3.

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі ластаушы заттардың шығарындылары

1)

Халық

млн. адам










2)

Күкірт диоксиді

кг/адам










3)

Азот оксидтері

кг/адам










4)

Метанемес ұшпалы органикалық қосылыстар

кг/адам










5)

Аммиак

кг/адам










6)

Көміртегі оксиді

кг/адам










7)

Көмірсутектер

кг/адам










8)

Өлшемелі бөлшектердің жалпы құрамы (шаң шығарындысы, қатты) оның ішінде

кг/адам










4. 

Алаң бірлігіне шаққандағы негізгі ластаушы заттардың шығарындылары

1)

Елдің алаңы

1000 км²










2)

Күкірт диоксиді

т/км²










3)

Азот оксидтері

т/км²










4)

Метанемес ұшпалы органикалық қосылыстар

т/км²










5)

Аммиак

т/км²










6)

Көміртегі оксиді

т/км²










7)

Көмірсутектер

т/км²










8)

Өлшемелі бөлшектердің жалпы құрамы

т/км²










5. 

ЖІӨ* бірлігіне шаққандағы негізгі ластаушы заттардың шығарындылары

1)

2005 жылғы тұрақты бағалардағы ЖІӨ (СҚТ) **

млрд. халықаралық доллар










2)

Күкірт диоксиді

кг/1000 доллар










3)

Азот оксидтері

кг/1000 доллар










4)

Метанемес ұшпалы органикалық қосылыстар

кг/1000 доллар










5)

Аммиак

кг/1000 доллар










6)

Көміртегі оксиді

кг/1000 доллар










7)

Көмірсутектер

кг/1000 доллар










8)

Өлшемелі бөлшектердің жалпы құрамы

кг/1000 доллар











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет