Ќазаќстан республикасыныѕ



бет11/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларды) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік.
Өндірістік тәуекел – тапсырыс берушімен контракт немесе келісімшарт бойынша кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығы, тауарлар мен қызметтерді өткізудегі тәуекелдер, баға саясатындағы қателіктер, банкроттық тәуекелі.
Өнімнің бәсекеқабілеттілігібұл өнімнің бәсекелес-ұқсас өніммен салыстырғанда, қарастырылған мерзімдік кезеңде аталған, нарықтың талаптарына сай келу деген қабілеті.
Өнімнің өмірлік циклы бұйымның алуан түрлі бес өмірлік циклының қатар жүруі: жасап шығару, өндіріс, нарыққа шығу, өсу, нарықтың толуы және моральды ескіру.
Өнім сапасы адам мен қоғамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген қабілетін анықтайтын, еңбек өнімінің пайдалы тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы.

П


Патент – мемлекет жеке адамға (кәсіпорынға) беретін және оның өнертабысы белгіленген мерзім бойына ерекше пайдалану құқығының мойындалуын қамтамасыз ететін құжат.
Процудентөнім өндіруші, белгілі бір тауарды өндірумен айналысатын ел.
Пул – барлық қатысушылардың пайдасы ортақ қорға түсіп, кейіннен олардың арасында күні бұрын белгіленген үйлесімділікке сәйкес бөлінумен ерекшеленетін картельдердің ерекше түрі.
Р


Райтер – негізгі бағалы қағазды опционның уәделескен бағасы бойынша сату немесе сатып алу міндеттемесін өз мойнына алушы адам.
Резервтік валюта – белгілі бір елдің халықаралық саудада басқа бір елдер неғұрлым жиі қолданатын, сондықтан да халықаралық төлем қаражатының сақтық қоры ретінде пайдаланылатын валюта.
С


Санация банкрот қаупі төніп тұрған кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған қаржылық және несиелік іс-шаралар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет