жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат, № 23, 114-құжат, № 24, 126-құжат; 2009 жылғы 11 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың екінші бөлігінде:
«175» деген сандардан кейін «, екінші, үшінші бөліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
«178» деген сандардан кейін «, екінші, үшінші бөліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
«181» деген сандардан кейін «, екінші, үшінші бөліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 67-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.»;
3) 81-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодексте көзделген қылмыстық істі ақтамайтын жағдаймен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған кәмелетке толмағандар Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарға қандай да бір шектеулерге тартылмайды.»;
4) 82-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«3. Осы баптың бірінші бөлігінің б) және г) тармақтарында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасағанда ұзақтығы алты айдан бір жылға дейін, орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанда бір жылдан екі жылға дейін белгіленеді.
4. Кәмелетке толмаған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі орындамаған жағдайда мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша бұл шара жойылады және құжаттар кәмелетке толмағанды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жолданады.»;
5) 96-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы о) тармағымен толықтырылсын:
«о) кәмелеттік жасқа толмағандығы айыпкерге белгілі адамды, -»;
6) 122-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Ата-анасы, педагог не жасы он алтыға толмаған, адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол әрекеттер, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
7) 124-бапта:
екінші абзацта «дәл сол» деген сөздер «үш жылдан бес жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Ата-анасы, педагог не жасы он төртке толмаған, адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол әрекеттер, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
8) 132-баптың бірінші бөлігінде «не жезөкшелiкпен,» деген сөздер алынып тасталсын;
9) 270-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген кәмелетке толмағанға қатысты жасалған әрекеттер, -
бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
10) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:
«273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасауы және айналымы
1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу, жасау, сақтау, тарату, жария көрсету, жарнамалау, сондай-ақ жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларға қатысу үшін орындаушылар ретінде кәмелетке толмағанды тартуы, -
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) ата-анасы, педагог не жасы кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған;
б) жасы он төрте толмағандығы белгілі адамға қатысты;
в) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса, -
бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 жылғы 11 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 37-баптың бірінші бөлігін мынадай мазмұндағы 13) тармақпен толықтырлсын;
«13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жататын адамға қатысты.»
2) 38-баптың бірінші бөлігінде:
«жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотталушы мен зардап шегуші бітімге келуіне байланысты кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.»;
3) 491-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты ол аса ауыр немесе ауыр қылмыс жасаған кезде ғана қолданылуы мүмкiн.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; №5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; №15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; №13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар):
1) 76-бап мынадай мазұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзімінің ұзақтығы бір айдан үш айға дейін белгіленеді.
5. Кәмелетке толмаған тәрбиелік ықпал ету шараларын жүйелі орындамаған жағдайда мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша бұл шара жойылады және материалдар кәмелетке толмағанды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін жолданады.»;
2) 111-бапта:
бірінші бөлікте «ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан беске дейiнгi» деген сөздер «он айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан онға дейiнгi» деген сөздер «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 115-баптың бірінші бөлігінде «айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 115-1-баппен толықтырылсын:
«115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық сипаттағы
материалдарды сату
1. Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату, -
эротикалық сипаттағы өнімді тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық сипаттағы өнімді тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 336-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді жасы он алтыға дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса, -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептiк көрсеткiшке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 541-баптың 1-1-бөлігінің 2) тарақшасында:
«115,» деген сандардан кейін «115-1,» деген сандармен толықтырылсын;
«327 (екінші бөлігінде)» деген сздерден кейін «336 (1-1-бөлігінде) деген сөздермен толықтырылсын;
7) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында:
«336 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «336 (1-1 және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат):
14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтарылсын:
«Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуға тыйым салынады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
16-баптың төртінші тармағының бірінші абзацы «қауіпті жұмыстарға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен адамгершілік дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау және сату)» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 67-құжат):
19-баптың бірінші тармағының 5) тарақшасында «жасаған» деген сөзден кейін «, әкімшілік жауаптылықтан босатылған немесе тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатылған;» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |