Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
(ақпараттық материал)
1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда
- базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;
- тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын қаржыландыру арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы – 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы – 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.
- жинақтаушы жүйені енгізу және қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі жинақталды;
- азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183,2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40 асады.
Келешекте ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын болады (азаматтардың 1.01.1998 ж. дейін жинақталған еңбек стажы азаюына байланысты). Бұл азаю жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен өтелетін болады деп көзделген.
Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ қызмет етпеуі зейнетақымен қамсыздандырудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 каңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
Қазіргі кезде ҚР базалық , міндетті және ерікті деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қызмет етеді.
Базалық деңгейде зейнеткер жасына жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж. дейін) және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқанын ескере отырып) базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) төленеді. Ол еңбек стажына және бұрын алған табысына қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді.
Анықтама үшін: 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЗТ алатындардың саны 1813 мың адам, оның шамамен 830 мыңы – ынтымақты зейнетақымен қамсыздандыру, 1 млн. адам – аралас (ынтымақты және жинақтаушы) зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысушы. БЗТ мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейіне қарай белгіленеді және ағымдағы жылы 9 330 теңгені немесе ЕТКД 50% құрайды.
Міндетті деңгейде зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек) зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен кезде (1998 ж.) еліміздің азаматтары үшін оларда 01.01.1998 ж. жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек стажы және 1995 жылдан бастап қатарынан кез-келген 3 жыл үшін жалақысы болған кезде бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшін міндетті еңбек стажы әйелдер үшін 20 жылды және ерлер үшін 25 жылды құрайды.
Зейнетке шығар кезде еңбек өтілі болып, бірақ белгілі бір себептермен табысы туралы мәліметтерді тапсыра алмаған жағдайда ең төмен зейнетақы тағайындалады (ағымдағы жылы 19 066 теңге).
2013 жылы орташа зейнетақы мөлшері (1 наурыздағы жағдай бойынша) 32 582 теңгені, БЗТ ескере отырып – 41 912 құрайды.
Белгіленген жағдайларға қарай ынтымақты зейнетақыны тағайындау және төлеу шамамен 2043 жылға дейін сақталады.
Алайда, әйелдер үшін 2018 жылдан бастап, ерлер үшін 2023 жылдан бастап зейнетақыны есептеуге ұсынылатын еңбек өтілінің қысқаруына байланысты зейнетақы толық емес және үнемі азайып отыратын мөлшерде тағайындалатын болады.
Анықтама үшін: ынтымақты зейнетақы 2012 жылы тағайындалған ынтымақты зейнетақы алушылардың саны 104 мың адамды құрады. Оның ішінде 91,2 мың адамға зейнетақы толық мөлшерде, ал 12,7 мың адамға (жалпы санынан 12% ) толық емес мөлшерде тағайындалған.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (ЖЗҚ) төленетін жинақталған зейнетақы жалақыдан 10% мөлшерде міндетті зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына төленеді.
Зейнетақы жинақтарының мөлшері зейнетке шыққаннан кейін 18 жыл ішінде (халықаралық стандарт) зейнетақы төлемдері ең төмен мөлшерде зейнетақы төлеуге жететін болса, әйелдер 50 жаста, ал ерлер 55 жаста зейнетақы алуға құқылы.
Егер жинақтың мөлшері аз болса, жинақтау жүйесінің қатысушылары өздерінің жинақтарын аннуитет (сақтандыру) компаниясына ауыстырумен зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Зейнетақы аннуитетінің иесіне зейнеткер қайтыс болған жағдайда мирасқорлық құқығынсыз ең төмен зейнетақы мөлшерінде өмірлік зейнетақыға кепілдік беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру компаниясынан (аннуитет бойынша) төленетін төлемдер арасындағы айырмашылық ЖЗҚ төленетін төлемдер мирасқорлық құқығын бере отырып, сол құқық аяқталғанға дейін, ал екінші жағдайда – өмір бойы мирасқорлық құқығынсыз жүзеге асырылуынан тұрады.
Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері 376 мың теңгені құрайды. Зейнетақы төлемдері орташа 4 000 теңге мөлшерімен (тұтастай экономика бойынша орташа айлық жалақыдан 4%- ға) шамамен 901 мың зейнеткерге төленді.
Сарапшылардың есебі бойынша кемінде 30 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі болған және зейнетақы жарналарын тұрақты аударған (жылына 12 рет) кезде барабар зейнетақы (жалақыдан кемінде 40% мөлшерде) алуға болады. Осындай стандарттармен салыстырғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін бұрынғы төлемдер аз, бұл екі түрлі себеппен:
жүйенің сәйкесінше «жас» болуы (оған небары 15-ақ жыл) және
зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыстылығының төмен болуымен түсіндіріледі.
Бірінші себепке келетін болсақ, онда уақыт жүйені «кемелділікке» әкеледі, екінші кедергі күрделілеу және ол сақталған жағдайда, осылайша болашақ зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне теріс әсер ететін болады.
Басқаша айтқанда – зейнетақы активтерін тиімді орналастыру және олардың табыстылығын арттыруға қажетті жағдайлар жасау есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру – уақыт еншісінде.
IІ. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту бір жағынан, осы өткен 15 жыл ішінде елдің әлеуметтік экономикалық өркендуі
екінші жағынан – азаматтардың 1 қаңтар 1998 жылға дейінгі еңбек өтілімінің кемуіне байланысты ынтымақты зейнетақы жүйесінен (мемлекеттен) берілетін зейнетақының көлемінің азаюы.
Макроэкономикалық жағдай
Жұмыспен қамту серпінділігі, оның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Егер 1998 жылы халықты жұмыспен қамту деңгейі экономикалық белсенді халықтың 86,9%-ың құраса, бүгінде ол 94,7%-ға тең, ал жұмыспен қамтылған халық саны осы кезеңде 2,4 млн. артты және 8,5 млн. адамды құрайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың табысы да артты. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы экономика бойынша соңғы 15 жылда 8 есеге артты және ағымдағы жылғы ақпанда 98 736 теңгені құрады.
Егер, 2001 жылға қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шамамен 3 млн. жұмыспен қамтылған адам қатысқан болса, олардың ЖЗҚ-ғы зейнетақы аударымдары 53 млрд. теңгені құраса, ал 2012 жылы белсенді қатысушылардың саны 5,7 млн. адамға, зейнетақы аударымдары 507 млрд. теңгеге жетті.
Қазіргі уақытта міндетті зейнетақы жүйесіне (МЗЖ) өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың 50% жуығы қатысып отыр.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 3,2 трлн. теңгені құрады, алайда, зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері бір қатысушыға небәрі 376 мың теңге.
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің енгізілгеніне 20 жыл толады. Осы уақытта зейнеткер жасына жеткен зейнетақы жүйесінің қатысушылары олардың жүйеге қатысу өтіліне және зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған табыстарына сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар. Осы орайда, 20 жаста ЖЗҚ-дан төленетін жаңа зейнетақы төлемдеріне қатысу өтілі болған кезде толық ынтымақты зейнетақы тағайындау тәртібі қолданатын саралау инерциясы да сақталады.
Өкінішке орай, ЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің деңгейі ағымдағы жылдың басында экономика бойынша орташа айлық жалақының (ОАЖ) шамамен 4%-ын ғана құрады. Қалыптасқан жағдайдың себептері зейнетақы жүйесінің айтарлықтай жетілдірілмеуі шеңберінен шығады.
Бұрынғы табыстарды алмастырудың осынша төмен деңгейі, көп жағдайда қор нарығының дамымауына және зейнетақы активтерінің тиімді инвестициялау мүмкіндіктерінің шектелуіне негізделген.
Бүгінгі таңда қор нарығы зейнетақы активтері өспелі ағымын тиімді орналастыруға және қабылдауға дайын емес болып шықты (жыл сайынғы МЗЖ сомасы шамамен 2,5 млрд. АҚШ $ құрайды).
Зейнетақы активтерінің 45,3 % мемлекеттік құнды қағаздарға салынып отыр соның нәтижесінде инвестициялқ табыс инфляция деңгейімен салыстырғанда едәуір төмен.
Анықтама үшін: Латын Америкасы елдерінде (Чили, Бразилия, Аргентина) ЖЗЖ қызмет еткен алғашқы жылдары салушылардың зейнетақы активтері инфрақұрылымдық жобаларда – аэропорттар, автокөлік және темір жолдар, теңіз порттарын салуға инвестицияланды, 10-15 жыл ішінде олардың құнының орны толтырылды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесін аяқтауға қатысты
Ол уақытқа дейін зейнеткер болғандарға және зейнеткер жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі бар (кемінде 6 ай) адамдар үшін ЖЗЖ-ға қалыпты көшуді қамтамасыз ету үшін ынтымақты жүйе сақталғанын атап өткен жөн.
Бұл ретте толық зейнетақы тағайындау үшін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл міндетті еңбек өтілі белгіленді.
1998 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы 930 мың адамға (зейнеткерлердің жалпы санынан 53%) тағайындалды, олардың 95% толық еңбек өтілінің бар екенін растады, 5% толық емес еңбек өтілі бар. Соңғы жылдары толық емес еңбек өтілі бар зейнеткерлер санының артқаны байқалады: мәселен 2006 жылмен салыстырғанда жаңадан қосылған зейнеткерлердің жалпы санындағы олардың үлес салмағы екі еседен артық артты: айтар болсақ 5%-дан 12%-ға дейін.
Ынтымақты зейнетақы мөлшерінің кемуі 2018 жылға дейін білінер-білінбес болады, одан кейін зейнеткер жасына жеткен барлық адамдарда толық ынтымақты зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілінің болуымен байланысты ол өте елеулі болады.
Қазіргі уақытта ынтымақты зейнетақының кемуі болжанған жинақталған зейнетақымен емес, көбінесе базалық зейнетақымен өтеледі.
ІІІ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері:
-
Зейнетақы төлемдерін еліміздегі өмір сүру деңгейіне сәйкес өсуін қамтамасыз ету.
-
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты және жинақтаушы, және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.
Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылауға салынады және ашық түрде пікірталас жүргізіледі.
Алдағы өзгерістер тұрғындар мен зейнеткерлердің қандай топтарына бағытталатын болады?
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі барлық және әрбір адамға қатыстытылығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, болашақ зейнеткерлерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздарға, әскерилер және т.б.
Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекеттің, жұмыс берушінің және тікелей азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша қажетті жауапкершілігін көтеруді көздейді.
Жаңғыртуда қолданылатын жаңа тәсілдердің ерекшеліктері өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға; жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленді.
Зейнетақы жүйесін дамытуға жауапты мемлекеттік органдар
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау және заңға енгізілген түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа өзгертулердің енгізілуін бақылауды әзірлеу бөлігіне жауап берін болады.
ҚР президентінің жанындағы кеңес (ҚР Үкіметінің, ХБ өкілдері, қаржылық нарық қатысушылары мен тәуелсіз сарапшылар) – инвестициялық стратегиялар және инвестициялауға арналған тиімді құралдарды таңдап алу жөнінде ұсынымдар әзірлеу саласында жұмыс жүргізеді.
ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың инвестициялық стратегияларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыратын болады.
Жаңғырту бағыттары
ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы аясында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру қарастырылған.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссиясымен талқылауға төмендегідей мәселелер енгізілді:
-
тұрғындарға ЖЗЖ-нің қызмет көрсету қамтуын кеңейту;
-
зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдік жүйесін өзгерту;
-
зейнетақы жасын біріздендіру;
-
еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйеге өтуі.
Достарыңызбен бөлісу: |