Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер
Орындаған: Мамырхан А.
Факультет: МПІ-1001
Тексерген: Әли М.Т.
Қарағанды 2023
Жаһандану — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.
Глобальді ( латынның глобус – жер деген сөзінен шыққан ) жер шарын қамтитын , жалпы әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау , айналадағы ортаны экологиялық апаттардан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД жатады. Бүгінгі таңда осы және көптеген мәселелер тек бір ғана мемлекет немесе бір ғана құрлықты ғана емес, бүкіл әлемді дүрліктіріп отыр. Қазіргі әлем елдері алдында тұрған глобальді мәселелерді төрт топқа жіктеуге болады :
1. Әлеуметтік – саяси сипаттағы мәселелер: ядролық соғыстың алдын алу, жаппай қарулануды тоқтату; аймақтық, мемлекетаралық және ұлтаралық конфликттерді бейбіт жолмен шешу; халықтар арасындағы өзара сенім принциптеріне сүйене отырып жалпыға бірдей қауіпсіздікті сақтау.
2. Әлеуметтік – экономикалық сипаттағы мәселелер: жалпы қоғамдық шаруашылықтың және мәдениеттің дамуы жағынан артта қалушылықты жою; дүниежүзілік айналымдағы товарларды өндіру мен қайта өндірудегі тиімділікті қамтамасыз ету; энергия көздеріндегі, шикі зат пен сауда-саттықтағы дағдарыстарды шешудің жолдарын іздеудің демографиялық жағдайды жандандыру әсіресе дамушы елдерде.
3.Әлеуметтік – экологиялық мәселелер: табиғи ортаның нашарлануына жол бермеу; атмосфераның газ қабаттарын жақсартуға шаралар қолдану; тірі және өлі табиғаттың үйлесімді дамуына жағдай жасау; планета жүйесінің табиғи потенциалын үнемі пайдалану т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |